Рухани Жаңғырту

100 ЖАҢА ЕСІМ АНЫҚТАЛЫП ЖАТЫР

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына дауыс беру 10 қарашада аяқталады. Бұл жобада нақты адам­дардың тағдыры мен өмір­баяны арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Онлайн дауыс беруге ұсынылған 302 үміткер қызмет саласы бойынша алты санатқа бөлінген еді. Бүгінде олардың барлығы еліміздің 100 жаңа есімінің қатарынан көрінуге мүмкіндіктері бар. Дауыс беруге ұсынылған үміткерлер Астана мен Алматы қалаларын және еліміздің басқа аймақтарын қамтып отыр. Әзірше Рио-де-Жанейро Паралимпиада ойындарының алтын жүлдегері Зүл­фия Ғабидуллина қазақ­с­тан­дық­тардың 2316 дауысын жинап, спорт саласында үз­дік­тердің көшін бастап тұр. Ал математика оқулығының авторы Татьяна …

Ары қарай оқу

ТОҚСАНДАҒЫ ТАРЛАНДАР

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінде биыл қазақ әдебиеттану ғылымның алыптары атанған, көзі тірі Серік Қирабаев және бүгінде өмірден өткен Тұрсынбек Кәкішұлы, Зейнолла Қабдолов, Рахманқұл Бердібай, Нығмет Ғабдуллин, Мүсілім Базарбаев секілді нар тұлғалардың торқалы тоқсан жылдықтарына арналған ғылыми-семинар өтті. Жоғарыда айтылған ардақ­тылардың қай-қайсы да – қазақ руханиятына бір-бір уық болып қадалған тұлғалар. Олар екіншідүниежүзілік соғыстан соң, кейіндеп қал­ған қазақ әдебиеттану ғы­лы­мының тамырына қан жүгіртіп,  керегесін кеңейтіп, шырқау биікке көтерді. Саналы шәкірт тәрбиеледі. Биыл аталған оқу ордасында Серік Қирабаевтың 90 жылдығы дүбірлеп атап өтілді. Сонда абыз ақсақал ғылымдағы бірге жүрген достарын еске …

Ары қарай оқу

ҰЛТ МҮДДЕСІ ЕСКЕРІЛУІ КЕРЕК

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа латын әліпби бойынша қоғам ұсыныстарын ұлттық комиссия ескеруі қажет деп есептейді. Бұл туралы Сенат төр­ағасы өзінің Tуиттердегі парақшасында «Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет» деп жазды. Оның пікірінше, Елбасы айтқандай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірі халық арасында тұ­тастай қолдау тауып, қоғам­ның қызу талқысына түсті. Оны жазбаның астына қал­дырылған комментарийлерден байқауға болады. Түркияның Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, шоқайтанушы Әбдуақап Қара «Өте дұрыс, мың жасаңыз. Қажетті тү­зетулер жасалса қандай тамаша болар еді» деп пі­кір …

Ары қарай оқу

ЕЛОРДА – ЕЛ ЛОКОМОТИВІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қалалық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Астана тарих толқынында» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Жиынға ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Бүгінде Астана – әлем таныған жас қала. Жыл санап емес, күн санап көркейіп келе жатқан шаһардың келешегі жарқын. Ел экономикасына жаңа серпін әкелген қаланың абыройы да биік. Республиканың әр тарабынан арман қуып келген қаншама жас өз тағдырын елордамен байланыстырды. Бас орданың дамуына өз үлесін қосуда. Дөңгелек үстелде бүгінгі Астана мен кешегі Ақмоланың тарихы сөз болды. ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының қызметкері, …

Ары қарай оқу

ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУ КЕРЕК

Ағымдағы жылдан бaстaп Қaзақстaн жаһандық бәсекеге қaбілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаға мәлім. Оның негізгі мaқсaты Ұлт жоспaрын орындaу aясындa әлемнің бәсекеге қабілетті дaмығaн 30 елінің қaтaрына ену болып табылады. Қазіргі таңда мемлекетіміздің Үшінші жаңғыруын жүзеге асыру аясында саяси реформа, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру және рухани жаңғыру сияқты үш жаңғыру үдерісі іске асырылатын болады. Аталған үдерістердің қатарында рухани саланы жаңғырту ең өзекті міндеттердің бірі болып отыр. Қоғамдық сананы жаңғырту жөнін­дегі Мемлекет басшысының идея­сы – еліміздегі конституциялық, экономикалық реформалардың заңды жалғасы. Мақалада жаңа заман көшіне …

