Четверг, 17 Август 2017
-->

ЧЕМПИОН ҚАШАН ШИРАЙДЫ?

futbol-asli

Өткен аптаның соңында Қазақстан Премьер-лигасының екінші туры өтті. Алғашқы айналымда ұпай жоғалтқан чем­пиондардың бұл жолы да әлі бабына келмегенін байқа­дық. Дегенмен «Астана» командасы бұл турда бір ұпай еншіледі.

«Астана» мен «Ертіс» арасындағы матч кезекті турдың орталық ойынына баланды. Елордалықтар ойын басталысымен алға ұмтылып, Давид Лория күзеткен қақпаның маңайын торуылдады. Мұндай шабуылдар 14-минутта нәтижесін берді. Джуниор Кабанангадан сәтті пас алған Серікжан Мужиков есеп ашты. Бұл гол «Астананың» барлық турнирлер бойынша соғылған 500-інші добы болды.
Алаң иелері есепті бірінші таймда-ақ теңестіріп тастады. Бұрыштамадан кө­терілген допты Александр Мокин­нің қақпасына «ертістік» Евгений Тка­чук дәл бағыттады. Есеп – 1:1. Матч­тың қалған бөлігінде есеп еселенбей, нәтиже ойынның соңына дейін сақталып қалды.
ҚПЛ-дың басқа матчтары да қызық­ты өтті. Чемпиондықтан үміткер «Қайрат» та бұл турда ұпай жоғалтты. Олар көкшетаулық «Оқжетпеспен» тең ойнады.
Бұл турдың жаңалығы «Қайсар» командасының турнир кестесінде көш бастауы болды. Олар «Тараз» командасымен кездесіп, ұпайын еселей түсті. Қызылордалықтар алдымен гол жіберіп алып, артынша теңестіріп кетті. Ал жеңісті голды 72-минутта
Саиди Нтибазонкиза соқты.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*