-->

Саясат

Үкімет қаржыны тиімді игеруді реттемек

0789

Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысты, оның барысында 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп қаралып, бекітілді. Депутаттардың алдында сөз сөйлеген К.Мәсімов ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет әрекеттегі бағдарламалар аясында қаражатты қайта бөлу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтып өтті. «Біз «Нұрлы жол» бағдарламасының кейбір баптарын, ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, Үкіметтің ішіндегі кейбір қосымша ресурстарды қайта қараймыз. Қысқа мерзімді жоспарда қаражатты әлдеқайда тиімдірек пайдалануды көздеп отырмыз», – деді К.Мәсімов. Премьер-Министрдің пікірінше, экономика өсіміне тұрғын үй құрылысы көлемін одан әрі ұлғайту жақсы серпін болмақ. Осы мақсаттағы ... Читать далее »

АЗАМАТТАР СЕНІМІ МАҢЫЗДЫ АСПЕКТ

Берик Имашев

Кеше Астанада ҚР Әділет министрі Берік Имашев халыққа есеп беру кездесуін өткізді.  Министр реестрге сәйкес Әділет министрлігінің құзырына мемлекеттік қызметтің 53 түрі бекітіліп, оның ішінде министрлікпен тікелей 40 қыз­мет түрі көрсетілетінін, 9 жер­­гілікті атқару органдарымен және төрт қызмет «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясымен атқарылатынын атап өтті. Осы ретте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Халық үшін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимылдың және меморгандар қызметіне азаматтардың сенім арттырудың маңызды аспектісі болып табылады, деп атап өтті Б. Имашев. Халықаралық келісімдер ... Читать далее »

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ОҢ ЫҚПАЛЫ

Астанада ұйымдастырылған Халықаралық валюта қорының Өңірлік кон­ференциясының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Оған ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард қатысты.  Қазақстан Үкіметі мен ХВҚ сарапшылары арасында тығыз ынтымақтастық орнағалы бірнеше жылдың жүзі болды. Елордада өткен конференцияда қос тарап өңірде қалыптасып отырған экономикалық ахуал туралы пікір алмасып, соның ішінде ақша-несие саясатын және құрылымдық реформаларды жетілдірудің тетіктерін, сондай-ақ, Қазақстанның эко­но­микалық дамуының орташа мерзімді перспективалары мәселелерін талқылады. Қазақстанда сыртқы жағым­сыз факторларды жұмсарту үшін және елдің тұрақты дамуына бағытталған, бес институционалды реформалар аясындағы шаралар туралы айтылды. Сондай-ақ, ҚР ... Читать далее »

АСТАНА КӨШ БАСТАП ТҰР

3ba3332b4df08608c6d9dd1f656d972f

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековты қабылдады. Ә.Жақсыбеков Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Кездесу барысында Қазақстан Президенті өңірлік жалпы өнімінің көлемі 4 триллион 560 миллиард теңгеге жеткен қала бүгінде өсім қарқыны бойынша елде бірінші орында тұрғанын айтты. Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өсімі байқалуда, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ол 770 миллиард теңге болды. Шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 2014 жылы 93 мың болса, қазіргі кезде 105 мыңға дейін жетті. Шағын ... Читать далее »

Коллекторлық қызмет қалай жүргізіледі?

Апта басында Парламент Мәжілісінде «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. Әлеуметтік тәуекелдерге ұшырайтын банктік кредиттеу және микроқаржыландыру секторында туындайтын мерзімі өткен берешекті өндіріп алу барысындағы коллекторлық агенттік, кредитор және борышкердің арасындағы өзара қатынас­тарды реттеуге бағытталған заң жобасы жайлы алдымын ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов пікірін білдірді. «Аталмыш заң жобасы арқылы коллекторлық қызметтер нарығын дамытуға қолайлы жағдайлар жасалып, мерзімі өткен берешекті өндірудің тиімділігі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, халықтың қызметке сенімділігін арттырып, әлеуметтік шиеле­ніс­терді төмендету де қарас­тырылады» деп атап өтті Ұлттық банк өкілі. Заң жобасында коллектор­лық агенттіктер қызметінің ай­қын әрі ... Читать далее »

ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР ЖЕЛІСІ

IMG_8682

Биыл Қазақстан тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлағалы тұр. Жақында  Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы шықты. Елбасы барша қазақстандықтарды Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және реформаларды жүргізуге барынша белсенді қатысуға, олар ашатын мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі, еліміздің мәңгілік болуы тек өз қолымызда екенін тағы да атап өтті.  Әлемдік экономикалық дағдарыстың және геосаяси жағдайлардың біздің экономикаға тигізіп жатқан ықпалына қарамастан, қазір елімізде Мемлекет басшысы ұсынған бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамды» орындау қолға алынды. Президент Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметтің, атқарушы және өкілетті органдардың, әрбір ... Читать далее »

ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ АЙНАСЫ

6F4113CB-077C-4E28-9097-4E4A6118E302_mw1024_s_n

«Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни, мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ» – Елбасының осы сөздері елдің негізгі заңы талаптарынның  сақталуы арқасында мемлекеттің зор табыстарға жетуінің ... Читать далее »

САЙЛАУ ТАРИХЫН САРАЛАСАҚ

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі Қазақстан Республикасының Президентін сайлау тарихына көз жүгіртсек, ең алғаш рет 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен (98,76%) жеңіске жетті. 1999 жылғы өткізілген Қазақстан Респуб­ликасының Президентін сайлау қорытындысы бойынша Н.Назарбаев жоғары пайызды дауыс­пен Президенттік қызметіне қайта сайланды. Келесі сайлау 2005 жылы өтті. Парламент Сенаты мен ел президенттігіне сайлаулар республикамыздағы бірқатар билік күштері мүдделерінің тоғысуына алып келді. Елбасы Н.Назарбаев өзінің жаңа президенттік мерзімге сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Қазақстан халқына арналған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік ... Читать далее »

ЫҚПАЛДАСТЫҚ НЕГІЗІ – ЫНТЫМАҚ

IMG_1451

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың және Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтті. Мемлекеттер басшылары өзара сауданы және үш елдің экономикалық өзара ықпалдастығын арттыру мәселелерін қарастырды. Бұдан бөлек, президенттер әлемдік экономикадағы үрдістердің дамуын, сондай-ақ Украиадағы жағдайды талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыс көріністері тұрғысынан әлемдегі қазіргі ахуалды талқылау үшін бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті. – 2007-2009 жылдардағы дағдарыс жаһандық сипатта болған еді, ал қазіргісі өңірлік бағыт алып отыр және энергия ресурстары мен біз өндіріп жатқан тауарлар бағасының төмендеуінен туындады. Біз мұндай қатердің боларын болжадық, ендігі міндетіміз – ... Читать далее »

СЕНАТОРЛАР ҮНДЕУ ҚАБЫЛДАДЫ

Сенат

19 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болып, онда палата Қазақстан халқы ассамблеясы кеңе­сінің кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастамасын бірауыздан қолдады және Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа сайлауды тағайындау туралы мәселені қарауды өтінген Үндеу қабылдады. Үндеуде сенаторлар Елбасының дана және мықты көшбасшылығының арқасында Қазақстан халқы еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы барлық қиындықтарды абыроймен еңсергенін айта келіп, «Сіз тәуелсіздік жылдарында дамыған нарықтық экономикасы, халықаралық қоғамдастықтағы беделді ұстанымдары бар табысты мемлекет құра білдіңіз. Сондықтан да, қазақстандықтардың бүгінгі таңдағы барлық жетістіктерін: тұрақты экономикалық өсуді, демократияның дамуын, ұлтаралық келісім мен әлеуметтік ... Читать далее »