-->

Саясат

ЭКСПО НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

e-kspo-2017-1-e1462835779274-asli

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен бірқатар депутаттар «Астана ЭКСПО-2017» аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысанда­рымен танысты және ха­лықаралық көрмеге да­йын­дық мәселесіне арналған кеңеске қатысты. Мәжіліс төрағасы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ауқымды жұмыс­тар атқарылғанына тоқтала келе, таяу уа­қытта Астана энергия үнемдеу мен баламалы энергия көздерін пайдалануда әлем­дік үздік технологиялар үшін орта­лық алаңға айналатынын, көрмеге дайын­­дық аясында депутаттық корпус та елеулі үлес қос­қанын, атап айт­қанда, халықа­ралық көр­мелер туралы конвенция ратифи­ка­ция­лан­ғанын, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан­дырылған көрме мәселелері жө­нінде заң қабылданғанын атап өтті. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық жоғары бе­делінің арқасында еліміз осы бірегей шараны өткізу ... Читать далее »

Басты құжат кемелдене түсті

9c8fdcac15869536d799c18a3cb38ffe-asli

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы» ҚР Заңының Қазақстан Республикасы Конс­титуциясына сәйкестігін анықтау мақсатында Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысы жария етіліп, Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынылған еді. Кеше Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш заңға қол қойып, мемлекетіміз үшін мәні зор тарихи шешімнің жүзеге асатын сәтінде қазақстандықтарға арнап сөз сөйледі. «Бұл – қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды қадам. Заң билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңге­рімді етуге бағытталған. Оның жобасы бір ай бойы қызу қоғамдық талқылаудан өткенін білесіздер. Соның нәтижесінде жұртшылық тарапынан 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Арнайы құрылған ... Читать далее »

Сәкен серінің «Рузтайы»

roza-tate-asli

Қазақтың даңғайыр жазушысы Сәкен сері Жүнісовтің туған қарындасы Роза Нұрмаққызы да екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы қазақ жеріндегі неше дүркін саяси-әлеуметтік дүмпуді өз басынан өткеріп, соның бәрін жүрегінде сақтап қалыпты. Ерен зеректік қой бұл. Кез келгенге ол бұйырмаған. Өмір жолын саралай отырып, әулетімен ұлт саулығы жолында қызмет еткен Роза Жүністің мына бір әңгімесі ойлантқандай. Бұл күйді мен де, ол да, барша солтүстіктіктер де бастан кештік емес пе. Соның «жемісін» әлі де көрудеміз. Иә, «Арқа жайлы болса арқар ауып» несі бар… «Сөнбейді жаққан шырағың» атты кітабында Роза Жүніс мына біз айқайлап айта ... Читать далее »

Конституциялық кеңеске жолданды

1440572132ya8x6-asli

Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы екінші оқылымда мақұлданды. Конституцияға түзетулерді екінші оқылымға дайындау барысында Парламент депутаттарымен бірге Конституциялық Кеңес, Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Нотариалдық палаталар, Құқық қорғау органдары академиясы, Кәсіподақтар федерациясы, Заңгерлер одағы, Әділет министрлігі соттық сараптама орталығы басқа да өкілдердің қатысуымен кең көлемде талқыланды. Пікірлесуге бірқатар мемлекеттік емес ұйым мүшелері де қатысты. Заңнамалық нормалар және Сенат пен Мәжіліс депутаттары енгізген өзгерістер бірлескен комиссия отырысында қаралды. Парламент Палаталары депутаттарының алдында баяндама жасаған, аталған заң жобасы бойынша құрылған бірлескен комиссияның ... Читать далее »

Техникалық тұрғыда дамуға назар аударды

Талдыбек НҰРПЕЙІС, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор: Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы ерекше болып отыр. Бұл Жолдау мен осының алдында ғана жасалған Елбасының саяси үндеуі арасында тікелей байланыс бар. Өздеріңізге белгілі, тәуелсіз­ді­гі­міздің елең-алаңында, өткен ға­сырдың тоқсаныншы жылдарының басында елдегі жағдай қиын болды. Сол кезеңде экономика мен өндіріс тұралап қалды. Бұл кезде Президент елдің тағдырын шешуді ойлап, билік тетіктерін өз қолына алды. Ал арада 25 жыл өткенде ел еңсесін тіктеді, халықтың жағдайы едәуір жақсарды. Білім, мәдениет сынды əлеуметтік салалар алға басты. Қазір дамудың келесі кезеңінің ... Читать далее »

