-->

Сұхбат

Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ, Дін істері және азаматтық қоғам министрі : Діннің дұрыс түсінігін мектепте қалау керек

nurlan-ermekbaev-asli

Қоғамда радикалдық діни ағымдардың деструк­тивті идеяларының таралуы көп­­шілікті алаңдатады. Олармен қалай күресу керек? Діни ахуал және басқа да мәселелер жөнінде Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев­пен әңгімелескен едік. – Нұрлан Байұзақұлы, еліміз­дегі діни ахуал өткен жыл­дармен салыстырғанда қалыпты. Десек те, зайыр­лы мемлекеттің заң талап­тарын мойындағысы келмей­тіндердің қатары көбейіп ке­ле­­ді деген пікірмен келісе­сіз бе? – Бұл жерде міндетті түрде басын ашып алатын мәселе бар, ол – діни ахуал ұғымы. Діни ахуалдың тұрақтылығы еліміздегі мемлекеттік-конфес­сиялық қарым-қатынас, конфессиялар арасындағы өзара әрекеттестік, азаматтар­дың ар-ождан бостандығының деңгейі, дін саласын реттейтін қолданыстағы заңнама талап­тарының ... Читать далее »

«ҚЫЗЫЛ ТАЛША – ҚЫЗ РАУШАН»

bez-imeni-1

Қасиетті қара қобыздың сарынында тылсым сыр бар. Адамды тұңғиыққа тартады. Жүрегіңіздің түбінде жатқан  пернеңізді қозғайды… Осыдан үш жыл бұрын  елордада  ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі қобызшы Раушан Оразбаеваның «Аққу» аталған шығармашылық кеші өтті. Сонда кеш иесі Ықыластың сұлулықтың сұңқары атанған киелі құс туралы күйін тебірентіп орындады. Ғайыптан тайып, көз алдыма сайын даланың ғажайып  бейнесі келіп, айдында жүзген қос аққудың сұлу сұңқылын естігендей болдым. Сол кезде киелі аспапты шынайы сөйлете білген қобызшы жайында жазсам деп ойладым. Бірақ көпшіліктен бұйығы, саяқтау жүретін өнерпаз туралы қалам тербеуден тартыншақтадым. Соның сәті енді келді. ТЕКТІ ӨҢІРДІҢ ... Читать далее »

Сайлау БАЙЗАҚОВ, халықаралық басқару академиясының академигі: ӨЛШЕМІ БАР ЭКОНОМИКА ҒАНА РЕТТЕУГЕ КӨНЕДІ

erm_0853

Саналы ғұмырын ел экономикасын дамыту мен оны терең зерттеуге арнап келе жатқан көрнекті ғалым Сайлау Байзақовтың туған халқы үшін атқарған еңбегі зор. Биыл ардақты азамат сеңгірлі сексенге толады. Сонда да қажырлы қайратынан таймай, ел игілігінің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Таяуда ағамызбен жүз­десіп, өмір жолынан ой тартып, экономикалық тақырыпта әңгіме өрбіткен едік. ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫН ИННОВАЦИЯЛАУДЫ ҮШ ТҮРЛІ БАҒЫТТА ЖҮРГІЗГЕН ДҰРЫС – Өткен жылы тәуелсіз­дік­тің ширек ғасыр тойын атап өттік. Әрине, 25 жыл деген аз мерзім емес, біраз қиыншылықтар да болды. Бүгінгі күнмен сараптап қарағанда ел экономикасы қандай табыстарға қол жеткізді, ... Читать далее »

Ардақты әже Сәкен Жүсіпованың игі істері

9

Сарыарқа аудандық Ардагерлер кеңесіне жиі барып тұрамын. Қашан барсам да, кабинет толы адамдар. Кезекші столында отырған Сәкен Жүсіпова әртүрлі сұрақтарымен келген зейнеткерлердің бұйымтайларын тыңдап, өзі шеше алмаған мәселелер болса, бастыққа немесе оның орынбасарына жіберіп, бәйек болып жатады. Адамдармен сөйлескенде жылы шыраймен, биязы дауысымен түсіндірген оның әрбір сөзі көңіліңе бір жылылық ұялатады. Осы кісі кезінде мұғалім болған шығар деймін ішімнен. Жақынырақ танысқым келді. Бірақ сол жолы жолым түспеді, кезек күтіп отырған адамдар бар болатын. Бірде 9 мамыр – Ұлы Жеңістің мерекесіне орай Астана қалалық әкімдігінің алдында мәдени шара өтті. Майдангерлердің құрметіне ... Читать далее »

Отандық және импорттық өнімдердің сапасы қандай?

44

Отандық және импорттық өнімдердің сапасы қандай? Қалалық емдеу мекемелеріндегі диагностикалық өлшем құралдары талапқа сай ма? Дүкен сөрелеріндегі тауарлардың ішкі-сыртқы сәйкестігі туралы не білеміз? Осы мәселелер жөнінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Сауықбек Қапаевпен тілдескен едік. – Сауықбек Әріпұлы, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті жүргізген был­тырғы тексерудің нәтижелері қандай? – 2016 жылы департамент 103 тексеріс жүргізді. Оның ішінде іріктеу бойынша, жос­пардан тыс, комитет тапсырмасы негізінде және азамат­тардың өтініштері аясында қолға алынды. Нәтижесінде 55 бұзу­шылық анықталды. Жалпы сомасы 484 480 тең­гені құрайтын өнімдердің ... Читать далее »

Ел құрметіне бөленген ардақты ардагер

434_cc70d377650e27dcef23b00bf666413d

Елбасымыздың әйел­дер қауымына айтқан: «Өмірде жаны нәзік, көңілі биік, ал істе мы­ғым әйелдерсіз бұл қоғамды көзге елестету мүмкін емес» деген орынды сөзі өмірден алынғаны ол, әрине, шындық. Міне, менің айналамда сондай еңбекқор әйел, әйел-басшы, әйел-қай­рат­кер, қо­ғам белсендісі, ардагер әйел баршылық. Солардың бірі, бірегейі – астаналық Роза Иман­ғалиқызы Асылбекова. – Мен нағыз зұлмат заманның түлегімін. Саяси қуғын-сүргін жылдары өмірге келсем, балалық шағым соғыс жылдары таршылықпен өтті. Сол жылдары қаншама қиындықтар мен кедергілер де болды. 1-сыныпқа мен анам қайтқан жылы бардым. Оқуды жақсы оқыдым, анам айтушы еді, ол кезде есімді біліп қалдым ... Читать далее »

Қазақ әдебиетін әлемге насихаттайды

kitap1_3

Заман алға озды. Биік мансаптыдан қара қойшыға дейін әдебиетті дәріптеп, жата-жастана кітап оқитын күндер артта қалды. Бұрын қолына қаламы мен қағазын беріп, таңдаулы демалыс орындарына жатқызып қойып, аялап отырып жаздырған қаламгерлер билік қамқорлығынан қағылды. Жаңа заман келді де, әр жазушыға бір-бір арба тізгінін беріп, «өз арбаңды өзің сүйре» делінді. Жазу дертіне айналған қаламгерлер қалай тартса да, әйтеуір қисалаңдап жүріп арбасын сүйреп жүріп-ақ келеді. Бірақ бұл ұлттың ұтылысына да алып келген сияқты. Әдебиеті арқылы өзге жұртқа айдындана қарайтын қазақ қаламгерлерінің жүзі пәс, көңілі жүдеу. Олай болатыны, бұрынғыдай қазақ қаламгерлерінің туындыларын өзге ... Читать далее »

Кино – күшті қару: жазушы кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовпен сұхбат

_mg_8106

Қазақ өнерін өрге сүйреген қайраткердің бірі – жазушы, кинорежисер Сатыбалды Нарымбетов. Өзекті де өткір шығармалары арқылы халықтың тағдыры мен  ұлттық болмысын көрсете білген талант иесі газетіміздің «Ұлт ұпайы» айдарында қонақта болды. Мені әке-шешем «сатып алған» – Сіздің есіміңіз көптеген шығар­маларыңызда Сәкен деп жазылған екен. Сәкен Нарымбетов деп. Неге? – Менің Сатыбалды деген есімім төл­құжатымда ғана жазылған. Ал айна­лам­дағылардың бәрі Сәкен дейді. Неге есі­мімді Сатыбалды қойған десеңіз, менің алдымда бес бала болған екен. Бірақ, бәрі бір-екі жастан аспай, көз жұма беріпті. Оны біреулер көз тигеннен болды деп жатады, енді біреулер ауырды ... Читать далее »

Астанада мемлекеттік тілді үйрену қажет деп санайтындардың үлесі – 95 пайыз

5

Өткен жылы Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ауқымды жұмыстарды жүргізді. Бұл жұмыстар бірнеше бағытқа бөлінді. Былтыр атқарылған жұмыстар жөнінде аталмыш басқарма басшысы Тілеуғали ҚЫШҚАШБАЕВПЕН сұхбаттастық.  ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ – Тілеуғали Әшірбекұлы, өткен жылы өзіңіз басқаратын басқарма біраз шара өткізген сияқты. Олардың барысы туралы газетімізде жазылды. Десек те, сол шаралардың қоры­тын­дысын шығаратын уақыт келген секілді. – Жалпы алғанда былтыр елор­дада барлығы 23 іс-шара ұйымдастырдық. Олардың қата­рында 1 дөңгелек үстел мәжілісі, мем­­лекеттік тілді дамытуға ар­нал­ған 13 ... Читать далее »

Жұмыстан қысқарту тәртібі қалай жүргізіледі?

sokrashhenie_na-isp

– Мен Астана қаласындағы шағын кәсіпорынның бірінде жұмыс істеймін. Жуырда басшымыз қаржылық жағдайға байланысты бірқатар кісілердің жұмыстан қысқаратынын айтты. Дегенмен, нақты қандай мамандар кететіні белгісіз. Сұрайын дегенім, жұмыс беруші қызметкерлерді қысқарту тәртібін қалай жүргізеді? Ең бірінші кімдер жұмысынан айырылуы мүмкін? Елдос Ибрагимов,елорда тұрғыны Оқырман сауалына заң саласының білікті маманы Нұржан Пірмағанбетов жауап береді. – Жұмыс беруші жұмыскерлерді қысқарту кезінде кемінде бір ай уақыт бұрын еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерді жазбаша хабардар етуге, айына орташа еңбекақы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізуге және жұмыспен қамту орталығына лауазымдар мен кәсіптерді, мамандықтарды, біліктілікті және еңбекақы ... Читать далее »