-->

Думанды дала дауысы

«Қазмедиа орталығының»  кино­концерт залында Қазақ радиосының халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің гала-концерті өтті. Еліміздің және түркітілдес елдердің 130-дан астам дүлдүлдерінің қатысуымен жеті айға созылған байқау өзінің мәресіне жетті. Осы уақыт ішінде тыңдармандардың мейлінше көп дауысына ие болған жиырма бес әнші бұл халықаралық бәйгенің жеңімпазы атанып, арнайы сый-сияпатқа ие болды.

«Дәстүрлі ән» және «Эс­традалық ән» аталымдары бойынша Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина, Досымжан Таңатаров, Ж­ұбаныш Жексенұлы, Гүл­нұр Оразымбетова секілді таны­мал әншілер жеңімпаз атанды. Ал, Қытайдан келген қандастарымыз ежелгі қазақ әндерін тамылжыта орындаса, түркиялық дуэт «Са­ры­ала қаз» халық әнімен көп­шілік құрметіне бөленді. Кәріс жігіттерінен құралған квар­тет қазақ әнін нақышына келтіре шырқады. Бұл байқау, түп­теп келгенде, бұқаралық ақ­парат құралдары ішіндегі байырғы да қарапайым, же­дел де қолжетімді түрі са­налатын радионың тек өткір сөз бен ұшқыр ойдың ға­на емес, сонымен қатар әсем әнімен де тұңғиықта то­лықсып жатқан сезімдерді оятып, халықтың жігерін жанып, рухын көтеретін думанды хабарлардың арнасы екендігін көрсетіп берді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың құттықтау сөзін жеткізген Ақпарат және мұрағат комитеті төраға­сының орынбасары Қуат Бораш та бай­қаудың маңыздылығына тоқталды.

«Дала дауысы» халық­­аралық бай­қауы­ның жеңім­паздарын марапат­тауға Парламент депутаттары, өнер қайрат­керлері, мәртебелі шетелдік қонақ­тар, бизнес өкіл­дері және Бас редакторлар клубы да қатысты.

Хамит ЕСАМАН

 

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*