Вторник, 25 Июль 2017
-->

Қала тіршілігі

Жол жүктемесі жеңілдейді

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі күндері қаланың шалғай аймақтарын көрме орталығымен байланыстыратын 7 жаңа Shuttle Bus бағдары енгізілді. Мұны көше-жол желісінің жүктемесін төмендету үшін «ALAY-ASTRA» және «КеңМарт-ASTRA» көліктік орталықтары ұйымдастырып отыр.  Енді №500 Халықаралық әуежай – «Нұрлы Жол» темір жол вокзалы, №501«Рахмет» ОСО – Клиникалық-оңалту орталығы, №502-«Астана» М – «Арнау» ТК, №503- «Алай» – «Арнау» ТК көліктік хабы №504 – «Достар-1» ТК – Клиникалық-оңалту орталығы №505 – «Нұрлы Жол» темір жол вокзалы – «Арнау» ТК, №506 – «Кенмарт» ОСО – «Қазанат» ипподромы арасында қатынайтын болады. Сонымен қатар, №№ 10, 12, 15, ... Читать далее »

«АҚЫЛДЫ» АЯЛДАМАЛАР

Астана аялдамаларында тәжірибе ретінде қалалық электр  желілеріндегі жүктемені азайту мақсатында күн батареялары орнатылған аялдамалар пайда болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. Аялдамалардың шатырына орнатылған күн батареялары күндізгі жарықты жинайды. Соның арқасында өзін-өзі жарықтандырады. Қондырғы күніне шамамен 800 ватт энергия жинайды. Мамандардың айтуынша, аялдамалар Астананың қытымыр аязында өздігінен жылынады. Энергетика бағытындағы ноу-хау­ды енгізу үшін бюджет қаржысы шығындалмаған. Бүгінде бұл жаңашылдық қаланың 5 аялдамасына орнатылды. Олар «Keruen City» (бұрынғы «Мега»), «Хан шатыр», «Азия парк» сауда орталықтарының маңында және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы аялдамасына қойылған. Астана қаласы Энергетика бас­қармасының маманы ... Читать далее »

ЖАЛҒАН ЖАРНАМА ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Сәрсенбі күні  Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен үлестік құрылыс және сәулет пен қала құрылысы қызметіндегі заңнаманы сақтау жөнінде кеңес өтті. Былтырғы 10 қазанда елі­мізде «Үлестік қатысу тура­лы» жаңа Заң қолданысқа ен­гізілді. Соған сәйкес тұрғын үй құрылысына әкімдіктің рұқсатынсыз халықтан ақша тартуға немесе кепілдеме келі­сімшарт­сыз аталмыш жұмысты атқаруға болмайды. Осыны кеңеске қатысушылардың қаперіне салған Сергей Хорошун бұл Заңға бағынбаған құ­рылыс салушыларға қарсы қылмыстық істер қоз­ғалғанын айтып өтті. – Ведомствоаралық комиссия жұмысының барысында соңғы екі аптада 23 нысанда пәтерлерді сату бойынша жарнама заңсыз жүргізілгені анықталды. Бұл заңсыздықтарға қатысты материалдар Ішкі ... Читать далее »

ЖӘРМЕҢКЕДЕ – МОЛШЫЛЫҚ

Өткен сенбі және жексенбі күндері елордада Алматы және Ақтөбе облыс­тары ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысып, 1 млрд теңгенің өнімін ұсынды.  Алматы облысының үш қаласы мен 19 аудан орталығынан келген шаруалар 2800 тонна өнімін жеткізді. Жәрмеңкеде 250 ауыл шаруа­шылық тауар өндірушілері көкөніс, жеміс-жидек және бақша дақылдарын әкелді.Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бес­кемпіровтің айтуынша, «ЭКСПО-2017» халық­аралық мамандандырылған көрмесі кезінде Астанаға 19 мың тонна өнім жеткізу жоспарланып отыр. – Біз күн сайын 7 мың тонна өнім тасымалдайтын дистрибью­торлық компания­лармен жұмыс істейміз. Ал жылжымалы жәрмеңкелерде шаруалар 12 мың тонна өнім әкеледі. Мұндай шаралар облыс кәсіпкерлері үшін ... Читать далее »

КӨЛІК ТҰРАҒЫ КӨБЕЙЕДІ

Елордада «Астана қаласындағы көлік тұрағын басқару» жобасының бірінші кезеңі басталды. 472 орынға арналған көлік тұрағы «Нұржол» саяжолында орналасқан. Қазіргі таңда көлік саласының мамандары автокөлік иелеріне тариф, төлем тәсілдеріне қатысты тұрақты пайдалану ережелерін түсіндіруде. «Астана қаласындағы көлік тұрағын басқару» жобасы елорданың көлік кешендерін жаңғырту бағдарламасы аясында қолға алынып, вокзал маңы, коммерциялық паркингтер, жолшыбай тұрақтар бойынша көше-жол желілерін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. Аталған басқару жүйесі қаладағы көлік қоятын орындарға мониторинг жүргізу үшін, жүргізушілерге бос орындар туралы ақпарат беруге, жол қозғалыс ережесі бұзылған жағдайда және тұрақ орындарына ақы төленбеген кездерде автоматты түрде тіркеу ... Читать далее »

ЖАТАҚХАНАДАН ОРЫН КЕРЕК ПЕ?

Астана әкімдігінің брондау бөлімінің call-орталығы арқылы жатақхана бөлмелерін брондауға болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлады. – Брондау бөлімімен 8 (7172) 277-815 қалалық телефоны бо­йынша немесе 8-777-772-05-06 ұялы байланыс нөмірі арқылы хабарласуға болады. Бұл бағытта біз барлық туроператорлармен жұмыс істеп жатырмыз, әсіресе, орындармен қамтамасыз ету үшін өңірлермен байланыс жасаймыз. Яғни, брондау бөлімі бар. Кімге орын керек – біз тауып беруге дайынбыз, – дейді «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков. Сондай-ақ, ол «ЭКСПО-2017» көрмесінің қонақтарын орналастыруға болатын 18 жатақхананың бар екенін еске салды. Бөлмені тәулікке алу бағасы – ... Читать далее »

«ASTANA ART FEST-2017» ШАҚЫРАДЫ

17 маусымда Астанада Нұржол желекжолында «ASTANA ART FEST-2017» – заманауи өнердің үшінші халықаралық фестивалі өз жұмысын бастайды. Бұл туралы фестивальдің дайындық барысында «Откровение» орындаушылық өнердің халықаралық фестивалінің директоры Ольга Сұлтанова мәлімдеді. Ольга Сұлтанованың айтуынша, фестивальдің өтуіне Астана қаласы әкімдігінен бастап көптеген ұйымдар қолдау білдіріп отыр. Сондай-ақ, ол жыл сайын фестиваль экспозициясына Қазақстанмен жақын және алыс шетелдерден 70-тен аса автор қатысатынын атап өтті. – Фестивальдің ашылуына арналған театрланған ғаламат шоу сағат 20.00-де басталады. Көрермендерге осы жылғы фестивальдің негізгі идеясы – Nomad Energy аллегориялық үлгіде ұсынылатын болады. Номад энергиясы – бұл шығармашылық, ... Читать далее »

АСТАНА МЕН ОСАКА АРАСЫ ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ

Елордада қала әкімі Әсет Исекешев Осака қаласының мэрі Ёсимурой Хирофуми бастаған жапон делегациясымен кездесті. Кездесуде қала басшысы Осака қаласының мэрімен ынтымақтастық жайындағы мәселелерді талқылады. – Астана қаласының медициналық және жедел жәрдем қызметі автомобильдерінің паркі, сумен жабдықтау жүйе­сін жаңғырту, логистикалық желіні жетілдіру сынды көптеген бірлескен нәтижелі жұмыс­тар жүргізілді. Бұл – жапондық тараптың Астананың дамуына қосқан аз ғана үлесі. Сіздің бүгінгі сапарыңыз қалалар арасындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің кепілі боларына сенімдімін, – деді Әсет Исекешев. Қазіргі таңда көптеген елордалық компаниялар Кайдзен жүйе­сіне көшіп әрі дәстүрлі жапон асханасы бар мейрамханалар көптеп ашылуда. Сонымен қатар, ... Читать далее »

Гүлге оранған Елорда

Бас шаһарда әлемдік беделді шара «EXPO-2017» басталды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, көрмені абыроймен өткізуге қалың қазақ барын салып жүр. Әсіресе, көрмені қабылдайтын қала – Астанаға жүктелген міндет зор, үкілеген үміт көп. Осы уақытқа дейін қала әкімдігі елорданы көркейте түсу үшін орасан зор жұмыстар атқарды. Астана көшелерін кезіп жүрсеңіз, әсем гүлдердің көптігінен көз сүрінеді. Биыл арнайы EXPO көрмесіне деп жеті миллион гүл егіліп, шаһардың шырайын келтірді. Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ Читать далее »

СҮЙІНБИКЕ КӨШЕСІ АШЫЛДЫ

Елорданың «Familу village» қалашығында түркі жұртына ортақ тұлға – Ханшайым Сүйінбике көшесі ашылды. Салтанатты шараға Татарстан президенті Рустам Минниханов пен қала әкімі Әсет Исекешев қатысты. Сүйінбике ханшайымның кезінде Қазан хандығын отаршылардан қорғау үшін жан аямай қарсы тұрғанын тарихтан білеміз. Ұлттың ұлы даласын қорғаған қайсар арудың атына көше атауы берілуі – бүгінгі ұрпаққа өнеге. «Қазақстан мен Ресей – стратегиялық әріптес. Бүгін Астана мен Қазанды жалғайтын маңыз­ды шараға куә болып отырмыз. Біз үшін Татарстан – бауырлас ел ғана емес, маңызды сауда-­экономикалық, саяси әріптес. Биыл екі ел арасындағы бауыр­ластық байланысқа 13 жыл толады. ... Читать далее »