«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Дода алдындағы дүрмектер

Мундиаль - 2018

0 42

Чемпионаттың басталуына бірнеше күн қалғанда, оған қатысушы елдердің бірқатары өз шамаларын соңғы рет байқау үшін жолдастық кездесулер өткізді.

Алдымен Ресей Түркия құрамасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең ойнады. Бұдан кейін Германия Сауд Арабиясымен күш сынасып, 2:1 етіп ұтты. Франция мен АҚШ (1:1), Швеция мен Перу (0:0) араларындағы матчтар ешкімнің артықшылығын білдірмеді. Испания Тунисті, Мексика Шотландияны 1:0 етіп тізе бүктірді. Ал Англия Коста-Рикадан 2:0 есебімен басым түсті.
Бұл күндері ерлеген Сербия құрамасы болды. Ол Боливияны 5:1 етіп талқандап шықты. Сол сияқты Бельгия Египетті, Португалия Алжирді 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды