«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Дәстүрлі қайырымдылық марафоны

0 13

Нұр-Сұлтан қаласында ВІ Мarathon қайырымдылық марафоны өтті.

Биыл төртінші рет ұйымдастырылған жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан, сондай 24 шет елден әуесқой және кәсіпқой спортшылар қатыс­ты. Жарыс жолына 7600 адам шықты.
21 шақырымдық жарыста ерлер арасында Құдайберген Зейноллаев жеңіске жетсе, әйелдер бәсекесінде Дарья Старостина топ жарды. Ал классикалық марафонда, яғни 42 шақырым 200 метрлік жарыста Базарбай Дәуіталиев пен Жанерке Нұрбайқызы чемпион атанды.
Осы жарысқа қатысқандар арасындағы жастары ең үлкен 75 жасар Талғат Жармұхаметов пен Дина Жандарбековаға ұйымдастырушылар арнайы сыйлықтар берді.
Дәстүрлі марафоннан түскен қаражат түгелдей қайырымдылық шараларға жұмсалатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды