Четверг, 29 Июнь 2017
-->

ДЖЕКИ ЧАН КЕЛЕ ЖАТЫР

ӘЛЕМДІК КИНЕМАТОГРАФИЯНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ АСТАНАДА ӨТЕТІН ҚЫТАЙ КИНОСЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСЫП, КӨРЕРМЕНДЕРГЕ «КУНГ-ФУ ЙОГА» АТТЫ ФИЛЬМІН ТАРТУ ЕТПЕК.
Джеки Чан 1954 жылы Гонконг қаласында кедей отбасында дүние­ге келген екен. 1971 жылы Қытай жабық драма академиясын бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған қайтпас қайсар әртіс актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай қатерге тіккен.
Сонымен қатар Джеки Чан әнші, көптеген киноларындағы әндерді өзі орындаған, 80-жылдардан бастап қазіргі күнге дейін 20 альбомды әндер жинағын шығарған. Өткен жылы Джеки Чан кинематографқа қосқан зор үлесі үшін «Оскар» сыйлығын алған.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы ұйымдастырып отырған 7-18 маусым аралығында өтетін Қытай киносы фестивалі күндері елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

Айгүл
УАЙСОВА

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*