СҰРАНЫСҚА САЙ МАМАНДАР ДАЙЫНДАЙМЫЗ

Өмірзақ СҰЛТАНОВ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдаулары еліміздегі өзекті мәсе­лелерді қамтып, өзіндік саяси мәні, әлеуметтік-эконо­мика­лық ерекше маңызы бар құжаттарға айнал­ғаны көпшілікке аян. Еліміздің өткеніне терең талдаулар жасалынып, алыс және жақын болашақты ойластырған дәстүрлі Жолдауларда стратегиялық және ке­­зек күттірмейтін ағым­дық мәселелер өз реті­мен шешімін табуда. Соның айқын айғағы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдауы деп білеміз. Президентіміз онда еліміздің өткен даму жолын екі үлкен жаңару ... Читать далее »

ҚАЛА ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛАДЫ

Мәслихаттың тұрақты отырысында елордалық туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіру барысы талқыланды. Астана қаласы Инвестициялар және даму басқармасы басшысының орынбасары Қанат Исабеков баяндама жасап, алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық шараларына қатысты ақпарат берді. Бүгінгі күнде елордада іс­керлік, мәдени-спорттық туризм даму үстінде. Сонымен қатар, заманауи медициналық кластер алға озуына байланыс­ты осы саланың дамуына үлкен серпіліс бар. Баяндамашының айтуынша, туризм саласын жүйелі дамыту үшін 2020 жылдарға арналған бағдарлама қабылданған. Онда алдағы халықаралық көрмені өткізу шаралары қамтылып, 2018 жылы Астана қаласын қаржы орталығына айналдыру көзделген. Көрме қарсаңындағы дайындық жұмыстарын талдағанда, «ЭКСПО-2017» ... Читать далее »

ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МІНДЕТТЕРІ

bez-imeni-1

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында елімізді жаңғыртудың негізгі бес басымдығын айқындап берді. Осыған орай өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Жолдауды жүзеге асыру шараларына тоқталып, министрліктер мен ведомстволарға бірқатар тапсырмаларды берді. ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ Елбасы бірінші басымдық ретінде экономиканың жедел­детілген технологиялық жаң­ғыртылуын атап көрсетті. Бұл жерде негізгі мақсат – сандық технологияларды қолдану ар­қылы дәстүрлі секторлар мен қызмет көрсету саласында жаңа индустрияларды өркен­дету болып отыр. Дәлірек айтсақ, 3D-принтингті, онлайн-сау­даны, мобильді банкингті, цифрлық қызмет көрсетуді денсаулық сақтау және білім беру салаларында дамыта ... Читать далее »

Сарыарқа ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша есебі

dsc_0118

Ағымдағы жылдың 30 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында Сарыарқа ауданында 7 есеп беру кездесуі өтеді. Тұрғындардың кездесуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін әкімнің ресми сайтында, сондай-ақ баспа құралдары және әлеуметтік желі­­лерде есеп беру кездесулерінің кестесі жарияланды. Арман Тұрлыбек, Сарыарқа ауданының әкімі Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірі 2016 жылы жарқын іс-шараларға толы болды. Оның бастысы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты өткен мерекелік іс-шаралар легі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында еліміз үлкен табыстарға қол жеткізді. Қысқа уақыт аралығында еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гума­нитарлық салаларында ауқымды жұмыстар атқарылды. Сарыарқа ауданы әкімі ... Читать далее »

Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша келіссөздер жүріп жатыр

c8f421c6822d3f03b90c3ec57a708dc8

Кеше елордамызда Сирия дағдарысын реттеу бойынша келіссөздер басталды. Астана процесі аталған айтулы шараға қатысушыларға Қазақстан Республи­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үндеу жолдады. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хат­шысының Сирия бойынша арнаулы өкілі Стаффан де Мистурамен кез­десті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Астананың келіссөздер өткізуге дайын екенін айтып, барлық қатысушылар үшін жағдай жасалғанын атап өтті. – Мен Ресей, Түркия және Иран Президенттерінің Астанада келіс­сөздер өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алдым. Біз кездесудің жемісті өткенін қалаймыз. Қазақстан кездесуге қатысатын тараптардың бәрімен тең әрі сенімді қарым-қатынаста болғандықтан, келіссөздер қалыпты өту үшін барлық жағдай жасалады ... Читать далее »