Пятница, 28 Июль 2017
-->

Додада достық жеңді

Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Спорт – ұлт денсаулығы» деген ұранмен шағын футболдан турнир ұйымдастырды.

432432432

Жолдастық кездесу жастар ара­сындағы достық пен бауырмал­дықты нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өт­кізілді. Жарыста 9 этномәдени бір­лестік спорттық мүмкіндіктерін көрсетті. Атап айтсақ, дүнген, татар, күрд, неміс, беларус, тәжік, ұйғыр және өзбек орталығынан екі топ футбол алаңына шықты. Осылайша, жарыста, жалпы есеппен алғанда, 20-28 жас аралығындағы 90 ойыншы төбе көрсетті.Қызу жарыста «Астана-Саманион» құрамасы үшінші орынды қанағат тұтты. Екінші орын «Радимаға» бұйыр­ды, ал «Пойтахт» құрамасы жеңіске қол жеткізді. Жарыста үздік ойыншылар да үкіленді. Жеңімпаздарға кубок табыс­талып, үздіктерге медаль мен диплом берілді.Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгеру­шісі Ләззат Құсайынова жарысты қорытындылады.

– Бүгінгі жарыста достық жеңді. Бұл біз ұйымдастырып жатқан соңғы жолдастық кездесу емес. Осындай турнирлерді жылдың аяғына дейін тағы да өткізуді жоспарлап отырмыз. Футбол десе ішер асын жерге қоятын барлық жастарды келесі ойынға қатысуға шақырамыз, – деді ол.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*