-->

Саясат

ЖАРАУ АТТАЙ ЖАҢА ҮКІМЕТ

Правительство РК

Еліміздің экономикалық саясатындағы жаңа бағыттар талабына жауап беруі тиіс Ел болдық! Енді ертеңді ойлайық! Бүгін айтып жүрген әңгімелеріміздің де, атқарылып жатқан істеріміздің де, саясатымыздың да түп-төркіні, негізгі мақсаты – осы! Шүкір, көп жұмыс жасалды, жасалуға тиістісі одан да көп. Жанды жегідей жеп жүрген әттеген-айлар да жеткілікті, қарын аштыратын жағдайлар, оқиғалар баршылық. Әлемдік экономикада қалыптасқан ахуал өңірлік те, жаһандық та тұрғыдан жіті көңіл бөлуді талап етеді. Сондықтан да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 6 тамызында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Үкіметтің бұдан арғы экономикалық саясаты қазіргі кездегі қатерлерді ескеруге бағытталуы керек. ... Читать далее »

ЕРЛІК – ӨШПЕС ӨНЕГЕ

ERA_2977

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуға тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады» деп атап өткен еді. Сонымен қатар, Елбасының қазақстандық патриотизм туралы да сан мәрте салиқалы сөз айтқанын естідік. Атап айтқанда, айтулы Жолдаудағы «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады» деген сөзі отансүйгіштік қасиетті алдымен өскелең ұрпаққа сіңіру қажеттігін аңғартып тұрса керек. Бұл ретте елімізде ... Читать далее »

АСТАНА – СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОЙЛАР МЕН ҰМТЫЛЫСТАРДЫҢ БАСТЫ ЖЕМІСІ

Астана

Таяуда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» атты кітабын тағы бір қайтара зор қызығушылықпен оқып шықтым. Оқи отыра, «Сарыарқа сауырындағы, ерке Есіл бауырындағы» сәулеті келіскен қазақтың кіндік қаласы Астананы орнықтыру жолында қаншама күш-жігердің, қажымас қайраттың, толассыз еңбектің қажет болғандығын ерекше түйсіндім. Иә, бүгіндері атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Бірақ, күнделікті осынау шаруаларға бойымыздың үйреніп кеткендігі соншалықты, біз оларға оншалықты мән беріп жатпаймыз, оларды бағалауға немесе себеп-салдарын іздеуге әсте тырыспаймыз. Расында, осыдан 20 жыл бұрын еге­мен еліміздің өмірінде бір қарағанда тосын көрінгенімен, шын мәнінде, ең ... Читать далее »

ҰТЫМДЫ ЖYРIC – ҰЛЫҚ ЖЕҢIС

жана астана 1

Бейбітшілік қаласы атанып, әр қазақтың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялататын Астанамыздың тұрғын халқының саны ресми деректер бойынша сегіз жүз отыз мың адамнан асып отыр. Бір кезде шағын ғана облыс орталығы болып, әміршілдік-әкімшілдік саясаттың талай құйтырқысын көрген аймаққа бүгінде бақ қонды. Елінің жүрегі – байтақ елдің тірегі атанды. Сәулеті асып, береке-дәулеті тасыған ірі мегаполиске айналып келе жатқан сұлу шаһардың тұрғыны болу әркімнің арманына айнала бастады. Қазіргі жағдай халықтың табиғи өсімінің жоғары екенін растайды. Сонымен қатар, кейінгі онжылдықта көші-қон есебінен де ұлтымыздың көбейе түскені көңілге қуаныш ұялатады. Әсіресе, бұрын азшылық болып келген солтүстік ... Читать далее »

СӨЗ БОСТАНДЫFЫ – ЖАСАМПАЗДЫҚ КЕПIЛI

SMI

Үнді халқының ұлы перзенті Махатма Ганди өмірде баға жетпес төрт бостандықтың бар екендігін айта келе, олардың ішінде сөз бостандығына ерекше мән береді. Мұндайда көрнекті поляк жазушысы Бруно Ясенскийдің: «Досыңнан қорықпа, көп болса сатып кетер. Дұшпаныңнан қорықпа, көп болса өлтіріп кетер. Қорықсаң, немқұрайлы адамнан қорық. Өйткені, немқұрайлылықтың кесірінен өмірде сатып кету, өлтіріп кету бел алуда» дегені ойға еріксіз оралады. Бәрімізге белгілі, тәуелсіздікке дейінгі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ата дәстүріміз аяққа басылып, ұрпағымыз қасиетті ана тілінде ұлағатты сөз тыңдаудан қалды. Есесіне, түрлі ұлттардан тарих әлемінде бұрын-соңды кездеспеген ұлтсыз дүбәрә қоғам құруға ... Читать далее »

ЕЛБАСЫ – БIРЕУ, ЕЛ-ЖҰРТЫ – ТIРЕУ

01.08 Узунагаш Алм

Бүгінгі Қазақстан – экономикасы өркендеген кемел ел. Алайда, ол дәл осы күйінде әлем назарына ілігіп, дұшпан күйініп, дос сүйінетіндей жағдайға бірден жете қойған жоқ. Оның жан-жақты қарыштап қарқын алып, өрлеп, кемелденуінде халқын жасампаз істерге бастай білген ту ұстаған қайраткер тұлғаның көреген де сарабдал саясаты жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев 1989 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына келгенде елдің жағдайы қандай еді? Сыртқа шикізат беруден жүдеп-жадаған экономика мен жалған уәдеден жалығып, ертеңі не боларын болжап білмейтін бұқараның болашаққа сенімдері тіпті әлсіз-тұғын. Ол осы күйзеле бастаған халықтың кеудесіне «әуелі – экономика, сосын саясат» ... Читать далее »

ІРКІЛІССIЗ ІЛГЕРIЛЕУ ІЗІМЕН

05(7)

Бейсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен кездесті. Корея – әлемге «Азия жолбарысы» ретінде танылған мемлекет. Қарапайым аграрлық елден экономикасы қарқынды дамыған алпауытқа айналған Кореяның бүгінде жылдық сауда айналымы 1 триллион доллардан асады. Қысқа мерзім ішінде екпінді өркендеген ел қазір дүниежүзіндегі экономикасы ең озық жиырма елдің біріне айналып отыр. Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынас 90-жылдардың басынан басталып, бүгінде барлық сала бойынша жарасымды байланыс орнықты. Елімізге алғаш рет мемлекеттік сапармен келіп отырған Пак Кын Хе – Корея Республикасының 11-інші президенті. Билік тізгінін былтырдан ... Читать далее »

ХАЛЫҚ БІРЛІГІ – КЕМЕЛ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ

Ассамблея

Бір кезде Израиль мемлекетін көп жылдар бойы басқарған Голды Меирдің естелігін оқыған едім. Оның: «Өмірдегі ең бақытты шағым – БҰҰ-ның шешімімен Израильдің өз алдына дербес мемлекет болып құрылғанын естіген қарапайым еврейлер көздерінің жасын тыя алмай, жерді аймалай құшып сүйгендерін көрген тұсым» деп ағынан жарылғаны есімде қалыпты. Отан сүйгіштіктің нағыз үлгісі емес пе бұл?! Еврейлердің осы қасиеті көлінен шөлі басым құмды аймақты бүгінде гүлденген алдыңғы қатарлы мемлекетке айналдырып отыр. Тәуелсіздіктің тәтті дәмін татуды тағдыр Қазақ еліне де жазыпты. «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы ... Читать далее »

«ІШТЕН ШЫҚҚАН ЖАУ ЖАМАН»

8bfc6ce0b6362c2e8cef6b0a94c61f8a_XL

Еркіндікке құштар украин халқы өзінің бесінші президенті Петр Порошенконы ұлықтап, таққа отырғызды. Салтанатты рәсімге Беларусь президенті Александр Лукашенко мен АҚШ вице-президенті Джо Байден, тағы да басқа ресми адамдар қатысты. Ал, Ресей президентімен Петр Порошенко күні бұрын Францияда екінші дүниежүзілік соғыста одақтастар әскерінің Нормандияға кіруіне жетпіс жыл толу құрметіне арналған шараларға қатысуға барғанда кездесіп еді. Алайда, он бес минут қана тілдескен Порошенко мен Путиннің әңгімелері онша жараспаған сыңайлы. Ұлықтау рәсіміне Ресей президенті шақырылған жоқ. Сөйлеген сөзінде Петр Порошенко елдегі шиеленісті бейбіт жолмен реттеу жос­парын жария­лады. Донбаcта кезектен тыс сайлау өткізуге дайын ... Читать далее »