«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Дәстүр және жаңашылдық

0 43

Кім-кімнің де өмірлік ұстанымы, өмірлік көзқарасы болады. Тіпті, кішігірім болса да, әркімнің өзіне тән салт-дәстүрі де болатындығын айта кеткен жөн. Негізі, біз оларды сақтауға тырысамыз. Бір қызығы, адам өзінің үйреншікті болып қалған салт-дәстүрлерін жаңарту, жаңғырту, өзгерту туралы әдетте Жаңа жыл қарсаңында ойланады екен.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры да дәстүр бойынша жыл сайын ақ­парат алу тәсілі ретінде дәс­түрлі пошта байланысын таңдаған салымшыларға жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы үзін­ді көшірме салынған хат жібереді.
БЖЗҚ қолданыстағы Заңға сәйкес жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынған күнге оның сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақысыз береді. Сондай-ақ, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қам­тамасыз етеді.
Көпшілігіміз зейнетақы шотын ашу жөніндегі шартты жеке зейнетақы қорлары жаңадан құрылып жатқан кезде жасасқанбыз. Салымшылар шартқа қол қойып жатып, әрине, өздерінің жеке деректемелерін (мекенжайы, телефоны, электрондық пош­тасының мекенжайы) көр­сетеді. Ал бұл деректер уақыт өткен сайын белгілі бір себептермен өзгеріп отыратыны рас. Өкінішке қарай, салымшылар бұл өзгерістер туралы зейнетақы қорына хабарлауға асықпайды. Содан Қор жыл сайын салымшылардың атына үзінді көшірмесі бар хат жібереді. Ал салымшылар көрсетілген мекенжайдан әлдеқашан көшіп кеткен болуы мүмкін. Сол себепті өткен жыл бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы үзінді көшірмесі бар хаттардың бір бөлігі «Хат алушы көрсетілген мекенжайда тұрмайды» деген белгімен кері қайтарылады. Мысалы, 2018 жылдың қаңтар айында жолданған хаттардың шамамен 8 пайызы Қорға қайтарылған. Егер хат осындай белгімен кері қайтарылатын болса, Қор келесі жылы зейнетақы шотының жай-күйі туралы хатты жолданым иесіне жібермеуге құқылы. Осылайша салымшының Қормен байланысы үзіледі. Сөйтіп, жинақтарының жағдайы қалай болып жатқандығынан бейхабар болып жүре береді. Осыған орай тағы да ескерткіміз келеді, әрбір салымшы өзінің жеке зейнетақы шоты туралы ақпаратты алып тұруға мүдделі болуы керек. Сондықтан кезінде зейнетақы шоты бойынша ақпарат алудың қандай тәсілін таңдағандығын нақтылап, Қорда сақталған жеке дерек­терін жаңартуы тиіс. Заң бойынша өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар Қордың міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер жайында Қорға хабарлап отыруға міндетті.
БЖЗҚ өз тарапынан са­лым­шыларға зейнетақы жи­нақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілін ұсынады. Солардың ішінен салымшы өзіне ыңғайлысын таңдайды. Бүгінде зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты:
– дәстүрлі пошта байланысы;
– электрондық пошта;
– БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзі келу;
– интернет байланысы (элек­трондық цифрлық қол­таңба немесе тіркелген жеке сәйкестендіру нөмірі мен па­рольдың көмегімен Қор сайты немесе смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы) арқылы алуға болады.
Бүгінде ақпарат алу тәсіл­дерінің ішінде ең ыңғайлысы – әрине, интернет байланысы. Сол арқылы жеке зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет және смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы кез келген уақытта көруге болады. Қосымша қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.
Егер Сіз бұған дейін ақпарат алу тәсілін таңдамаған бол­саңыз немесе оны өзгерткіңіз келсе, Қордың жергілікті бө­лім­шесіне келіп, хабарлау тә­сілін өзгерту/белгілеу туралы қосымша келісімге қол қоясыз. Қазіргі уақытта еліміз бойынша Қордың 216 бөлімшесі жұмыс істейді. Бұл операция бар болғаны бірнеше минут уақытты алады. Сөйтіп, ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын жүктеп аласыз. Кейін логин мен құпия сөзді (пароль) қолдана отырып, кез келген жерде, кез келген уақытта жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйін осы ұялы телефоныңыздағы ұялы қосымшадан немесе Қор сайтының Жеке кабинетінен көруіңізге болады. Қазір логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) қолданылады.
Айта кетелік, жеке деректе­мелеріңізге өзгерістер енгізу үшін де жеке басыңызды куә­ландыратын құжатпен Қорға жүгінесіз. Құжатта жеке сәй­кес­тендіру нөміріңіз (ЖСН) көрсетілген болуы керек. Ал егер электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, Қор бөлімшесіне келмей-ақ, enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі арқылы ақпарат алу тәсілі ретінде интернет байланысын таңдауға және жеке деректемелерді өзгертуге болады.
Тағы да айта кететін жайт, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты www.e-gov.kz сайтының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» – «Бірыңғай жинақтау­шы зейнетақы қоры салым­шысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі арқылы да көруге мүмкіндік бар. Бұл үшін алдымен осы электрондық үкімет сайтына тіркеліп аласыз және электрондық цифрлық қол­таңбаңыз болуы шарт. Ол Халыққа қызмет көрсету орталығынан беріледі.
Міне, зейнетақы жинақтары­ның жай-күйін онлайн тәрті­бінде біліп отырудың осындай мүмкіндіктері бар. Айтпақшы, үзінді көшірмені өзіңіз таң­даған кезең бойынша (бір күннен бірнеше жылға дейін) ала аласыз.
Бүгінде ақпарат алудың интернет байланысы тәсілі салымшылар мен алушылар арасында кеңінен танымал болып жатыр. Мысалы, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмені пошта байланысы арқылы 1 805 000 адам алған. Ал 2018 жылдың 1 желтоқсанына қарай бұл тәсілден 270 мың адам бас тартқан.
Зейнетақы шотынан ақ­па­рат алу тәсілі ретінде элек­трондық пошта байланысын таңдағандар саны жыл басынан бері 68 мың адамға, ал интернет байланысын таңдағандар саны 1 145 890 адамға өсті. Сондықтан Жаңа жыл қарсаңында Қордың өзіңізге жақын бөлімшесіне ерінбей барып, ақпарат алудың заманауи тәсілін таңдаңыз. Өйткені Жаңа жыл қарсаңы – жаңа дәстүрді, жаңа тәсілді қабылдау үшін ең қолайлы уақыт.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды