-->

Тәуелсіздікке 25 жыл

Қаланың қуаты артты

erm_6006

Астана әкімі Әсет Исекешев 2-Жылу-энергия орталығына барып, бас қала тіршілігін қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындар жұмысымен танысты. Елорда басшысы энергетиктердің табысты еңбегін атап өтіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Елбасының тапсырмасына сәйкес, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астана әкімдігі бірқатар ауқымды энергетикалық жобалардың құрылысын аяқтады. Жүзеге асқан жаңа жобалар қаладағы жылу энергиясын 400 Гкал/сағ арттыруға мүмкіндік беріп, 4 млн шаршы метр тұрғын үйді және әлеуметтік нысандарды немесе 20 пайызға жуық тұрғын үй қорын жылумен қамтамасыз етуге жол ашты. ЖАҢА ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР – Энергетика саласы – кез келген мемлекеттің қуаты, экономиканың алтын жігі, өндірістің ... Читать далее »

Этномәдени бірлестік жетекшілері марапатталды

kbb_6276-kopiya3

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында мемлекет мүддесі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарды марапаттау шаралары әлі де жалғасып жатыр. Елорда әкімдігінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бірқатар мүшелері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен және ҚХА-ның «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің нығаюына үлес қосып жүрген елордадағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне марапатты Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев табыс етті. «Қаламыз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын үлкен жетістіктермен қарсы алып отыр. Қаншама шаруалар атқарылып, толайым табыстарға қол жеткіздік. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында жүріп, сіздер де осы жетістікке елеулі үлес қостыңыздар. Бірақ ... Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗДІК – ТӘУ ЕТЕР ЖАЛҒЫЗ КИЕ

8

Екі ғасыр тоғысында тәуелсіздік таңы атты. Ұлы көш басталды. Бұл – жаңа белес­ке, жаңа кезеңге өту көші. Бүгінгі Қазақ елі – абыройы асып, мерейі үстем болған, бүкіл әлем көз тігіп отырған жас мемлекет. Дербес ел болғалы 25 жыл болды. Осы уақыт ішінде біз талай белестерді бағындырып, талай асуларды өткердік.  Жас Қазақстан дүниежүзілік аренада өз орнын тапты. Тәуелсіздіктен артық, одан қымбат, одан киелі ұғым жоқ! Осы тәу етер жалғыз киемізге дақ түсірмей, қадірлеп өту – әр қазақстандықтың парызы. Сарыарқа төріне, ақ бұлттар етегіне орнаған алып қала Астананың тарихы бұл күнде тәуелсіздігіміздің ... Читать далее »

«АЛМАС ҚЫЛЫШ» КИНО ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕДІ

14532011107i3in-725x

Осыдан он шақты жыл бұрын үлкен экранға жол тартқан «Көшпенділер» көркем фильміне көпшіліктің көңілі толмаған еді. Сол олқылықтың орнын мереке күндері Астана мен Алматы қалаларында тұсауы кесілген «Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы – «Алмас қылыш» фильмі толтыратын сияқты. КЕРЕЙ мен ЖӘНІБЕКТІҢ ЖАСАМПАЗДЫҒЫ Қос кинотуындының да не­гізіне көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің тарихи трилогиясына кіретін кітаптар алын­ған. Алғашқысының желісі «Жан­талас» романы бойынша тарқатылса, екінші, яғни жаңа фильм қаламгердің аттас шы­ғармасы негізінде өріледі. Алайда «Алмас қылыш» фильмін романның таза көшір­месі деп айтуға болмайды. Сце­нарий авторлары белгілі қалам­гер Смағұл Елубай, Тимур Жақ­сылықов және осы фильм ... Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ АШЫЛДЫ

05

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуел­сiздiктiң 25 жылдығы» монументін ашты. ЭКСПО-2017 көрмесi аумағында орнатылған монументтің 25 қыры Тәуелсіздіктің 25 жылын, ел тарихындағы 25 маңызды оқи­ғаны білдіреді. Сондай-ақ Президент «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі нысандарды аралап, кеңес өткізді. – Бүгiн, 16 желтоқсан – Тәуелсiздiк күнi. Осыдан 25 жыл бұрын бiз Қазақстанды тәуелсiз ел деп жа­рияладық. Бүгiнгi кездесуіміздің себебі – Астанамызда тағы бiр монумент ашайын деп отырмыз. Астананы Ақмолаға көшiрген кезде ең алдымен қа­ланың ортасы деп ескi қаладағы алаңды игердiк. Одан кейiн сол жағалауда, тақыр жерде жаңа қала салғанымызда «Бәй­терек» орнаттық. Ол әлi күнге дейiн ... Читать далее »

