Пятница, 22 Сентябрь 2017
-->

ЕКІ БУЫН ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың төрағалығымен елорданың зиялы қауым өкілдері мен жастардың басқосуы өтті. Қала әкімі орынбасары алдағы жылдың еншісіндегі атаулы даталарға тоқталды.

Астананың 20 жылдық мерейтойына әзірлік барысында жазушылар Төлен Әбдік, Алдан Смайыл, Өмірзақ Озғанбаев сияқты қоғам қайраткерлерінің пікірлерін тыңдағанды жөн деп тапқанын айтты. Жиынға келген жастардың да сөзін тыңдап, ел­ордада өтіп жатқан шараларға астаналық өрендердің белсенділігін бағаламақ ниетін де білдірді.

– Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғаушы күш ретінде тұтас қоғамның, әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыты атап көрсетілді. Осы бағытта аумақтарда түрлі жұмыстар атқарылуда. Тек Астананың өзінде бірнеше мәдени ескерткіштер сараланып отыр. Осы нысандардың жастардың тәрбиесіне ықпалды етіп, туристік кластердің санатына кіргізу қажеттілігін қарауымыз керек, – деді әкім орынбасары.

Жасы үлкен ағаларының алдында сөз алған қалалық Жастар саясаты басқармасының басшысы Асхат Оралұлы 200 мыңнан аса елорда жастарының тыныс-тіршілігінен хабардар етті. Қаладағы 14 жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттер, колледж-лицейлер мен орта білім ордаларындағы жастарды жұмылдыруға арналған жобалар жүйесімен таныстырды. Түрлі мәдени-әлеуметтік шараларға жұмысшы жастарды тартумен бірге, жұмыссыз жүргендер үшін да қарекет жасап жатқандарын жеткізді.

Айгүл УАЙСОВА

Print Friendly, PDF & Email
PDF24    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*