Понедельник, 26 Июнь 2017
-->

Үйренетін үрдістер

Мемлекеттік тілді тегін оқытады

070897089

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы қазақ тілін тегін оқуға шақырады. Елорда тұрғындары мен қала қонақтары мемлекеттік тілді  үйренуге арналған тегін сабақ­тарға қатыса алады.  Тыңдаушыларды қабылдау  әлі де жалғасуда. Өтініштер  сәуір айының жиырмасына  дейін қабылданады. Курсқа  8 (7172) 55-67-26, 8 (7172) 55-67-21 және 8747-146-5371 телефон нөмірлері арқылы да жазыла аласыздар. Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы қазақ тілін тегін оқуға шақырады. Елорда тұрғындары мен қала қонақтары мемлекеттік тілді  үйренуге арналған тегін сабақ­тарға қатыса алады.  Тыңдаушыларды қабылдау  әлі де жалғасуда. Өтініштер  сәуір айының жиырмасына  дейін қабылданады. Курсқа  8 (7172) 55-67-26, 8 (7172) 55-67-21 ... Читать далее »

Tilalemi.kz

kazak

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді үйрету үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсат етіп қойылған болатын. Осы мақсатты шешуде интернет ресурстарын іске қосудың маңызы жоғары. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаның аталған талабын сапалы деңгейде орындау үшін интернет-портал ашу өзекті мәселе болып табылады. Сонымен бірге, арнайы тіл порталын ашу мем­ле­кеттік бағдарламада: «Мемле­кеттік бұқаралық ақпарат құ­рал­дарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 2014 жылға қарай – 53%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 70%-ға дейін» деп ... Читать далее »

Ағаштан антисмартфон жасады

агаш смартфон

Америкалық Monohm компаниясы ағаштан айрықша смартфон жасап шығарды. Сыртқы формасы кәдімгі қалта сағатына келетін бұл гад­жет Runcible, яғни, антисмартфон деп аталады. Құрал автор­ларының айтуына қарағанда, дөңгелек пішінді ағаштың ішіне орналастырылған антисмарт­фонның негізгі мақсаты адамдарды әлеуметтік желілерге де­ген тәуелділіктен арылтып, жалпы интернеттен бас тартқызу екен. Алайда, құрыл­ғыда Google Play дүкеніне кіріп, кез келген қолданбалы бағдарламаларды көшіріп алуға еш шектеу қойылмаған. Runcible құрылғысында ешқандай пернелер жоқ, яғни, сенсорлы болып шыққан. MicroUSB арқылы қуат алады. Соған қарамастан, басқару жүйесі өте қарапайым. Бұл байланыс құралын Monohm компаниясы алғаш рет осыдан бір жарым жыл бұрын ... Читать далее »

БОЛАШАҚ ТҮЛЕКТЕРІ ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖҮР МЕ?

«Әрине, шетелде қалуға болады. Жағдайлары жақсы, мүмкіндік те көп. Бірақ, Президент бізді не үшін оқытты? Байып-тасығаннан емес қой! Әр студенттің білім алуына миллиондаған ақша кеткенін жақсы білеміз. Ертең Қазақстанды көтеруімізді мақсат тұтып отыр Елбасы. Енді соншалықты арқа сүйеп, өзімізден нәтиже күтетіндіктен сол жақта қалып қойсақ ұят! Бөтен жерде не жоғалтқанымыз бар?! Туған жерге ораламыз». Осындай көзқараспен Астанаға келген «Болашақ» стипендиаттары Орынбасар мен Әйгерім бүгінде Назарбаев университетінде қызмет етеді. Шетелдегі жылдар таным көкжиегімізді кеңейте түсті дейді олар. Бұл сөздерді қыздар амал-әрекетпен дәлелдеп келеді… Сұхбат барысында кейіпкер еркін көсілуі үшін «Қай тілде ... Читать далее »

КЕПТЕЛІСТЕ ҚАЛМАЙТЫН АЛАБӨТЕН АВТОБУС

Бейжіңде өткен «High-Tech Expo» халықаралық көрмесінде қытайлық инженерлер кептелісте тұрмайтын «TEB» (Transit Elevated Bus) атты айрықша автобустың жобасын таныстырды. Бұл автобустар жолға шығатын болса, жеңіл көліктердің қозғалысына кедергі келтірместен, үстімен жүреді. Аспалы көпірге ұқсайтын автобус жол жиегіне бекітілген арнаулы рельстермен қозғалатын болады. Мұнымен бұл болашақ көлігінің негізгі бөлігі жол үстімен жанаспай жүреді. Ал олардың ортасынан жеңіл көліктер еркін өте береді. Жобаның бас инженері Баи Цуминь «TEB» қызмет көрсетуі жағынан метроға ұқсас болғанымен, бағасы олардан біршама арзан болатынын айтады. Автобустың ені – 8 метр, биіктігі – 4,6 метр, ал ұзындығы 32 ... Читать далее »

