-->

Тікелей тілдесу

Мырзагелді КЕМЕЛ, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі: Ақиқатты тану – өзіңді тану

3543543

Елордамызда түрлі салаларда еңбек етіп жүрген, қоғамның аяқ алысын жіті бақылап отыратын өрелі азаматтарымыз көп-ақ. Солардың бірі – Еуразия ұлттық университетінің профессоры, белгілі қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел ағамызбен сұхбаттасқан едік. – Ұлт тәрбиесі теледидарға, интернетке көшкен заман болды ғой. Жақында ғана Мырзатай Жолдасбеков көгілдір экрандағы келеңсіздіктерді сынға алды. Біздіңше, оны сынға алып қана қоймай, сол тығырықтан шығатын жолды да көрсету керек. Әлде бізде ондай адамдар жоқ па? – Кезінде «Нұр Астана» деген әп-әдемі газет болды. Сонда «Телесағыз» деген мақалам шыққан. Мына бестомдық кітаптарымды шәкірттерім шығарды, соның 5-томында бар. Сол мақала ... Читать далее »

Қазақ әдебиетін әлемге насихаттайды

kitap1_3

Заман алға озды. Биік мансаптыдан қара қойшыға дейін әдебиетті дәріптеп, жата-жастана кітап оқитын күндер артта қалды. Бұрын қолына қаламы мен қағазын беріп, таңдаулы демалыс орындарына жатқызып қойып, аялап отырып жаздырған қаламгерлер билік қамқорлығынан қағылды. Жаңа заман келді де, әр жазушыға бір-бір арба тізгінін беріп, «өз арбаңды өзің сүйре» делінді. Жазу дертіне айналған қаламгерлер қалай тартса да, әйтеуір қисалаңдап жүріп арбасын сүйреп жүріп-ақ келеді. Бірақ бұл ұлттың ұтылысына да алып келген сияқты. Әдебиеті арқылы өзге жұртқа айдындана қарайтын қазақ қаламгерлерінің жүзі пәс, көңілі жүдеу. Олай болатыны, бұрынғыдай қазақ қаламгерлерінің туындыларын өзге ... Читать далее »

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарының барысы

01

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғары Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады ҚР Президентінің ресми сайты. Кездесу барысында Қазақстан Президенті мен Абу-Дабидің тақ мұрагері сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екі елдің ынтымақтастығы мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелер талқыланды. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде «Астана ЭКСПО-2017» және «ЭКСПО Дубай 2020» бюросы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум қабылданды. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб ... Читать далее »

Әсет Құрманғалиев, Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: Агроөнеркәсіпті қолдау кеңейді

KBB_8141

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Астана қаласы Ауыл шаруашылығы  басқармасының басшысы Әсет Қабиұлы Құрманғалиев 29 сәуір күні сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін тікелей байланыс желісінде болып, оқырмандар сұрағына жауап берген болатын. Байланыс аясында қойылған сұрақтарға төмендегіше жауаптар қайтарылды. Алтынай: – Қазіргі уақытта үй жануарларымен қоса, ит пен мысық сияқты үй хайуанаттарын да тіркеу қажет дейді. Сонда ол қалай жүзеге асады, оның белгіленген тәртібі қандай? – Елорда мәслихатының арнайы шешімімен Астана қаласында иттер мен мысықтарды ұстаудың өз ережесі бекітілді. Осы ережеге сәйкес, барлық иттер үш айлық жасынан, мысықтар екі айлық жасынан бастап алғашқы тіркеуден ... Читать далее »

Наурызбай Тағанұлы: «Ораза айында адам кең пейіл, кешірімшіл болу керек»

IMG_0324

Сейсенбі күні редакциямызға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бас сұғып, ораза айына орай қала тұрғындарымен тікелей байланысқа шығып, қоңырау шалған көпшіліктің және газет журналистерінің көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Осы ғибратты әңгімені назарларыңызға ұсынып отырмыз. «Астана ақшамы»: Редакциямызға қош келіпсіз. Рамазан айында мұсылман қауымның Алла разылығы үшін тұтқан оразасы қабыл болғай. «Отыз күн ораза» деп жатушы еді, биылғы ораза не үшін 29 күн? – Бисмилляхи Рахмани Рахим! Әлемдердің Раббысы  жаратушымыз Алла Тағалаға сансыз мадақ. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Алла қаласа, қадірлі ... Читать далее »

