«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Димашқа арналған көрме

0 16

Кеше «Мәңгілік ел» қақпасының галереясында халқымызды әлемге танытқан талантты әнші Димаш Құдайбергеновтың елордада өтетін жеке концерті қарсаңында оның шығармашылығына арналған қылқалам шеберлерінің көрмесі ашылды.

Көрмеге кәсіби және әуесқой суретшілер мен шет елдердегі сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары қойылды. Олардың қатарында Америка Қытай, Ресей, Финляндия, Түркия, Сирия, Швеция, Аргентина мемлкеттерінің өкілдері бар. Бұдан бөлек, бұл жобаға еліміздегі танымал суретшілер мен жоғары оқу орындарында оқитын студенттер белсенді үлес қосты.
Қылқалам шеберлері өз картиналарында дарынды әншіні әр қырынан бейнелеген. Барлығында да Димаштың кіршіксіз тазалығы, адалдығы шеберлікпен ашылған. Әр туынды таланттың жастың ешкімге ұқсамайтын болмысын бере алған.


Сондай-ақ экспозиция төрінен израильдік ақын Ефим Ташлицкийдің «Димашты тыңдайық» атты өлеңдер жинағы мен жазушы Дария Жұмагелдинованың «Бұлбұл дауысты ұл» деген ертегі жинағы орын алған.
Көрме 29 шілдеге дейін жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды