-->

ЭКСПО-2017: Австрия павильоны таныстырылды

Халықаралық көрмеге қатысушы Австрия 870 шаршы метрге өз павильонын орналастырады. Адамдардың өзі  іске қосатын павильон техникалық музей іспетті. Энергияны қарапайым тілмен түсіндіру үшін оған түрлі ойын түрлерін қосқан.

02

«ВWM» сәулетшілері жеңіп алған жоба «Авс­трия­лық қуат машинасы» деп аталады. Көрмеге келген жұрт түрлі қон­дыр­ғылар мен меха­низм­дерді қосу ар­қылы таныса алады. Бір қарағанда тұтас шығар­машылық табыс. Өйткені безендірілуінің өзі әртүрлі жастағы адамдарды өзіне баурап алады. Соңғы инновациялар мен ноу-хау технологиялар арқылы көпші­ліктің есінде көпке дейін қал­мақ. Павильон ішінде жүре­тін қыз­меткер­лер сәнді киім кимекші. Веналық жас дизай­нер Пиа Бауернбергер ұлттық элементтері бар сәнді костюм дайындап қойған екен.

«Құрылыста қолтаңбамыз бар…»
– Австрия елі көрмеге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Бұл салада тәжі­рибеміз бай. 14 маусым күні Ұлттық күнімізді атап өтеміз. Ауқымды шара аясында эконо­мика­лық және мәдени жетіс­тік­терімізді паш ететін боламыз. Айт­пақшы, Қа­зақстан павильоны орна­ласқан болаттан жасал­ған алып шардың құры­лысында біздің елдің қол­таңбасы бар. Нақты айт­қанда, Австралияның «Ertex Solar» компания­сы осы сфера үшін 380 күн бойы сәулелік панель жасады. Соның арқасында көр­менің басты ғимараты жарықтан­дырылды, – дейді Австрия елшілігінің консулы Зиглинде Шпанланг.
Оның айтуынша, екі ел ара­сындағы экономикалық және достық қарым-қатынас түзу жолға қойылған.
«Мәселен, ішкі сауда айналымы туралы айтсам, 2016 жылдың үш тоқсанында Қазақстаннан Австрияға 409,0 млн еуроның тауар айналымы тіркелді. Сол сияқты экспортымыз 180,1 млн еуроға тең» дейді консул.
Айта кетейік, Ұлттық павильон кезінде Австрия эко­но­ми­калық және туристік байланыс­тарды дамыту үшін В2В форматында кездесулер өткізеді.
Ал «Үздік тәжірибелер ай­мағы» контентіне австриялық үш ком­панияның баламалы энергия тақырыбындағы же­тістіктері қойылмақ.
Австрия павильоны жоба­сының авторы – архитектор Йохан Мозер. Өз сөзінде аталмыш жоба қуатты үнемдеудің мүмкіндіктерін барынша көрсетеді дейді.
«Әрбір келушінің назарын аудартпай қоймайтын машина Австрияның шығармашылық бейнесін танытады. «Иннова­ция­лар қабырғасы» тұрғын­дарды энергия аясындағы бола­шақ мәселелерді шешуге өз үлесін қосуға үндейді, сондай-ақ жобалар бойынша ақпарат алуға мүмкіндік бермек» дейді ол.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*