Суббота, 19 Август 2017
-->

Өнербаян

«ҚЫЗЫЛ ТАЛША – ҚЫЗ РАУШАН»

Қасиетті қара қобыздың сарынында тылсым сыр бар. Адамды тұңғиыққа тартады. Жүрегіңіздің түбінде жатқан  пернеңізді қозғайды… Осыдан үш жыл бұрын  елордада  ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі қобызшы Раушан Оразбаеваның «Аққу» аталған шығармашылық кеші өтті. Сонда кеш иесі Ықыластың сұлулықтың сұңқары атанған киелі құс туралы күйін тебірентіп орындады. Ғайыптан тайып, көз алдыма сайын даланың ғажайып  бейнесі келіп, айдында жүзген қос аққудың сұлу сұңқылын естігендей болдым. Сол кезде киелі аспапты шынайы сөйлете білген қобызшы жайында жазсам деп ойладым. Бірақ көпшіліктен бұйығы, саяқтау жүретін өнерпаз туралы қалам тербеуден тартыншақтадым. Соның сәті енді келді. ТЕКТІ ӨҢІРДІҢ ... Читать далее »

Ел құрметіне бөленген ардақты ардагер

Елбасымыздың әйел­дер қауымына айтқан: «Өмірде жаны нәзік, көңілі биік, ал істе мы­ғым әйелдерсіз бұл қоғамды көзге елестету мүмкін емес» деген орынды сөзі өмірден алынғаны ол, әрине, шындық. Міне, менің айналамда сондай еңбекқор әйел, әйел-басшы, әйел-қай­рат­кер, қо­ғам белсендісі, ардагер әйел баршылық. Солардың бірі, бірегейі – астаналық Роза Иман­ғалиқызы Асылбекова. – Мен нағыз зұлмат заманның түлегімін. Саяси қуғын-сүргін жылдары өмірге келсем, балалық шағым соғыс жылдары таршылықпен өтті. Сол жылдары қаншама қиындықтар мен кедергілер де болды. 1-сыныпқа мен анам қайтқан жылы бардым. Оқуды жақсы оқыдым, анам айтушы еді, ол кезде есімді біліп қалдым ... Читать далее »

Шолпан Иманбаева

Астанада Иманбаева көшесі бар. Ол А.Бараев көшесінен басталып, Отырар көшесінде аяқталады. Ә.Ысмайылов, Рамазан, Жәнібек Тархан, Ақмола, Ағыбай батыр, Баянауыл, А.Иманов, М.Дулати, Кенесары көшелерін қиып өтеді. Көшенің ұзындығы – 1158,8 м. Шолпан Иманбаева – қазақтың ақын қызы. Ақмола облысы, Қорғалжын ауданының тумасы. Бар болғаны 22 жыл өмір сүрген. Артында өз заманында ғұмыр кешкен қазақ әйелдерінің мұң-мұқтажын, арман-тілегін жырлаған «Қазақ әйеліне», «Апайыма», «Қоңыр қаз», «Жолаушы мен жұмыскер» және «Бұлбұл мен қарға», «Зейнепке», «Жәкең жаман сасады» секілді қоғамдағы ұнамсыз құбылыстарды өткір сынға алған өлмес өлеңдері қалды. Шығармалары мазмұны өткірлігімен, тілінің көр­кемдігімен ерекшеленеді… Айта ... Читать далее »

МЕЙІРІМДІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ

«Мейірімді қала» акциясын өткізу идеясын «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының есеп беру-сайлау конференциясында елорда әкімі Әсет Исекешев жария еткен болатын. Игі ниеттен туындаған акция мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көп балалы аналардың жайын біліп, жетімдерді сүйеп, айықпас дертке ұшыраған жандардың да көңіл-күйін сұрап, қолдан келгенше көмек беруге бағытталған. Қоғамды ізгілендіріп, әрбір елордалықтың жүрегіне мейірім шуағын құятын осындай ізгі шараның ортасында біздер де болдық. Ұлы Отан соғысы ардагері, II топтағы мүгедек Александр Морунов зайыбы, тыл еңбеккері Анастасия Мартыновнамен бірге «Бесшатыр» орамындағы үйде тұрып жатыр екен. Тоқ­саннан асқан майдангер әлі тың, қимылы ширақ. ... Читать далее »

САҢЛАҚ СКРИПКАШЫЛАР

Классикалық музыка әлемінде скрипкашылардың шоқтығы биік келеді. Қазақтың атын әлемге танытып жүрген, жұлдызы жоғары туған бес өнерпазды бөлек айтуға әбден лайықты.  «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАГАНИНИ» Солардың бірі – 17 жасар Руслан Тұрынтаев. Өнерсүйер астаналықтардың көз алдында өсіп, талантын ұштап келе жатқан жас дарын Владимир Спиваковтың дуалы аузымен «қазақстандық Паганини» атанды. Маэстроның қамқорлығының арқасында Эмиль Буланженің скрипкасы да Русланның үлкен олжасы. Жеті жасынан Астанадағы Ұлттық өнер академиясында білім алған Руслан бүгінде Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының Орталық музыка мектебінде оқып жүр. Оның өнер додасындағы жетістіктерін жіті қадағалап, көп жылдардан бері оқырмандарымызбен бөлісіп келеміз. ... Читать далее »

ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРДЫҢ “ШАБЫТЫ”

Бейбітшілік және келісім сарайында «Шабыт» шығармашыл жастардың XIX халықаралық фестивалінің шымылдығы түрілді. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жыл сайын өтетін дарынды жастардың сайысын қала басшысының орынбасары Ермек Аманшаев ашып берді. – Он тоғыз жыл ішінде «Шабыт» фестивалі әр ұйым­дастырылған сайын өсіп, дамып келе жатыр. Осы уақыт аралығында атаулы шара қан­шама жас дарындарға өнерге қанат қақтырып, жолын ашты. Бұл жастар «Шабыттан» өнердің, мәдениеттің, әдебиеттің даңғылына түсті. Фестивальдің оған қатысқан әр шығармашыл жастың шабытын еселеп, жүрегінде үлкен орын алатынына сенімдімін. Арасында қазіргі таңда өнер қайраткері деңгейіне көте­рілгендер де көп. Биылғы фес­тивальге қатысып жатқан ... Читать далее »

Лейла МАХАТ, суретші: АСТАНА АСПАНЫНА КӨЗ ТОЙМАЙДЫ

Бейбітшілік және келісім сарайында орын тепкен «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығында есімі елге белгілі елордалық суретші Лейла Махаттың көрмесі ашылды. Қылқалам иесі Астана мен Венада салған соңғы бір жылдағы туындыларын паш етті. Картиналардың дені жеті қат көктің түрлі күйін бейнелеген. Суретшінің өзі көрмені «Аспан мен жер» атаған. Сырға толы суреттердің қалай туғанын автор аузынан естуге асықтық… КӨРІНІСТЕН ТУҒАН СЕЗІМДІ БЕЙНЕЛЕЙМІН – Бірден ойға келетін сұрақ: неліктен аспан? – Саяхатшы жаңа мекенде түрлі қызықты байқайды. Көрікті жерлер, халықтың әдет-ғұрпы, сәулет ғимараттары. Адамдармен танысады, эмоция мен сезімдердің жаңа әлемін ашады. Ал менің ... Читать далее »

Қайрат БАЕКЕНОВ: Әнші халыққа жұмбақ болу керек

Оның әндері талай жұлдыздың бағын ашты, хит-парадтардың үздігі боп танылды. Өйткені әуендерінің келесі нотасының әуезін болжау қиын. Ешкімнің шығармашылығына жиендік жасамайтын Қайрат Баекенов құрған «Формат» тобы да қазақ эстрадасына жаңа леп әкелгені сөзсіз. Талғамы ерек астаналық әнші, сазгермен әңгімелесудің сәті түсті. Әуеннің гармониясын сеземін – Бүгінде «Қайрат Баекенов ән жазса, міндетті түрде хит болады» деген стереотип қалыптасты. Танымал ән жазудың сырымен бөліссеңіз? – Ән жазғанда үнемі ой үстінде жүремін. Тыңдаушы құлақты жалықтырмайтын, соңына дейін сүй­сініп еститін ән болса деймін. Ха­лыққа таратпас бұрын мың рет тың­даймын. Өзімді зе­ріктіріп жіберсе, жарыққа шығармай ... Читать далее »

АЙТЫС АРҚАУЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН АСТАНА ЖЕТІСТІКТЕРІ

Әне-міне дегенше Астана күні де жақындап қалды. Мереке аясында түрлі мәдени шаралардың туы желбіремек. Әсіресе, бабадан қалған бағзы өнеріміз айтыстың орны бөлек. Халықтың да оған деген ықыласы ерекше. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен  6 шілде күні  Конгресс-холда  «Бағаналы ордам, басты ордам» атты республикалық айтыс өтпек.  Дүбірлі доданың қарсаңында белгілі айтыскер ақын, аталған шараны ұйымдастырушылардың бірі, филология ғылымының докторы, профессор,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаевпен әңгімелескен едік. – Елорда күні жақындаған сайын жұртшылық айтысты ерекше тосады. Он жылға жуық дәстүрге айналған шара туралы кеңірек айтып өтсеңіз? – Астана күні – еліміздегі ... Читать далее »

Қажыбек Бекбосын, Қазақстанның халық әртісі: Астана біздің идеалымызға айналды

Дәстүрлі әншілер арасында өзінің бай репертуарымен көзге бірден түсетін Қажыбек Бекбосын ағамыз осы мамыр айында жетпіс жасқа толды. Айтулы мерейтой қарсаңында ағамызбен жолығысып, әңгімелесудің сәті түскен еді. Жетпіске келсе де бабын жоғалта қоймаған әнші ағамыз өмір жолы, өнер жолы жайында үлкен тебіреніспен сыр шертті. Қажыбек ағаның орындауындағы Жетісу, Арқа және Батыстың әндері талай жүректі толқытқаны рас. Үш жүздің басын қосқан Абылай хандай, үш жүздің ән мектебін бір жүрегіне сыйғызған әнші ағамызға қойған алғашқы сұрағымызда осының сырын білуге тырысқан едік. Бала кезден құлаққа сіңген ән – Қажыбек аға, сіздің туып-өскен жеріңіз ... Читать далее »