Саясат

Ынтымақтастыққа іргелі бетбұрыс

Кешегіні ұмытпай, үнемі еске алып отырсақ, бүгінгіні бағалап, алдағыны ардақ тұтарымыз анық. Әрі біз үшін ең басты мақсат тыныштық, тұрақтылық, татулық десек, айналамызда болып жатқан оқиғаларды жіті қадағалап, тиісті ой түйіп отыруымыз маңызды. Бұл ретте Қытай астанасы Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтас­тық форумын соңғы аптаның ірі оқиғасы ретінде қабылдаған жөн. 29 мемлекеттің басшысы қатысқан мәртебелі жиын алпауыт мемлекеттердің қазіргі текетірес жағдайында халық­аралық ахуалды жақсартуға игі әсер етеді деп күтілуде. Мәселен, Қытай басшысы Си Цзиньпин Еуразияда ежелгі Жібек жолын жаңа, заманауи форматта қайта жандандыру идеясы әлемде белең алып …

Ары қарай оқу

ТЕМІРҚАЗЫҚ

2005 жылы Қырғызстанда алғашқы төңкеріс болып, Үкімет үйін басып алған халықтың жосықсыз қылықтары теледидардан көрген жанның жағасын ұстатты. Бұл қырғыз бауырларға не болды, тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз қолымен сайлаған төл өкіметіне соншалықты ашынғаны несі екен деген ойлар мазалап, осы елді өз көзіммен көріп қайтуға сұранып, сол кездегі «Егемендегі» басшымыз Ержұман Смайылға ұсыныс жасадық. Ер-аға ұзақ толғанып, тек 2006 жылдың басында ғана Қырғыз еліне іссапарға жіберді. Экономикалық айырма­шылықтарымыз көп екен, бірақ ең бастысы… Кешегі коммунистік идеология­ның іздері сайрап тұр. Елдің тәуелсіздік алғанына 15 жылдан асып бара жатса да «Орта Азиядағы Лениннің …

Ары қарай оқу

Тілдің байлығы емес, қызметі маңызды

Үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешовпен сұхбат жарық көрген еді. Тіл жанашыры өз кезегінде тілдің жүз мыңдаған байлығының ішінен күнделікті қолданысқа, тұрмысқа, қарым-қатынастың басқа да түрлеріне қатысты етіп іріктеп, тілді үйретуді қолға алғандықтарын айтты. Тілдің байлығы өз алдына, оның қызметін де ойлау керектігін алға тартты. Әлемдік қауымдас­тықта ешкімнің тілдің байлығымен мақтанбайтындығын айтып, оның қызметін арттыруды қолға алу керектігі жөнінде нақты пікірін білдіріп, тәжірибе жүзінде атқарып отырған жұмыстарымен бөлісті. Бұдан өзге осы тіліміздің төңірегінде қордаланып қалған бірнеше мәселеге тоқталды. Сол-ақ екен, жазылған жай …

Ары қарай оқу

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Елордалық ардагерлер қозғалысының белсенді өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын өтті. Бұл басқосуға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаев қатысты. Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов баяндама жасап, атқарылған жұмыстар барысына тоқталды. «Біздер аға ұрпақтың маңдай тері мен еселі еңбегін жоққа шығаратындардың қатарынан емеспіз. Сол себепті де, ардагерлеріміз қариясын қазынаға теңеген қоғамның құрметіне бөленіп отыр» деп сөзін бастады баяндамашы. Жалпы алғанда, тұрғындардың орташа өмір сүру жасы бүгінде жетпіс екі жасқа жетіп отыр. Бұл – еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалының ілгері озғандығының да белгісі. Ардагерлердің …

Ары қарай оқу

ҰСАҚ БҰЗАҚЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Елбасы халыққа Жолдауында «… біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұ­­з­ақы­лықпен ымыраға келмеуіміз керек. Өйткені осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді» деген болатын.  Расында да, тәртіп пен ішкі мәдениет ақсаған жерде үл­кен олқылықтарға жол бері­летіні белгілі. Міне, осындай келеңсіздіктердің алдын алып, болдырмау мақсатында Астана қаласының қоғамдық тәртіп сақшылары кешенді түрде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыруда. Соның бірі – кеше Сарыарқа ауданы Ішкі істер басқар­ма­сының ғимаратында «Ел­ордадағы қауіпсіздік пен жай­лылық» аясында өткізілген көшпелі сот отырысы. Судья Әйгерім Сәдуақасо­ваның төрағалығымен өткен сот отырысында Қазақстан Рес­публикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша …

Ары қарай оқу

Күн тәртібінде – қоғамдық тәртіп

  Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қала өмірінің маңызды салаларына қатысты мәселелер қаралып, оның оң шешімдері депутаттар қолдауына ие болды. Сессияның күн тәртібіндегі елордадағы құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары барысын депутаттар үнемі назарда ұстап келеді. Астаналық Ішкі істер де­партаменті жеке құрамының 42 пайызы ғана қызметке қолайлы орын-жаймен қам­тамасыз етілгенінен халық қалаулылары бейхабар емес. Сессия алдында олар құқық қорғау органдарының жұмы­сымен танысып, барлық жайтты өз көздерімен көріп келген болатын. Депутаттар тәртіп сақшыларының кеңселері талапқа сай келмейді деген тоқ­тамға келген-ді. Мысалы, Сарыарқа аудандық ІІД 1968-1969 жылдары салынған ғи­маратта …

Ары қарай оқу

Мемлекеттік тілдің мәртебесі

Тіл  тек  қарым-қатынас  құралы ғана  емес,  ұлтымыздың  биік  тұғыры. Ал  қазақ ұлтының мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Елбасы  Н.Ә.Назарбаев : «Қазақ  пен қазақ қазақша сөйлессін. 2025 жылға дейін қазақ тілі әрбір қазақстандықтың күнделікті қолданыс құралына айналуы тиіс»,-деді.  Дегенмен  де, біздің  мемлекетімізде өкінішке орай, өз тілін білмейтін және білем деп  үйренуге  талпынбайтындардың бар екендігі  қынжылтады. Өйткені,  ана тілін білмейтін адам ана тілінің  тұғырын биіктете алмайды ғой. «Сүйемін туған тілді- анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ  берген  білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнін,- деп  қазақтың  ақыны    С .Торайғыров  жырлағандай    ана тілінде  сөйлеуіміздің …

Ары қарай оқу

«Cудья әдебі кодексі сот төрелігін жүзеге асырудың маңызды бөлігі»

Ежелгі заманнан бері қазақ халқы билердің қызметін жоғары бағалап, олардың қабылданған шешімдерін қадір тұтқан. «Билік айту – оңай, біліп айту – қиын» деп бекер айтпаса керек. Судьялардың сот төрелігін жүзеге асыруда  ақиқатты  шешім шығарып, әділ қазылық етуі  олардың негізгі парызы болып саналады. 2016 жылы  21 қарашадағы  Қазақстан Республикасы Судьяларының ІІV Съезінде қабылданған Судьялар Әдебі кодексінің жаңа  нұсқасы –съездің басты жаңалығының көрінісі. Жаңа  қабылданған 15 баптан тұратын, Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңына негізделген  судьялардың әдеп кодексі судья үшін тәртіптік әдеп стандарттарын белгілейді, олардың  адамгершілігіне, …

Ары қарай оқу

Жедел шара өтеді

Астанада 15 наурыз бен 1 маусым аралығында «Учаске» жедел профилактикалық шарасы өтеді. Бұл туралы Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаев хабарлады. Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, «ЭКСПО-2017» ха­лықаралық көрмесі қар­саңында «Елордадағы қауіп­сіздік пен жайлылық» бағ­дарламасы іске асырылады. Аталған шараға қалалық Ішкі істер департаментіндегі барлық бөлімшелердің жеке құрамы мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жауынгерлері қатысады. – Учаскелік инспекторлар тұрғындар туралы мәлімет алу үшін пәтерлер мен аулаларды аралайды. Сондай-ақ, өзінің және Ішкі істер басқармасының кезекші бөлімдерінің байланыс мәліметтері бар карточкалар таратады. Бұл шара азаматтардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету­ге және елор­да­дағы қоғам­дық тәртіпті …

Ары қарай оқу

ӘЛЕУМЕТКЕ КЕҢЕС БЕРДІ

Сарыарқа ауданының прокуратурасы «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, ашық есік күнін өткізді. Оған 50-ге жуық елорда тұрғындары қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партия­сы Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүке­нов­тің айтуынша, шара барысында қойылған халықтың әрбір сұрағы назардан тыс қалмайды. Мәселен, 2016 жылы қоғамдық қабылдау бөлмесіне 220 мыңнан астам адам хабарласқан. Ал биылғы жылдың алғашқы екі айында 24 мыңнан астам халық қабылдау бөлмесіне жазылған. – «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болғандықтан, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, оны шешуде қыруар жұмыс жасалып жатыр. Елбасының тапсырмасы бойынша …

Ары қарай оқу