-->

Саясат

ҰСАҚ БҰЗАҚЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

daypolice

Елбасы халыққа Жолдауында «… біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұ­­з­ақы­лықпен ымыраға келмеуіміз керек. Өйткені осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді» деген болатын.  Расында да, тәртіп пен ішкі мәдениет ақсаған жерде үл­кен олқылықтарға жол бері­летіні белгілі. Міне, осындай келеңсіздіктердің алдын алып, болдырмау мақсатында Астана қаласының қоғамдық тәртіп сақшылары кешенді түрде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыруда. Соның бірі – кеше Сарыарқа ауданы Ішкі істер басқар­ма­сының ғимаратында «Ел­ордадағы қауіпсіздік пен жай­лылық» аясында өткізілген көшпелі сот отырысы. Судья Әйгерім Сәдуақасо­ваның төрағалығымен өткен сот отырысында Қазақстан Рес­публикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша ... Читать далее »

Күн тәртібінде – қоғамдық тәртіп

????????????????????????????????????

  Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қала өмірінің маңызды салаларына қатысты мәселелер қаралып, оның оң шешімдері депутаттар қолдауына ие болды. Сессияның күн тәртібіндегі елордадағы құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары барысын депутаттар үнемі назарда ұстап келеді. Астаналық Ішкі істер де­партаменті жеке құрамының 42 пайызы ғана қызметке қолайлы орын-жаймен қам­тамасыз етілгенінен халық қалаулылары бейхабар емес. Сессия алдында олар құқық қорғау органдарының жұмы­сымен танысып, барлық жайтты өз көздерімен көріп келген болатын. Депутаттар тәртіп сақшыларының кеңселері талапқа сай келмейді деген тоқ­тамға келген-ді. Мысалы, Сарыарқа аудандық ІІД 1968-1969 жылдары салынған ғи­маратта ... Читать далее »

Жедел шара өтеді

tim_1439-asli-2

Астанада 15 наурыз бен 1 маусым аралығында «Учаске» жедел профилактикалық шарасы өтеді. Бұл туралы Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаев хабарлады. Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, «ЭКСПО-2017» ха­лықаралық көрмесі қар­саңында «Елордадағы қауіп­сіздік пен жайлылық» бағ­дарламасы іске асырылады. Аталған шараға қалалық Ішкі істер департаментіндегі барлық бөлімшелердің жеке құрамы мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жауынгерлері қатысады. – Учаскелік инспекторлар тұрғындар туралы мәлімет алу үшін пәтерлер мен аулаларды аралайды. Сондай-ақ, өзінің және Ішкі істер басқармасының кезекші бөлімдерінің байланыс мәліметтері бар карточкалар таратады. Бұл шара азаматтардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету­ге және елор­да­дағы қоғам­дық тәртіпті ... Читать далее »

ӘЛЕУМЕТКЕ КЕҢЕС БЕРДІ

10-1-asli

Сарыарқа ауданының прокуратурасы «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, ашық есік күнін өткізді. Оған 50-ге жуық елорда тұрғындары қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партия­сы Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүке­нов­тің айтуынша, шара барысында қойылған халықтың әрбір сұрағы назардан тыс қалмайды. Мәселен, 2016 жылы қоғамдық қабылдау бөлмесіне 220 мыңнан астам адам хабарласқан. Ал биылғы жылдың алғашқы екі айында 24 мыңнан астам халық қабылдау бөлмесіне жазылған. – «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болғандықтан, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, оны шешуде қыруар жұмыс жасалып жатыр. Елбасының тапсырмасы бойынша ... Читать далее »

МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫНА ӘЗІРЛІК ҚАНДАЙ?

kbb_1895-2-asli

Тиісті заңға сәйкес, 26 наурыз күні мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнын толтыру мақсатында елімізде сайлау өтеді. Осыған орай кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев пен Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қаладағы №20 сайлау округінде болып, сайлау комиссия­лары жұмысы мен сайлау учаскелерінің дайындығымен танысты. Мәслихаттар сайлауы бір уақытта мемлеке­ті­міздің 58 сайлау окру­гінде ұйым­-дасты­рылады. Босап қал­ған орын­дарға 201 кан­ди­дат өтініш берсе, олардың 188-ін сайлау комис­сия­лары тіркеді. Тиісті талдау жүргі­зіл­генде, бір орынға үш кан­ди­дат­тан келетіні анық­тал­ды. Олар­дың жасы­ның орташа көр­сеткіші – 40 жас. №20 сайлау округіне келсек, депутаттық мандатты ие­лену­ге 7 ... Читать далее »

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯ ЖЕМІСІ

bez-imeni-1

Біздің еліміздің жаңа сая­си өміріндегі ең м­а­­­­­ңы­­з­­­­­­ды оқиға  «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Конституция­сына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылдануы болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен президенттік басқару құзыретінің біршама бөлігі Үкімет пен Парламентке берілді. Сөз жоқ, тәуелсіздік жылдары қуатты президенттік басқару билігі мемлекет дамуына, әсіресе, елімізді алға жылжыту жолында аса күрделі стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде оның нәтижелі болуына мүмкіндік жасады. Демек, президенттік басқару жүйесі елмен егіз, уақытпен үндес екендігін көрсетті. Қазақстанда азаматтық қоғамды нығайтатын институттардың белсенділігі артып, саяси-әлеуметтік тұрақтылықтың сақталу жүйесі жаңаша жолға қойылды. Алайда қазіргідей күрделі кезеңде қоғамдағы талап-тілектердің артуы, ... Читать далее »

Үміткерлер үгіт-насихатын бастайды

1440572132ya8x6-asli

Астана қаласының мәслихаты кезектен тыс сайлауға дайындық жүргізуде. 26 нау­рызда №20 сайлау округінде қалалық мәслихат депутаты сайланады. – Аталмыш округ бойынша сай­ланған депутаттың мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы конституциялық заңына сәйкес, босаған орынға жаңадан мәслихат депутаты сайланады, – деп мәлімдеді Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Игілік Жалбыров. Бас қаламыз бойынша бұл жұмысты 10 сайлау комиссиясы, оның ішіндегі 2 аумақтық, 1 округтік және 7 учас­ке­­лік комиссия ұйымдастырып, жүзеге асырады. Мәслихат депутатына дауыс беруге Алматы ауданының №35, 36, 37, 38, 63, 64, 82 сайлау учас­келері аумақтарында тұрып жатқан ... Читать далее »

ЭКСПО НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

e-kspo-2017-1-e1462835779274-asli

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен бірқатар депутаттар «Астана ЭКСПО-2017» аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысанда­рымен танысты және ха­лықаралық көрмеге да­йын­дық мәселесіне арналған кеңеске қатысты. Мәжіліс төрағасы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ауқымды жұмыс­тар атқарылғанына тоқтала келе, таяу уа­қытта Астана энергия үнемдеу мен баламалы энергия көздерін пайдалануда әлем­дік үздік технологиялар үшін орта­лық алаңға айналатынын, көрмеге дайын­­дық аясында депутаттық корпус та елеулі үлес қос­қанын, атап айт­қанда, халықа­ралық көр­мелер туралы конвенция ратифи­ка­ция­лан­ғанын, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан­дырылған көрме мәселелері жө­нінде заң қабылданғанын атап өтті. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық жоғары бе­делінің арқасында еліміз осы бірегей шараны өткізу ... Читать далее »

Басты құжат кемелдене түсті

9c8fdcac15869536d799c18a3cb38ffe-asli

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы» ҚР Заңының Қазақстан Республикасы Конс­титуциясына сәйкестігін анықтау мақсатында Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысы жария етіліп, Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынылған еді. Кеше Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш заңға қол қойып, мемлекетіміз үшін мәні зор тарихи шешімнің жүзеге асатын сәтінде қазақстандықтарға арнап сөз сөйледі. «Бұл – қазіргі басқару жүйесін жаңғыртуға бастайтын маңызды қадам. Заң билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңге­рімді етуге бағытталған. Оның жобасы бір ай бойы қызу қоғамдық талқылаудан өткенін білесіздер. Соның нәтижесінде жұртшылық тарапынан 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Арнайы құрылған ... Читать далее »

Сәкен серінің «Рузтайы»

roza-tate-asli

Қазақтың даңғайыр жазушысы Сәкен сері Жүнісовтің туған қарындасы Роза Нұрмаққызы да екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы қазақ жеріндегі неше дүркін саяси-әлеуметтік дүмпуді өз басынан өткеріп, соның бәрін жүрегінде сақтап қалыпты. Ерен зеректік қой бұл. Кез келгенге ол бұйырмаған. Өмір жолын саралай отырып, әулетімен ұлт саулығы жолында қызмет еткен Роза Жүністің мына бір әңгімесі ойлантқандай. Бұл күйді мен де, ол да, барша солтүстіктіктер де бастан кештік емес пе. Соның «жемісін» әлі де көрудеміз. Иә, «Арқа жайлы болса арқар ауып» несі бар… «Сөнбейді жаққан шырағың» атты кітабында Роза Жүніс мына біз айқайлап айта ... Читать далее »