«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Чемпиондықтың ауылы алыс емес

0 19

 «Астана» футбол клубы ел біріншілігінің 29-турында сырт алаңда «Ақтөбемен» кездесті.

Еурокубокта атой салып жатқан «Астана» ішкі чемпионаттың ойындарында жарты күшпен жеңіске жетіп жатыр деуге болады. Яғни, негізгі құрамдағы бірқатар ойыншыны демалдыруды жөн көруде. Мысалы, Еуропа лигасының матч­тарында екінші таймнан бастап ойынға қосылып жүрген Рангело Янга Қазақстан Премьер-лигасында алғашқы минуттан бастап көп көзге түсіп жүр. Ол Ақтөбеде өткен ойынның 42-минутында баспен гол соғып есеп ашты.
Екінші таймда алаң иелері таразы басын теңестірді. 55-минутта Саят Жұмағали ерекшеленді. Ал 62-минутта елордалық Серікжан Мужиковтың голы командасын қайтадан алға шығарды. Және бұл жеңісті гол болды.
Осылайша «Астана» 2:1 есебімен ұтып, турнир кестесіндегі ұпайын дөңгелектеп 70-ке жеткізді. Ал ізін қуып келе жатқан Алматының «Қайраты» Шымкенттің «Ордабасы» командасынан 2:0 есебімен жеңіліп, басты қарсыласынан 10 ұпай қалып қойды.
Жалпы ойындарға қысқаша тоқталсақ, «Тобыл» «Ертістен» 1:2 жеңілді. Қалған кездесулер түгел тең аяқталды: «Ақжайық» – «Қызылжар» – 0:0, «Жетісу» – «Шахтер» – 1:1 және «Қайсар» – «Атырау» – 2:2.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды