«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Дәрігерлерге ризашылығын білдірді

0 16

Осыдан біраз бұрын елордамыздың Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобус пен бірнеше жеңіл автокөліктердің қақтығысуымен үлкен жол-көлік оқиғасы болған еді.
Қала әкімі осы оқиға салдарынан зардап шеккендерді құтқаруға көмек көрсеткен денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетті. Бақыт Сұлтанов жедел жәрдем және қалалық емханалар қызметкерлерінің сын сағаттағы біліктілігі мен шұғыл әрекетін жоғары бағалады.

Кездесуде қала әкімі жергілікті дәрігерлер апат, өрт және басқа да жазатайым оқиғалар кезінде мыңдаған адам өмірін құтқарғанын еске алды. Жыл басынан жедел жәрдем қызметі 155 мыңнан аса шақыруды қабылдап, қызмет көрсеткен.
«Сол төтенше оқиға күні біздің еліміздің әрбір азаматы біреудің қайғысына ортақтаса алатынын, оған бейжай қарамайтынын көрсетті. Өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, олар адамдарды автобустардан алып шығуға көмектесті. Олардың бірі – №303 бағдардың жүргізушісі Бақдәулет Әлібек. Ол оқиға орнына жақын жерде болған» деп атап өтті Б.Сұлтанов. Әкім дәрігерлерге, медбикелерге, барлық азаматтарға кез келген уақытта көмек қолын созуға дайын екендігіне үлкен ризашылығын білдірді. Кездесу соңында қала басшысы 14 денсаулық сақтау қызметкеріне, сондай-ақ зардап шеккендерді құтқаруға көмектескен жүргізушіге алғыс хаттар табыс етті.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды