«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Екі пәтерді біріктіру жобасын қалай заңдастыруға болады?

0 17

Бұл ретте қандай да бір құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастамас бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасынан рұқсат алу керек. Ол 15 жұмыс күні ішінде беріледі. Рұқсат етілмеген жағдайда азаматқа бұл туралы бес жұмыс күні ішінде хабарланады.

1.ҚАДАМ

Халыққа қызмет көрсету орталығына барыңыз. «Құрылыс және қайта жаңарту жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты үй-жайларды, қолданыстағы ғимараттардың жекелеген бөліктерін қайта жоспарлау, қайта жабдықтау») мемлекеттік қызметі стандартының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды және техникалық шарттарды ұсыну туралы өтінішті (2-стандарт) толтырыңыз.
Өзіңізбен бірге мына құжаттар болуы тиіс:
• жеке басты куәландыратын құжат;
• пәтер иелерінің (тең меншік иелерінің) белгіленіп отырған өзгеріс пен оның параметрлеріне жазбаша келісімі;
• пәтерлердің техникалық паспорттары;
• болжанып отырған өзгерістер жоспары бар техникалық жоба (оны лицензиясы бар жеке жобалаушылар жасайды).
Егер жоспарлауды өзгерту жөніндегі жобалық шешім құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келсе, қабылданған құжаттар бекітілген тізбеге сәйкес келсе, сәулет басқармасы шешім дайындайды. Шешім шығару Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады.

2.ҚАДАМ

2-стандарт шеңберінде берілген шешім туралы Қалалық ортаның сапасы және бақылау басқармасына (құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталуы туралы) хабарлау қажет.

3.ҚАДАМ

Біріктірілген пәтердің жаңа техникалық паспортына тапсырыс беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Өзіңізбен бірге мына құжаттарды апарыңыз:
• көрсетілетін қызметті алушының немесе оның уәкілетті өкілінің жеке куәлігі;
• көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
• жылжымайтын мүлік нысанына құқық белгілейтін құжаттар;
• қолда бар техникалық паспорттың және/немесе жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының қосымшасымен қоса берілген шешім;
• төлемді (2465 теңге) растайтын құжат.

4.ҚАДАМ

Техникалық паспортты алғаннан кейін пайдалануға беру актісін рәсімдеңіз. Актілер нысандарын www.saulet.astana.kz сайтынан көре аласыз.

5.ҚАДАМ

Халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеу үшін аталған мекемеге барып, пайдалануға беру актісін (2 дана), өзгертулері бар техникалық паспортты, куәліктің түпнұсқасын үш күнге тапсырыңыз. Төлем сомасы – 530 теңге.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды