Четверг, 21 Сентябрь 2017
-->

Ұлт ұпайы

ТЕЛЕНІҢ ТЕРЕҢ ТӘЛІМІ

Біздерден бұрын өмір сүріп, белгілі бір кезеңдерде заман ағымының өзгеруіне себепші болған тұлғалардың артында қалдырған кейбір нақылдарының өзектілігі сонша, олардың өткірлігі, дөп айтылуы, тереңдігі жағынан бара-бар келетін сөздерді табу оңай емес. Мысалы, қай-қайсымыздың да мемлекеттік тілді менсінбейтін басқа ұлт өкілдері туралы ештеңе дей алмай, тіл тістеген кездеріміз болды. Ал бұл туралы коммунизм көсемі Карл Маркстің «Тұрып жатқан мемлекетінің тілін қонақ, нақұрыс немесе өз тілінің үстемдігін зорлап орнатушы басқыншылар білмеуі мүмкін» дегенінен асыра айту қиын. Мемлекеттік тілді менсінбеу – бізде ғана емес, кешегі кеңестен кейінгі елдердегі ұқсас жағдай. Бару-келу жеңілдеген қазіргі ... Читать далее »

18 МИЛЛИОНДЫҚ ЕЛ БОЛДЫҚ!

Бұл қуаныштың біз үшін маңызы зор, қанаты кең. Бүгінде жер көлемі жағынан әлемде 9-шы территория болып табылатын Қазақстан халқының саны бойынша жаһанның 63-ші елі болып тұр. Осы деректердің өзі біздегі әр шаршы шақырымға 6,60 адамнан келетінін көрсетеді. Байтақ ел халқы санының 11 748 179-ын, яғни, 66,48 пайы­зын – қазақтар, 3 644 529-ын, яки 20, 61 пайызын орыс нәсілі құрайды. (Бір қызығы, 1926 жылы да орыс ағайындар 20 пайыздан асқан, қазір де солай). Сол сияқты бұл шоғырда өзбектердің – 3,11, украиндардың – 1,64, ұйғырлардың – 1,45, ал татарлардың 1,15 па­йыздық үлестері ... Читать далее »

ЗАМАН ӨЗГЕРГЕНІМЕН, АТЫ ӨЗГЕРМЕГЕН

Біздің ауыл Қабырға деп аталады. Кеңестік кезеңде күн көсем атанған Ленин атамыздың үйіндегі Н.Крупская әжеміздің есімін иеленген кеңшар болды. Бүгінгімен ресми баяндасақ, Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қабырға ауылдық округі. Қазақы ұғыммен термелесек, Торғай жұрты аузы дуалы әулие, батыр деп дәріптейтін Сары Қошқар бабамыздың елі. Біздің балалық шағымыз елдің берекесі тасыған, ауыл адамдарының көңілі теңіздей шалқыған, айдынында аққу-қаздар қал­қыған мамыражай уақытқа тап келді. Ол кезде уәлі сөзімен елді ұйытып отыратын қазыналы қариялар көп. Сондықтан ба, ауылда әдепсіз қылық, адам шошитын оқиға орын алған емес. Ел ағасы атанған Есімсейіт атамның бір ауыз ... Читать далее »

Батыршаұлының батыл қадамдары

Көрнекті қоғам қайраткері, профессор С.Батыршаұлы 75-те Көрнекті ғалым әрі айтулы дипломат, қоғам қайраткері Сайлау Батыршаұлы бүгіндері 75 мерейлі жасқа келіп отыр. Ол мұндай үлкен дәрежелерге өзінің асқан қабілетімен, төккен терімен, қажымас қайратымен жетті. Бірталай жыл Араб, Израиль, Өзбекстан елдерінде елші қызметін атқарды, еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары дәргейінде республикамызды халықаралық аренада көрсете білді. Сәкең белгілі дипломат Болатхан Тайжановпен бірге шын мәнісінде қазақ халқының аңсар-арманын паш етіп, соған жету, ұлттық мүддені қорғау жолында жан аямай еңбек етті. 1994 жылы қазақтың орыс тілді байшыкештері орыс тілі де мемлекеттік тіл болсын деп үндеу ... Читать далее »

“Жезкиік” ақынның жолдары: Кәкімбек Салықовтың туғанына 85 жыл

22 қаңтар күні «Жезкиік» ақын атанып кеткен мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 85 жыл толады. Осыған орай «Бір ауыз сөздің» авторы туралы бір ауыз сөз жазуды парызымыз деп санадық.  КІСІЛІК келбеті Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтын бітіргеннен кейін Жезқазған қаласында кен қазып, кейіннен басшылық қызметтерді атқарды. Өмірінің тұп-тура жиырма жылын жез далада өткізді. Сондықтан сол өңірдің жұрты ақынды ерекше қадірлейді. Тіпті, ақын мысты аймақтың тумасы деп ойлайтындар әлі күнге дейін кездеседі. «Жезкиік, біздің жаққа қалай келдің?» деп өзі жырламақшы, идеал тұтқан Қаныш Сәтбаевтың сүрлеуімен солтүстіктен шығып, еліміздің ... Читать далее »

Елордалық оқушылар нақты ғылымдар бойынша халықаралық олимпиададан олжамен оралды

Астаналық жеті мектеп оқушысы 12-18 қаңтарда Алматыда республикалық физика-математикалық мектептің базасында өткен Жәутіков атындағы ХІІІ Халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды. Олимпиадаға қатысушылар математика, физика және информатика пәндерінен жарысты. Бұл жеке рейтингті және жақын және алыс шетелдердің мамандандырылған мектептерінің ең мықты командаларының рейтингін құруға арналған бірегей алаң, деп есептейді «Астана Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының мамандары. Шараға Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Чехия, Грузия, Қырғызстан, Монғолия, Румыния, Ресей, Сербия, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан сияқты 15 мемлекеттен барлығы 401 оқушы қатысты. Астана қаласының командасы бірнеше аталым бойынша алтын және қола медальдарға ие болды. ... Читать далее »

Астана қаласы әкімдігінің 20 нақты бастамасы

Елордада, негізінен, сапалы білім беру, денсаулық сақтау саласындағы өркенді өзгерістер, қоғамдық көліктің заманауи жүйесін дамыту секілді тұрғындар үшін маңызды болып табылатын басты 20 межені қамту жоспарланып отыр. Сондықтан осындай арнайы бағдарламаға Астананың 20 жылдығына орай «20 нақты бастама» деген атау беріліп отыр.    Отправить статью как PDF    Читать далее »

Ел құрметіне бөленген ардақты ардагер

Елбасымыздың әйел­дер қауымына айтқан: «Өмірде жаны нәзік, көңілі биік, ал істе мы­ғым әйелдерсіз бұл қоғамды көзге елестету мүмкін емес» деген орынды сөзі өмірден алынғаны ол, әрине, шындық. Міне, менің айналамда сондай еңбекқор әйел, әйел-басшы, әйел-қай­рат­кер, қо­ғам белсендісі, ардагер әйел баршылық. Солардың бірі, бірегейі – астаналық Роза Иман­ғалиқызы Асылбекова. – Мен нағыз зұлмат заманның түлегімін. Саяси қуғын-сүргін жылдары өмірге келсем, балалық шағым соғыс жылдары таршылықпен өтті. Сол жылдары қаншама қиындықтар мен кедергілер де болды. 1-сыныпқа мен анам қайтқан жылы бардым. Оқуды жақсы оқыдым, анам айтушы еді, ол кезде есімді біліп қалдым ... Читать далее »

Әуезов хаттарының тағдыры

Осы апта басында «Qamshy.kz» ақпараттық порталы осыдан 11 жыл бұрын «Айқын» газетінде жарияланған журналист Төреғали Тәшеновтің филолог-ғалым Аққал Хасеновадан алған сұхбатын көшіріп басты. «Мұхтар Әуезовтің соңғы махаббаты» тақырыбымен жарық көрген бұл материалда ұлы жазушы мен ғалымның арасындағы қарым-қатынастың сыры шертіледі.  Биыл классик қаламгердің туғанына 120 жыл толады. Жоғарыдағы материал жазушы­ның 100 жылдығына орай түсіріл­ген деректі фильмдегі бір көріністі жадымызда жаңғыртты. Онда Мұхтар Әуезовтің Өзбекстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты мен Денсаулық сақтау министрінің орынбасары болған Ғайнижамал Кутумоваға жазған 300-ге жуық хат жөнінде айтылады. Бұл хаттарды Ташкентте өз пәтерінде С.Қарабаев деген адам сақтап ... Читать далее »

Әнұранның шырқалғанына 11 жыл

Тәуелсіз Қазақ елі тарихында еліміздің Мемлекеттік Әнұраны екі рет өзгерді. Ең алғаш 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланып, Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен ... Читать далее »