Барат ДҰЗАҚБАЕВ, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ АЛДЫМЕН ӨЗДЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Елордада көктемгі су тасқынына қарсы нендей шаралар қолға алынды? Қандай да бір төтенше жағдайларға тиісті мекеме қаншалықты дайын? Бұрнағы күні Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, өртке қарсы қызмет полковнигі Барат Дұзақбаевпен өткен тікелей тілдесуде осы мәселелер кеңінен қамтылды.   Тасқынға – тосқын Жанар Елеусізова: – Қыс бойы жауған қалың қар күн жылына еріп, айналаны су басу қаупін туғызатыны белгілі. Көктемгі су тасқынына қарсы қандай шаралар жасалып жатқанын білгім келеді… – Биыл қар әдеттегіден қалың түсті. Соған қарамастан қар дер кезінде тазаланып отырды. Айталық, былтырғы 27 қазаннан биылғы 8 сәуірге ... Читать далее »

Игілік ЖАЛБЫРОВ, Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы: АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІҢ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Еліміз бойынша 5 сәуірде сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Осыған орай, электоралды кампания ғана емес, сайлаушылар да белсенділік танытуда. Кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беретін азаматтардың құқы туралы дүйсенбі күні өткен тікелей тілдесу барысында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Игілік Жалбыров түсіндірді.   Әнуар Сырғабеков: – Басқа қалада ұзақ мерзімді іссапарда жүруіме байланысты сайлауға қатыса аламын ба? – Сайлауға отыз күн қалғанға дейін сайлау­шының тұрғылықты мекенжайы бойынша сайлауға қатыса алмайтыны белгілі болған жағдайда, ол өзінің аты-жөнін сайлау­шылардың сәйкес тізіміне енгізу жөнінде іссапарда жүрген елдімекендегі жергілікті атқарушы органға жазбаша түрде өтініш беріп, ... Читать далее »

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

ZAH_7084

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Талғат РАХМАНБЕРДІМЕН тілдесу барысында жастарды көбінесе жұмыспен қамтылу жөніндегі сұрақтар ерекше қызықтырды. Арман: – Астанада жұмыс таба алмай жүрмін. Түйіндеме талап еткен соң, «телефонмен хабарын береміз» дейді де қояды. Көмек көрсете аласыз ба? – Кеше ғана Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен  бірлесе отырып, осы мәселеге қатысты әлеуметтік жобаны іске қостық. Яғни, кез келген адам  «Орталық базар», «Артем», «Шапағат» және «Әсем» сауда орындарында ашылған жастарды жедел жұмысқа орналастыру пунктіне жақындап, бұйымтайын айтып, сауалнамаға жауап бере алады. Сол күннен қалдырмай, жұмыс ... Читать далее »

ҰЛТ САУЛЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТ БАЙЛЫҒЫ

ERA_7078

Сәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясы фракциясының Астана қаласы мәслихатындағы мүшесі, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК бас директоры, медицина ғылымдарының докторы Абай Байгенжин қоғамдық бақылау желісі арқылы тұрғындармен тікелей байланысқа шығып, толғандырған сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, тікелей желіге Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Әбдірайымов, сайлауалды тұғырнаманың «Ұлт денсаулығы» бағыты бойынша сарапшы тобының хатшысы Мария Өтебаева мен мәслихат депутаты Қаршыға Құлмұқанов қатысып, сұрақтардың жауабын нақтылай түсті. Бұған қоса, жұртшылық «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысын­да жарияланған ҚР Президентінің Жолдауындағы айтылған мәселелер жөнінде де түсініктеме алды. Зейнеткерлердің тісін протездеу – ... Читать далее »

МҮЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Fotolia_59994080_Subscription_XXL

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заң күшіне енгелі бір айдан аса уақыт өтсе де жұртшылықтың білгісі келетін мәселелері әлі де толастар емес. Осыған байланысты біз ең көп кездесетін сауалдарды іріктеп, мүлікті заңдастыру бойынша аудандық комиссияларға жолдаған едік. – Менің аты-жөнім – Гүл­бар­шын Мұқанова. Қазіргі күні біз отбасымызбен тұрғын үй салып жатырмыз. Үй салынып жатқан жердің жекеменшік иесі – өзіммін.  Құрылысты шамамен 2015 жыл­дың ақпан-наурыз айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Үйдің құрылысы аяқталысымен заңдастыру бойынша өтініш берсем бола ... Читать далее »