БАУЫРЛАС ҚАЛАНЫҢ БЕРЕКЕСІ

5555

Астанаға бауырлас қаланың бірі – Санкт-Петербург. Жақында осы жаққа жолымыз түсіп, көне шаһардың туристік келбетін көңілге тоқып қайтқан едік. Үйренетін үрдістерін назарға алдық. Туризм деген ұғым санамызда пайда болмас бұрын-ақ, біздің бабаларымыз «Жеті тілді білдің бе, жеті белден астың ба» деп ұрпағын ел-жер көруге міндеттеген сияқты. Дүниенің төрт бұрышын аралап қана қоймай, келген қонағын қарсы алып, көрнекі жерлерін көрсете білуді де үрдістендіруден ешқандай зиян болмайтынын уақыт дәлелдеп отыр. Тарих пен туризмді ұтымды ұштастырып, оның озық дәстүрін қалыптастырған Астананың бауырлас қаласы – Санкт-Петербург шын мәнінде туристерді аса қызықтыратын шаһарға айналған екен. ... Читать далее »

Google

386

Google – Google Inc компаниясының ғаламторлық ең үлкен ақпарат іздеу желісі екені баршаңызға мәлім. Айына 41 млрд 345 млн сұрақтың жауабын тауып, 25 миллиардтан астам веб-парақшаларды таңбалайтын Гугл­­­дың карталарымен қоса «3D гло­бус Earth», «браузер Chrome», «Glass» жобалары ақпараттық технологиялар әлемінде өзіндік жол ашып, интернет жүйесін жетілдірді. Бір қызығы, мұнда жұмыс істеу үшін бес университет бітірудің қажеті аз. Компания қызметкерлерінің 14 пайызы тіпті, колледжде де оқымаған. Бірақ майталман мамандарының қадірін біледі. Бүгінде Google компаниясында 20 мыңға жуық адам еңбек етуде. Олардың біреуі дүниеден озса, оның зайыбы марқұмның соңғы он жылда алған ... Читать далее »

МІНСІЗ ҚОЛТАҢБА

Америкада жазу жазатын кішігірім робот пайда болды. Бұл роботтардың  мүмкіндігі шексіз екендігін тағы да бір дәлелдей түсті. Оны Evil Mad Scientist калифорниялық компаниясы ойлап тапты. Машинаны  каллиграфиялық  жазу  үлгісіне  дайын  шаблондар арқылы «үйретті». AxiDraw роботы А4 қағаз парағына мәтін жазып, сурет салады. Қаламсап ретінде құс жүнді қалам, маркер, қарындаш және басқа кеңсе тауарларын пайдаланады. Машина іске қосылу үшін Inkscape векторлық графиканың редакторы болуы керек. Жүйе­нің арқасында бірізді каллиграфиялық жазу­мен қатар құжаттарға қол қоюға болады. AxiDraw-ны шығарушылар құрылғымен ашық хаттарды, торттарды әсемдеуге кеңес береді. Айта кету керек, дәл осындай робот нарыққа ... Читать далее »

Туберкулез – емделетін ауру

1347626252_ridder

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жер шарының әрбір үшінші тұрғыны туберкулез миобактериясы инфекциясын жұқтырады. Жыл сайын әлемде 8 миллион 400 мың адам туберкулезбен ауырып, 2 млн адам өмірімен қоштасады екен. Ем қабылдамайтын әpбip науқас 10 адамнан 15 адамға дейін ауруын жұқтырып үлгереді десек, дүниежүзінде әрбір минут сайын 1 адам осы кеселдің құрығына ілінеді. Ал еліміздегі туберкулезге шалдыққандардың 75 пайызы 20 мен 40 жас аралығындағы адамдар екені алаңдатып отыр. Кох таяқшасы ең алдымен өкпе­ге жұғады, кейде ми мен оның қабық­шаларын, омыртқа, бүйрек, жыныс мүшелерін, лимфа түйіндерін, буынды және басқа да ... Читать далее »

Антибиотиктің «әуресі» көп

wpid-3ef9140212a0d7db0492f6b8b4c636a4

Елімізде 8 мыңдай  дәрі-дәрмек тіркелген екен. Ауруға әсері де, сапасы да әртүрлі фармацевтикалық өнімдерді жұртшылық дәрігердің тағайындауынсыз-ақ қолдана береді. Соңғы кездері дәрілік заттарды бей-берекет пайдаланудан оның жанама әсерлері жиілеп кеткен. Сондықтан елорда әкімдігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бірлесіп, «Астана денсаулықты таңдайды» атты акцияны қолға алып отыр.   Елордадан бастау алған акция туралы баяндаған министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Роза Қуанышбекова тек дәрігердің рецептімен берілуге тиіс дәрілердің дәріханаларда еркін сатылуы халықтың денсаулығына зиян екендігін айта келе, қолға алынған жоба ұлт саулығын ... Читать далее »