«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Е-қылмыстық іс» жобасы жүзеге асырылуда

0 38

Қазақстанның Бас прокуратурасы екі жылдан бері басқа да құқық қорғау органдарымен бірге «Электронды қылмыстық іс» жобасын жүзеге асырып келеді. Тұңғыш Президент, Елбасы тарапынан қолдау тапқан бұл бастама «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына да енгізілді.

Біздің алдымызға қойған мақсатымыз – құқықбұзушылықтың тіркелген сәтінен бастап сот шешімі шыққанға дейінгі аралықта барлық қылмыстық сот ісін жүргізуді, кейін үкімді орындауды да элекронды форматқа көшіру. Ол үшін бізде қажетті ресурстардың барлығы бар. Осыған орай біз сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі негізінде жұмыс істей бастадық.

Модулі әзірленіп, 2018 жылдың қаңтарынан бастап құқыққорғау органдары істерді электронды форматта тергеуге кірісті.

Осы мақсатта қылмыстық-процестік заңнамаларға тиісті өзгертулер енгізілді (қылмыстық процесті жүргізуші адам қылмыстық сот ісін өз қалауы бойынша электрондық форматта жүргізе алады, ол туралы уәжді қаулы шығарылады), құқыққорғау органдары арасында цифрландырудың кезеңдері айқындалған бірлескен бұйрық шығарылды.

2018 жылы теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша істер тергеле басталды, ал ағымдағы  жылдан бастап ауырлығы орташа қылмыстарды тергеу қолға алынды. 2021 жылдың соңына дейін қылмыстың барлық санаттары бойынша автоматтандырылған тергеуді іске асыру жоспарланып отыр.

Енгізіліп отырған жобаның тиімділігіне барлық құқыққорғау органдары оң бағасын беруде. 2018 жылдың бірінші тоқсанында барлығы 0,9 % іс тергелсе, жыл соңында бұл көрсеткіш 4,6 % жетті.

 Қылмыстың санаттары бойынша тергелген электронды істердің үлесі теріс қылықтар бойынша – 40%, онша ауыр емес қылмыстар бойынша – 19% және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша 11% құрады.

 Жобаны енгізу сотқа дейінгі тергеу органдарының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар қылмыстық процеске қатысушыларға да бірқатар оң мүмкіндіктер туғызды. Сот өндірісінің ашықтығы қамтамасыз етілді, материалдарды фальсификациялаудың қаупі азайып, тергеу мерзімдері қысқарды. Адвокаттар мен процеске қатысушылар үшін «Қоғамдық сектор» ақпараттық порталы іске қосылды, оның көмегімен онлайн режимде процестік құжаттардың көшірмелерін алуға, өтініштер, қолдаухаттар  беруге, олардың жауаптарын алуға болады. Бұл тергеушілердің азаматтармен артық беттесулерін жоюға мүмкіндік берді. Бір уақытта ведомстволық бақылау мен прокурорлық қадағалау күшейді.

Электронды форматта жұмыс істеу үшін 9 мыңнан аса құқыққорғау органы қызметкері мен 1,5 мың прокурор оқытылды.

Бақыт ӘБІШЕВ,
Бас прокуратураның Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
төрағасының орынбасары

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды