Понедельник, 26 Июнь 2017
-->

Ақпарат

XIV Еуразия Медиа Форумы: Мәміле іздеу жолдары

hjkhkhkjhk

ЭКСПО-2017 аумағындағы Конгресс-орталықта XIV Еуразиялық медиа форумның ашылу салтанаты өтті. Конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, «Астана – ЭКСПО – 2017» ҰК Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, ЕАМФ Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға          Назарбаева сөз сөйледі. Форумға қатысушыларға Елбасының құттықтауын Гүлшара Әбдіхалықова жеткізді. Президент өзінің құттықтау хатында медиа форум тек журналистік ортада емес, жаһандық проблематиканы шешу жолында да табысты жұмыс атқарып келе жатқанын айтқан. «Әлем драмалық өзгерістерді басынан өткеріп жатқан қазіргі заманғы жағдайда осындай диалог алаңдарының қажеттілігі артып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары осы процестің көшбасшысы болуы тиіс және ... Читать далее »

Барша қазақтың рухани жаңғыратын кезі келді

fhfghf

Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының V құрылтайы өтті. Бұл жолы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында қанат жайған алқалы жиын Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын тұжырымдамалық идеяларға негізделді. Құрылтайға қатысушылар 21-22 маусым күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде, Әзірет Сұлтан мешітінде және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында болып, «Қазақ елі» монументіне гүл шоқтарын қойды, «Этноауыл» кешенін аралап, Астана – Опера театрында «Қыз Жібек» операсын тамашалады. Мерекелі құрылтай Тәуелсіздік сарайында салтанатты жағдайда ашылды. Оны қысқаша сөз сөйлеп ашқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының ... Читать далее »

Кәсіби мерекесімен құттықтады

ghjgjd

23 маусым Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер күні болып белгіленген. Осыған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті үздік мемлекет қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, марапаттады.  Жиынды бастаған департамент басшысы Тілеген Қаскин: – Еліміздің зор жетістіктерге жетуінде мемлекеттік қыз­меткерлердің еңбегі аз емес. Олар жүктелген міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып, егеменді еліміздің даму жолында өз үлестерін қосуда. Президентіміздің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында, «Қазақстан-2050» Стратегиясында және халыққа арнаған Жолдауында әлемнің ең дамыған, бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену басты мақсат екендігін айтады. Еліміздің болашағына адал қызмет ету ... Читать далее »

Елбасы Үздік мемлекеттік қызметшілерді марапаттады

dfdg

Қазақстан Президенті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін Мемлекеттік қызметші күніне орай өткізілген конкурстағы жеңістерімен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметтің миссия­сы халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу екенін атап өтті. – Мемлекеттік аппараттың үйлесімді жұмысы мықты әрі тәуелсіз Қазақстанды құруға септігін тигізді. Бүгінде еліміз әлемнің барлық жетекші рейтингінде сенімді түрде лайықты орындарға ие болуда. Экономиканың оң қарқыны сақталуда, қоғамдық келісім мен бірлік орнықты қолдауға ие, – деді Мемлекет басшысы.Елбасы мемлекеттік қызметшілер елімізді дамытуға зор үлес қосқанын атап өтіп, ауқымды реформаларды іске асыруда мемлекеттік аппараттың маңызды рөл атқаратынына назар ... Читать далее »

Этножурналистика: тағылым мен тәжірибе

fedl8198_novyj-razmer

Қазақстан халқы ассамблеясы Журналистер клубының «Рухани жаңғыру: сананың ашықтығы» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында елбасы ұсынған рухани жаңғыру және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағдарламаларын, ұстанымдарын ақпараттық қолдаудағы баспасөз өкілдерінің міндеттері талқыланды.  Журналистер клубы ҚХА ХV сессиясында айтылған Елбасының тап­сырмасымен құрылған еді. Клубта жиырмадан астам республикалық аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Клубтың мақсаты –  этносаралық мәселелер туралы айтылған жерлерде жауапкершілік пен этиканы сақтап, толеранттықты нығайтуға атсалысу болып табылады. Этножурналистика саласындағы ахуалға талдау жасаған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай «Этностық масс-медиа журналистерін өз басылымдары және аудиториясымен ... Читать далее »

ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

uuuuu-kopirovat

АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕСІМІМЕН АТАЛАТЫН БОЛДЫ. БҰЛ ЖӨНІНДЕ ЕЛ ҮКІМЕТІНІҢ ТИІСТІ ҚАУЛЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Рес­публикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ... Читать далее »

