«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Димаштан – астанаға «Арнау»

0 64

Бүгінде бүкіл әлем көз тігіп отырған қазақтың жезтаңдай, күміс көмей әншісі Димаш Құдайберген Астанада «Арнау» атты концертін өткізеді. «Жастар жылы» аясында өтетін осы кешке орай жуырда баспасөз конференциясы өтті.

Жиынға әншіден бөлек «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасы Ерлан Қарин мен әншінің продюсері әрі әкесі Қанат Айтбай қатысты.
Алдымен сөз алған телеарна басшысы талантты жастарды қолдауға ылғи да әзір екенін айта келе «Арнау» концерті Астана күніне орайластырылып отырғанын жеткізді. Жоспар бойынша ән кеші 4-5 бөлімнен тұрады. Сол сияқты қазақтың халық әндерінен бөлек отандық және шетелдік композиторлардың шығармалары орындалады. Нақтырақ айтқанда, ағылшын, француз, итальян, қытай, орыс тілдерінде әндер шырқалады.
Ал БАҚ өкілдері жиналған ортаға «Ассалаумағалейкум!» деп кіріп келген Димаш Құдайберген «Арнау» кешінен бөлек, алдағы жоспары мен қазіргі жұмысы жайлы ой бөлісті. «Әнші үшін білікті композиторлармен жұмыс істеу өте маңызды. Осы орайда мансабымда жақсы мамандармен жұмыс істеп жүрмін деп айта аламын. Соңғы уақытта Игорь Крутоймен жақсы музыкалық тандем болып жүрміз. Ол кісі – Паваротти, Лара Фабиан, Дмитрий Хворостовский секілді әлемдік композиторлармен жұмыс істеген білікті өнер иесі. Қазір оның шығарған бірнеше туындысы менің репертуарыма еніп отыр» деді Димаш.
Сөз арасында ол Ресейдегі алғашқы концерті 22 наурыз­да Мәскеудің Кремль сарайында өтетінін айтты. Бұған қоса жақында алғашқы ән-жинағы шығатынын, ал Игорь Крутоймен бірге орындаған «Любовь уставших лебедей» әні мен америкалық композиторлардың туындыларына бейнебаян түсіру жоспарланып отырғанын да мәлім етті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды