-->

Саясат

ТҮРКИЯДА ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛДЫ

water

Өткен жұмада Түркияның Анкара мен Ыстамбұл қалаларында Түрік қарулы күштері ішінен құралған бір топ әскер мемлекеттік төңкеріс жасап, билікті басып алуға әрекеттенді. Осы оқиғаға байланысты бүгін Түркияның Қазақстандағы елшілігі ресми мәлімдеме жасады. Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык 16 шілдеден бастап Түркияда жағдай тұрақталғанын жеткізді. – Қауіпсіздік органдары да, прокуратура органдары да төңкеріске қарсы қажетті шараларды шұғыл қабылдап, оқиғаның ушығуының алдын алды. Мемлекетінің бүтіндігін көксеп, ынтымақтықта әрекет еткен халқымыз көшелерге шығып, бүлікшілер мінген танктердің жолын кесті. Бүлікшілердің Түркия теледидары мен радиосы ғимаратын қарумен басып алу әрекетіне де тез арада ... Читать далее »

Н.Назарбаев Түркиядағы қарулы төңкеріс жасау әрекетіне байланысты Р.Ердоғанға жеделхат жолдады

0111

Жеделхатта Елбасының жекелеген теріс пиғылды күштердің Түркияда қарулы төңкеріс жасау әрекеті туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдағаны атап өтілген. «Қайғылы оқиға салдарынан барлық қаза болғандар мен зардап шеккендер отбасыларының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Бауырлас түрік халқын бірлестікке және болған оқиғаға қатысты төзімділік танытуға шақырамыз. Жағдайдың тезірек ретке келетініне сенімдіміз. Түрік халқы мемлекеттің демократиялық жолмен сайланған қазіргі басшылығымен бірге барлық сын-қатерлерге төтеп беріп, демократия және өркендеу жолындағы тұрақты дамуын жалғастыратынына еш күмән келтірмейміз», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға тілектестігін білдіріп, достас елдердің жарқын ... Читать далее »

Қазақстан Президентінің атына келіп түскен құттықтаулар

01

Мемлекет басшысының атына шетел мемлекеттері мен үкіметтерінің басшыларынан, саяси қайраткерлерден, шетелдік және отандық компаниялардың жетекшілерінен, бизнес, ғылым, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдерінен, сондай-ақ қарапайым азаматтардан оның туған күніне, Астана күніне және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануына байланысты көптеген құттықтау хат келіп түсті. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өз жолдауында Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, екі ел арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестікті дамытудағы оның еңбегін атап өтті. Сондай-ақ ол Елбасының еуразиялық кеңістіктегі тату көршілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесіне тоқталды. «ЕАЭО көбіне-көп Сіздің ... Читать далее »

Мемлекет басшысы Франция Президенті Франсуа Олландқа Ниццада болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

7a7b987a87fb67ac4b030e1b0e9c3311

Жеделхатта Қазақстан Президенті 14 шілдеде Ницца қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. «Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, қандай мақсатта болса да жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Ф.Олландқа, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына көңіл айтты. Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. akorda.kz Читать далее »

К.Мәсімов АСЕМ саммитіне қатысу үшін Моңғолияға барды (ФОТО)

01

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Еуропа және Азия елдері саммитіне (АСЕМ) қатысу үшін Моңғолияға келді. К.Мәсімов сапарын Елбасының тапсырмасы бойынша Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының Өлгей қаласынан бастап, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ, Премьер-Министр Ұлан-Батырға келіп, Моңғолияның тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысты. Өлгей қаласында К.Мәсімов аймақтық өлкетану мұражайының экспозициясымен танысты. Аймақтық өлкетану мұражайы 1948 жылы құрылды. Мұнда 5200-ден астам жәдігерлер сақтаулы. Премьер-Министр Моңғолияның ең ірі қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. Өлгей қаласында 90 мыңнан астам адам тұрады, оның 88,7% – этникалық қазақтар. К.Мәсімов 2014 жылы ашылған №1 қазақ мектебін аралады. Қазақстан Үкіметі мектепті оқу құралдарымен және ... Читать далее »

Елбасы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинді қабылдады

001

Кездесу барысында С.Кулагин Мемлекет басшысына өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне назар аударды. Қазақстан Президенті жылу беру маусымына уақытылы әрі сапалы дайындалудың маңыздылығын да атап өтті. Ақмола облысының әкімі биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша нақты сектор салаларында өсім көрсеткіші қамтамасыз етілгенін айтты. Айталық, өнеркәсіп саласында өндірістің нақты көлем индексі 106,5%-ке жетіп, республика бойынша көшбасшы көрсеткішке айналды. С.Кулагиннің ... Читать далее »

Н. Назарбаев Тереза Мэйді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады

1297e472ccf3a8c960e7440167834475

Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады және екі елдің арасында берік қарым-қатынас орнағанын атап өтті. «Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлауда Қазақстанның кандидатурасын қолдағанын еліміз жоғары бағалайды. Біз екіжақты серіктестікті екі мемлекет халықтарының игілігі жолында дамыта беруге әзірміз», – делінген жеделхатта. Елбасы соңында Т.Мэйдің жаңа қызметінде табысты болуына, ал Біріккен Корольдік халқының өркендей беруіне тілектестігін білдірді. Читать далее »

Нұрсұлтан Назарбаев Дэвид Кэмеронға оның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметінің аяқталуына байланысты жеделхат жолдады

7a7b987a87fb67ac4b030e1b0e9c3311

Елбасы жеделхатта Д.Кэмеронға Астана мен Лондон арасындағы байланыстарды жан-жақты нығайтуға зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы сондай-ақ Д.Кэмеронды 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесінің құрметті қонағы болуға шақырды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев  Ұлыбритания экс-Премьер-министрі Д.Кэмеронға зор денсаулық, бақ-береке тіледі. akorda.kz Читать далее »

ҚР мен РФ арасындағы Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісім Хаттамасына өзгеріс енгізілді

01

Мемлекет басшысы «1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. akorda.kz Читать далее »

Мемлекет басшысы Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренциге Бари провинциясында болған пойыздар апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Akorda

Қазақстан Президенті жолаушылар пойыздарының соқтығысуы салдарынан  ондаған италиялық азамат опат болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев ауыр қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Читать далее »