Хидэказу ШИБАМОТО, Жапон павильонының жетекшісі: ЖАПОНДАР МЕН ҚАЗАҚТАР БІР-БІРІНЕ ҰҚСАЙДЫ

erm_3518

ЭКСПО қалашығына келген турист Жапон павильоны алдында тұрып, қазақша «Сәлеметсіздер ме! Жапон павильонына қош келдіңіздер!» деп иіліп сәлем беретін жапон қызын көрген болар. Иә, қашанда құрмет пен сыйластық танытып, ізеттіліктен айнымаған жапон халқы өз павильонын қазақша таныстырған бірден-бір мемлекет болды. Енді, міне, ешбір жаңалықты қалт жібермейтін жапондықтар «Астана ақшамы» газетіне жазылды деген ақпар алдық. Осы орайда, Жапон павильонының жетекшісі Хидэказу Шибамотомен сұхбаттасуды жөн көрдік. Әдетте, жоғары лауазымды шенеунікпен, әсіресе, ол шетелдік болса, сұхбат хаттама бойынша жүргізіледі. Бірақ біз Хидэказу мырзамен емін-еркін сөйлесіп, ашық-жарқын әңгіме-дүкен құрдық. – Жапон павильоны көрмеге «Smart ... Читать далее »

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТАРТУ

nur_2996-kopirovat

Кеше Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық Ішкі істер департаменті қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады. Қазақстандық полицияның құрылғанына ширек ғасыр толатын мереке қарсаңында елордалық тәртіп сақшыларының автопаркі арнаулы көліктердің техникалық талаптарына сай келетін 94 көлікпен толықты. Дабылды дауыс зорайтқыш құрылғылармен, радиостанциялармен, бейнетіркегіштермен және заманға лайық өзге де қондырғылармен жабдықталған бұл көліктердің барлығы дерлік Қазақстанда құрастырылған. Жаңа автокөліктерге жол-патрульдік полиция полкі, учаскелік полиция инспекторлары, Жергілікті полиция қызметінің кинологиялық взводы, аудандық басқармалар мен әкімшілік полицияның кезекші бөлімдері ие болды. Бұл жағдай елордадағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісінде жедел әрекет етуге мүмкіндік туғызады.Қазіргі ... Читать далее »

КӨЛІК ТҰРАҒЫ КӨБЕЙЕДІ

erm_6167-kopirovat

Елордада «Астана қаласындағы көлік тұрағын басқару» жобасының бірінші кезеңі басталды. 472 орынға арналған көлік тұрағы «Нұржол» саяжолында орналасқан. Қазіргі таңда көлік саласының мамандары автокөлік иелеріне тариф, төлем тәсілдеріне қатысты тұрақты пайдалану ережелерін түсіндіруде. «Астана қаласындағы көлік тұрағын басқару» жобасы елорданың көлік кешендерін жаңғырту бағдарламасы аясында қолға алынып, вокзал маңы, коммерциялық паркингтер, жолшыбай тұрақтар бойынша көше-жол желілерін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. Аталған басқару жүйесі қаладағы көлік қоятын орындарға мониторинг жүргізу үшін, жүргізушілерге бос орындар туралы ақпарат беруге, жол қозғалыс ережесі бұзылған жағдайда және тұрақ орындарына ақы төленбеген кездерде автоматты түрде тіркеу ... Читать далее »

«ШЫҢЫРАУ» АТАҚҚҰМАРЛЫҚТАН АРЫЛТА МА?

bal_4250-kopirovat

ТЕАТРСҮЙЕР ҚАУЫМ АҒЫМДАҒЫ АПТА БАСЫНАН САХНА САҢЛАҒЫ Ә.МӘМБЕТОВТІҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «САХНАДАН СӘЛЕМ!» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДАҒЫ ҚОЙЫЛЫМДАРДЫ КҮНДЕ ТАМАШАЛАП, ҚЫЗЫҚҚА КЕНЕЛУДЕ. АЛДЫНДА ХАБАРЛАҒАНЫМЫЗДАЙ, БҰЛ ЖОЛҒЫ ФЕС­ТИВАЛЬГЕ 10 ТЕАТР ҚАТЫСУДА. ОЛАРДЫҢ ТӨРТЕУІ РЕСЕЙ, ҚЫРҒЫЗСТАН ЖӘНЕ ӘЗЕРБАЙЖАН ЕЛДЕРІНЕН БОЛСА, АЛТАУЫ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТЕАТРЛАР. Алғашқы күндердің бірінде Астанадағы ­М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Мәңгүрт. Мәңгі құл» мистерия­сын көпшілік назарына ұсынды. Биылғы ақпан айында премьерасы өткен бұл қойылымды тәжік режиссері жазушы, драматург Барзу Абдураззақов сахналады. Ал Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық қазақ музыкалық драма театры көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбайұлының «Шыңырау» повесінің ... Читать далее »