Пятница, 22 Сентябрь 2017
-->

ДИМАШТЫ ҚОЛДАДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елордадағы Қазақ ұлттық өнер университеті «Мен әншімін» конкурсының шешуші бәсекесіне қатысып жатқан Димаш Құдайбергенді қолдап, флешмоб өткізді. Оған аталған оқу ордасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

34

иылғы қаңтарда басталған Қытай еліндегі «Мен әншімін» байқауының соңғы мәресі де жақындады. Сол конкурстың жұлдызына айналған Димаш Құдайберген бауырымыз барлық кезеңнен сәтті өтіп, енді финалда бақ сынамақ. «Баласы бәйгеге шапса, атасы үйде отырып тақымын қысатын» халықтың ұрпағымыз. Барлық қазақ Димашқа жанкүйер болып отыр. Жас дарынға қолдау білдіруге көптеген жастар жиналды. Олар қолдарына «Димаш, алға!» деген жазуы бар плакаттар ұстап, алыста жүрген өнерпазға ыстық ықыластарын жеткізді.

«Еліміздің абыройын асқақтатып жүрген Димашқа табыс тілеймін. Қазақстанның атын әлем сахналарында таныта беруіне тілектеспіз» дейді Қазақ ұлттық өнер университетінің проректоры Тұрар Әліпбаев. Ал белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Майра Ілиясова: «Қытайда халық көп. Шешуші кезеңде не болатынын нақты болжай алмаймын. Дегенмен Димаш байқауға қатысқаннан бастап өзін жақсы көрсетіп, өнерімен әлемге танылды. Ақ жол тілеймін!» деп ізгі ниетін білдірді. Димаштың достары да ақжарма тілектерін айтты.

Айта кетейік, 15 сәуірде Қазақстан уақытымен сағат 22.00-де «Хабар» телеарнасы Қытайда өтіп жатқан «Мен әншімін» конкурсының финалын жұртшылыққа ұсынады. Сонымен бірге, финалды телевизиялық трансляциямен қатар, Алматыдағы «Mega Alma-Ata» мен Астанадағы «Mega Silk Way» сауда орталығында көрсетеді деп күтілуде.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Print Friendly, PDF & Email
ru.pdf24.org    Отправить статью как PDF   

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*