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Безымянный-1

Тәуелсіздік – халқымыз айрықша қадірлейтін қастерлі ұғым. Ата- бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған азаттық таңының атқанына биыл – 25 жыл. Ширек ғасырда Елбасымыз бас болып елімізді әлемге танытқан, халықтың мерейін асырған көптеген игі істер атқарылды. Қол жеткен жетістікті ұстап тұру, оны жаңа белестерге шығару қыруар қажыр-қайрат пен үлкен білімді қажет етеді. Тәуелсіз еліміздің 25 жылда аяғынан нық тұрып, өзгелермен терезесі тең мемлекет ретінде қалыптасуы Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясаты мен халықтың оны қолдап, жұмыла еңбек етуінің нәтижесі. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі болғай! Сіздерге зор денсаулық, отба­сыларыңызға бақ пен ... Читать далее »

Депутаттар марапатталды

63

Мереке қарсаңында Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов бесінші және алтыншы шақырылым бойынша Астана қаласы депутаттарының бір тобын «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Олардың қатарында Қ.Әбден, А.Аюпов, Б.Ахметжанова, З.Гаипов, У.Досаев, Е.Есенжолов, А.Ким және басқалары бар. Өткен кезеңдегі бесінші шақырылым бойынша сайланған және өзін-өзі басқару органының дамуына атсалысқан С.Богатырев, Т.Егінбаев, Қ.Жауханов, Қ.Құлмұқанов, Н.Мещеряков, Б.Солсанов, Т.Оразақов сынды азаматтарға да медаль табыс етілді. «Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық атаулы күнінде өздеріңізге ҚР Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы №380 Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» ме­ре­келік медалін табыс ете отырып, әрқайсыңыздың ... Читать далее »

АСТАНА – ЭКОНОМИКА ЛОКОМОТИВІ

screenshot_2016-12-09-16-05-47

Тәуелсіздіктің төл жемісі – Астана қаласы өзінің тарихында Қазақстан экономи­касының даму локомотивіне айналды. Бұған жуырда ғана қала қазынасына 1 триллионнан астам теңге жиналғаны дәлел бола алады. Бұл Мемлекеттік кірістер департаментінің үш құрылымдық қызметтің үйлесімді жұмыстарының арқасында мүмкін болып отыр. Сондай-ақ, елорда Алматы мен Атырау және де Маңғыстау облысы сияқты еліміздегі донор өлкесі болып саналады. «Қазақстанның Астанасы 2017 жылға қарай халықаралық қаржы орталығына айналуы тиіс». Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бес инс­титуттық реформаны жүзеге асыру­дың «100 нақты қадамы» Ұлт жос­па­рында айтқан болатын. Осыған орай Ұлт­тық банкке 2017 жылдың қаңтарына дейін ... Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

1236

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана­да азаттықтың ширек ғасыр тойына тамаша тарту жасаған рес­пуб­­ликалық «Егемен Қазақстан» газетінің сериясымен жарық көрген жинақтардың тұсаукесері өтті. Шара барысында еліміздің бас басылымы ҚР Президентінің Баспасөз қызметімен бірлесіп жүзеге асырған «25 жылдың 25 сәті» жобасы аясында Тәуелсіздіктің ұлы мерекесіне орай «Жиырма бес жылдың жеңістері мен жемістері» және заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлының егемендік алғаннан бері газетте басылған терең толғамды мақалаларынан түзілген «Дәуір дауысы» атты жинағы мен жыл сайын жұртшылық құмартып оқитын «Етжеңді» Егемен Қазақстан» кітабының жаңа басылымы оқырманға жол тартты. Жаңа кітаптардың тұсауын бүгінгі қазақ әдебиетінің абыз ақсақалы ... Читать далее »