Ары қарай оқу

БЕРЕКЕ-БІРЛІК ЖОЛЫ

Астанада екі күн бойы «Рухани жаңғыру – гүлдену мен келісім жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Айтулы жиын аясында түрлі бағдарламалар ұйымдастырылды. Осындай ауқымды шараны өткізуге Астана қаласы әкімдігі мен «Мәде­ниет арқылы бейбітшілікке қол жеткізу» деп аталған халықаралық қауымдастық мұрындық болды. Конференцияда түрлі елдерден келген қоғам қайраткерлері мен ғалымдар және дінбасылары Қазақ­стан Президенті көтерген бастамалар мен адамзат алдындағы заманауи күрделі мәселелерді ғылыми негіздерге сүйене отырып, байыптау туралы пікірлерін талқыға салды. Алдымен сейсенбі күні Еуразия халықтары ассамблеясының отырысы өтті. Оған Қазақстанның Еңбек Ері, ақын Олжас Сүлейменов, композитор Төлеген Мұхамеджанов және тағы …

Ары қарай оқу

Хорасан Баб кесенесі

Рамазан Сүлейменов атындағы шығыстану институты мен Өзбекстанның Беруни атындағы шығыстану институтының бірлескен жобасы және АҚШ Индиана университетінің ғылыми зерттеулер бөлімінің қолдауымен арнайы жинақ шығып, алғаш рет қожа әулеттерінде құпия түрде сақталып келген «Насабнама» ғылыми айналымға енгізілді. Орыс тіліне аударылып, қалың оқыр­­манға жет­кен көне жәдігерде Әб­діжәлел бабтың (Хорасан ата) өмірінен үзінді келтірілген. Онда «Әб­діжәлел баб Шаштан Баршынкент, Балтырсек, Жаркент елдеріне барды. Онда Қылыш Қара хан атты хан бар еді. Оның Сары тонды Өтеміс деген ұлы бар еді. Әбдіжәлел баб иманға ша­қырды. Олар иман келтірмеді. Қанша күн-түн соғысты. Елу мың тарса өліп, …

Ары қарай оқу

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МӘСЕЛЕСІНДЕ АСЫҚҚАН ДА ЗИЯН, КЕШІККЕН ДЕ ЗИЯН

Мархабат БАЙҒҰТ, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты: ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МӘСЕЛЕСІНДЕ АСЫҚҚАН ДА ЗИЯН, КЕШІККЕН ДЕ ЗИЯН Мархабат ағаны көзі қарақты қазақтың бәрі біледі. Талай тамаша әңгіме мен повестердің авторы. Мерзімді баспасөзде мақалалары мен эсселері жиі жария­ланады. Қоғамда қандай бір тақырып талқыланса, соған да үн қосып отырады. Жазушыны жетпістен асқан деп айта алмайсыз. Елгезек. Сергек. Осы қасиеті жастарға үлгі. Қазақтың қабырғалы қаламгері елордаға келгенде арнайы барып жүздесіп, ел мен жер, әдебиет туралы әңгімелескен едік. ЕЛДІҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА ҰМТЫЛЫСЫ КҮШТІ – Оңтүстіктен ат терлетіп келіпсіз. Сапарыңыз оң болсын, аға! – Рақмет, інім! …

Ары қарай оқу

ДИГРАФТАН АПОСТРОФҚА ДЕЙІН

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекеттік тілдің бірыңғай стандартты әліпбиінің жаңа нұсқасы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Әлімхан ЖҮНІСБЕК, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері: – Бірінші кезекте латын әліп­­биіне көшу мә­се­ле­сін қа­рапайым бір таңбаны екінші таңбаға ауыстыру екен деп түсінбеу керек. Мұны қазақ жазуына іргелі, күрделі, жан-жақты реформа жасау деп қарастыру қажет. Өйткені кез келген мемлекет уақыт алға озған сайын өзінің жазуын пысықтап, жетілдіреді. Жетпей жатқан тұстарын толықтырып, артық жерін алып тастап отырады. Тағы осы сияқты қосымша амалдарды пайдаланады. Қазіргі кезде көпшіліктің түсінігі кирилл таңбасын латын таңбасына көшіру дегенге …

Ары қарай оқу

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ЖАҢА НҰСҚАДА ДИГРАФТАР БОЛМАЙДЫ

Латын әліпбиінің алғашқы нұсқасы жариялана сала көпшілік сынына ұшырағаны белгілі. Ал күні кеше Мемлекет басшысына екінші рет таныстырылған жоба қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен пікірлерді ескерген сыңайлы. Аталамыш жоба Бұған дейін «Астана ақшамы» газетінде көтерілген ұсыныстармен де сәйкес келеді. Қазақ әліпбиінің тәжі­рибесі мен теориясы Ахмет Байтұрсын­ұлы­нан бастау алғаны белгілі. «Латын әліпбиінде тіл ауыс­пайды, таңба ғана ауысады» деген Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлес­тіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов жобаны дайындау барысында ең алдымен қазақ тілінің дыбыс­тық мүмкіндігі ескерілгенін айт­қан болатын. Жалпы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тілдер институтының жұмыс комиссиясына латын графикасын өзгерту жөнінде …

Ары қарай оқу