«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Эко-зауыт елорда мектептерін аралайды

0 12

Елордадағы №67 мектеп-гимназияда «Менің өмірлік эко-мектебім» атты жобаның тұсауы кесілді.

– Аталған жоба балаларды жылу және электр энергиясы, су секілді табиғи ресурстарды үнемдеуге, қоқысты сұрыптауға немесе қайта кәдеге жаратуға бағытталған дағдыларға үйретеді. Бүкіл оқу жылы бойы шәкірттерді осындай игі іске ынталандыру үшін байқаулар ұйымдастырылады, – дейді іс-шара барысында сөз алған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің департамент директоры Әлия Шалабекова.
Жиын барысында қатты қалдықтарды өңдеуге арналған «EcoTruck» жылжымалы зауыты да көпшілікке таныстырылды. «Ресайклинг и К» компаниясы ойлап тапқан бұл көліктің ішінде қоқысты бөлек жинауға арналған контейнер мен күніне 5-6 тонна пластикті ұсақтауға қауқарлы аппарат бар. Оның көмегімен пластик қалдықтар үгітіліп, кейін оларды қайта өңдеуге жібереді. Сондай-ақ жылжымалы зауыттың ішінде пластикті қайта өңдеу процесін көрсететін станоктар да орналас­тырылған.
«EcoTruck» көлігі қарашаның соңына дейін елордадағы 26 мектепті аралайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды