-->

Қала мен Сала

АВТОБУС ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

23

Кеше елорда әкімі Әсет Исекешев қаладағы Көлікті диспетчерлендіру орталығының жұмысымен танысты.  Орталық қызметкерлері елорда басшысына нақты уақыт режімінде қоғамдық көліктің қозғалысы бағдарын бақылайтын жүйені таныстырды. Өз кезегінде Ә.Исекешев қалалық автобустар жұмысына байланысты Астана тұрғындары тарапынан жиі көтерілетін мәселелерді айтты. Осы орайда қоғамдық көлік жұмысына жауапты мекемелерге бұл ескертулер бойынша тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, қала әкімі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында автобустардағы бейнебақылау жүйесіне назар аудару керектігін айтты. Бұдан бөлек, ол жолау­шыларды тасымалдайтын жүргізушілердің біліктілігін арттыратын орталықтың жұмысымен танысып, автобус жүргізушілерін іріктеу шараларына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.  Сонымен ... Читать далее »

ҚАЛА СӘНІ – СУБҰРҚАҚТАР

656

Жаз жақындаған сайын Астана тұрғындары қаладағы субұрқақтардың іске қосылуын асыға күтеді. Субұрқақтардың биылғы маусымы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде ашылады. Елордада барлығы 122 субұрқақ бар. Оларды ретке келтіруге «Астана-Зеленстрой» АҚ-ның қызметкерлері барынша атсалысты. Субұрқақтарды суық уақытта сыртқы әсерден қорғайтын фанерлерді жөндеп, шамдары мен сорғы жабдығын баптау жұмыстары жүргізілді. Сәулет өнерінің ең ғажап, ең сұлу, ең көзтартарлық туындысы – фонтандардың сыртқы безендірілуі де ерекше маңызды. Еңсесі биік субұрқақтардың дені Есіл ауданында орналасқан. Достық көшесінде орын тепкен биші субұрқақтардың маңы қала тұрғындары мен қонақтарының жазғы кештерде серуендейтін сүйікті мекеніне айналған. ... Читать далее »

БИІК ПАРАСАТ ИЕСІ

4353

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ғалым, академик Ғарифолла Есімнің 70 жылдық мерейтойына арналған «Биік парасат иесі» атты кеш өтті. Әдеби кешке тақырып өте дәл тауып қойылған. Шындығында, Ғарифолла ағамыз – биік парасат иесі. Оның бәрі бекзат болмысынан байқалып тұрады. Талай тарландар туған Кереку жерінде өмірге келген. Жастайынан ғылымға құлаш ұрады. Мәскеудің де мектебінен өтеді. Ұзақ жылдар бойы Семей педагогикалық институтында қызмет істеді. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің философия және саясаттану факультетінің деканы болды. ҚР Парламенті Сенатының депутаты атанды. Хакім Абайдың шығармашылығына жаңаша оймен тереңірек үңілді. Ақынның оқырманға ауыр өлең мәтіндерін ұғынықты түсіндіріп ... Читать далее »

САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

34

Астана қалалық мәслихат депутаты Аман Аюпов өз сайлау­шылары  алдында есеп берді.  №17 сайлау округінен сайланған мәслихат депутаты есепті кезеңде 230 кездесу өткізіп, халықтан түскен шағымдардың шешіміне қол жеткізіпті. Атап айтқанда, Махтұмқұлы көшесінде орналасқан 22/1 және 22/2-үйлердің айналасына тас төселіп абаттандырылған. Манас көшесіндегі 22/1 үйінен бастап 20/2 үйлердің арасында жаяу жүргіншілерге арналған жол түсуіне ықпал еткен. Ш.Құдайбердіұлы даңғылындағы 28-үйдің бірінші қабатында бұрын бос тұрған орында аула клубын ашылуын қадағалап, толық жөндеуден өткізіп, қазір балалардың пайдалануына берілді. Сонымен бірге тұрғын үйлерге жөндеу жүргізу, қасбеттерін қайта жаңғыру жұмыстарын үйлестіре білген. – Өз міндетіме ... Читать далее »

ҚОНАҚҮЙЛЕР ҚОЛАЙЛЫ МА?

56

Еліміздің бас қаласы елордада 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін «EXPO-2017»  халықаралық көрмесі өтеді. Көрмені  тамашалауға үш айдың ішінде 2 млн астам адам келеді деп күтілуде. «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасына сәйкес 15 қонақүй көрмеге келген қонақтарға қызмет көрсетеді, оның 9-ы елордада орналасқан Біз, ең алдымен, ірі қонақ­үйлердегі жатын бөлмелердің жағдайын тексеріп, бағасын бағамдап, қызмет көрсету сапасына шолу жасадық. Қалың жұртқа «Есіл» есі­мімен белгiлi «Гранд Парк Есiл» 4 жұлдызды қонақүйі қаланың орталық алаңында орналасқан. Астанадағы алғашқы ар­хитектуралық ғимарат­тардың бірі тарихтан сыр шертеді. Үш қабатты қонақүйде 126 нөмір бар. Жатын бөлменің класына ... Читать далее »

МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ – 500 МЫҢ ТЕҢГЕ

545

Жеңіс күніне орай елордалық майдангерлерге 500 мың теңге қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі.  Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астана қаласы жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспановтың елордалық 125 Ұлы Отан соғысына қатысушыларға көрсетілетін көмек көлемі туралы ұсынысы мақұлданды. Соғыс ардагерлеріне қаржылай көмек екі жүйе бойынша жүзеге асырылады. Яғни, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеу­меттік қорғау туралы 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес 350 000 теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек ретінде көрсетіледі. Ал қалған 150 000 ... Читать далее »

ЖӘРМЕҢКЕНІ ЖАМБЫЛДЫҚТАР БАСТАДЫ

2342

Өткен сенбіде Астанада дәстүрлі азық-түлік жәрмеңкесі басталды.  «Қазақстан» спорт кешені аумағында болған жәрмеңкеде Жамбыл облысының өнімдері сатылды.  Негізі елорда тұрғындары үшін жыл сайын ұйымдас­тырылатын жәрмеңкенің пайдасы зор. Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 10-15 пайызға арзан сатып ала алады. Сондай-ақ, бұл жәрмеңкенің саудагер үшін де маңызы жоғары. Мысалы, кешегі өткен екі күндік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде жалпы құны 156 млн тең­ге бо­латын азық түлік сатылды. Нақтырақ айтсақ, 201 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарлары ұсы­нылды. Оның ішінде 15 тонна жылқы еті, 7 тонна тауық еті, 11 тонна шұжық өнімдері, 21,2 ... Читать далее »

ЛИФТІК КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ

23

Астана әкімі дүйсенбі күні қалалық әкімдікте өткен кеңесте барлық лифт шаруашылығының  тиісті мамандары мен қаржыландырудың бары-жоғын тексеруді тапсырды. Аталған шешім «Эдем палас-2» ТК лифтілермен болған екі оқиғадан кейін шығарылып отыр. – Аудан әкімі мен тұрғын үй инс­пекциясының, басқарушы компанияның басшысы бірден оқиға болған жерге келуі тиіс еді. Мәселені көтеріп, шешім қабылдауы қажет еді. Кісі өлімі болса не болар еді? Бұған сіздердің ешқандай да қатыстарыңыз жоқ па? – деп кейіді Әсет Исекешев тұрғын үй инспекциясы басшылығына. Осыған байланысты қала әкімі өзінің орынбасары Андрей Лукинге прокуратурамен бірлесіп, елордадағы барлық лифтік компаниялардың жұмысын ... Читать далее »

ЖАЛҒА БЕРУШІЛЕР ЖАЛТАРА АЛМАЙДЫ

bez-imeni-1

Жақында Астана қаласының дамуы және «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөніндегі арнайы кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарба­ев  елордадағы жер үйлердің бірінде 1000-нан аса адам тіркелгені туралы айтып, істің мән- жайын анықтауды ҚР ішкі істер министрі Қалмұқанбет Қасымовқа тапсырған еді. Осыған байланысты қазір тиісті органдар қажетті іс-шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, «Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» бағдарламасы аясында Астана қаласы Ішкі істер департаменті бөлімшелері мен қызметтерінің жеке құрамы және ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық Гвардия әскери қызметшілері «Учаске» шұғыл алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шара аясында қызметкерлер 106 мыңнан аса көпқабатты үйді, ... Читать далее »

БІР БАҒЫТТЫ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ КІЛТИПАНЫ

yvfy

«Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, кез келген маңыз­ды шешім қоғам талқысынан өтуі тиіс. Қарапайым халық Абай даңғылындағы бір бағытты қозғалыс кесірінен қалың нөпірге қарсы бағытта жүретін автобустар жиі соғылып, одан жолау­шылар зардап шегіп жүр деп дабыл қағып отыр. Белгілі журналист Шархан Қазығұл қала тұрғыны ретінде мәселенің мәнісін ашып, шешімін табуға тырысты. «Астана ақшамы» газеті оқырманның ойын назардан тыс қалдырмай, қаз-қалпында жариялауды жөн көрді. Өткен жылы Астанадағы Абай даңғылы бір бағыттағы көлік қозғалысына ауыстырылды. Әрине, жол кептелісін азайту мақсатында осылай жасау керектігін мен жеке басым түсінемін. Алайда әр нәрсені бүге-шігесіне ... Читать далее »