-->

Қала тіршілігі

МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ – 500 МЫҢ ТЕҢГЕ

545

Жеңіс күніне орай елордалық майдангерлерге 500 мың теңге қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі.  Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астана қаласы жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспановтың елордалық 125 Ұлы Отан соғысына қатысушыларға көрсетілетін көмек көлемі туралы ұсынысы мақұлданды. Соғыс ардагерлеріне қаржылай көмек екі жүйе бойынша жүзеге асырылады. Яғни, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеу­меттік қорғау туралы 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес 350 000 теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек ретінде көрсетіледі. Ал қалған 150 000 ... Читать далее »

ЖӘРМЕҢКЕНІ ЖАМБЫЛДЫҚТАР БАСТАДЫ

2342

Өткен сенбіде Астанада дәстүрлі азық-түлік жәрмеңкесі басталды.  «Қазақстан» спорт кешені аумағында болған жәрмеңкеде Жамбыл облысының өнімдері сатылды.  Негізі елорда тұрғындары үшін жыл сайын ұйымдас­тырылатын жәрмеңкенің пайдасы зор. Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 10-15 пайызға арзан сатып ала алады. Сондай-ақ, бұл жәрмеңкенің саудагер үшін де маңызы жоғары. Мысалы, кешегі өткен екі күндік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде жалпы құны 156 млн тең­ге бо­латын азық түлік сатылды. Нақтырақ айтсақ, 201 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарлары ұсы­нылды. Оның ішінде 15 тонна жылқы еті, 7 тонна тауық еті, 11 тонна шұжық өнімдері, 21,2 ... Читать далее »

ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУҒА КІРІСТІ

345

Астана әкімі Әсет Исекешев «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ кеңсесінде қаланы халықаралық көрмеге дайындау және елорданы дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысының айтқан ескертулері бойынша таңертеңнен қала нысандарын аралап шықты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Қала басшысы тұрғын алаптарының құрылыс алаңдарында болып, олардың санитарлық жағдайын, абаттандыру ережелерінің сақталуын, дөңгелек жуу бекеттерінің және ол жерден автожолға де­йінгі қатты төсемнің бар-жоғын тексерді. Әкім тиісті ведомстволардың басшыларына абаттандыру мәселелерін бір апта ішінде шешу туралы тапсырма берді, сондай-ақ, абаттандыру және санитарлық күтіп-ұстау ережелерін сақтамағандарды жауапкершілікке тартуды бұйырды. Әкім қала аумағындағы заңсыз құрылыс үйінділерін жойып, ... Читать далее »

ЕЛБАСЫ ЕСКЕРТПЕЛЕРІ – КҮН ТӘРТІБІНДЕ

232

Кеше Астана әкімі Әсет Исекешев аппарат жиналысын өткізіп,  Мемлекет басшысының қатысуымен «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық және елорданың даму мәселелері бойынша өткен кеңесте айтылған ескертпелерден қорытынды шығару жөнінде қалалық басқармалар мен мекемелерге тапсыр­малар берді. Әкім алдымен «Елбасы Н.­Назарбаевтың қатысуымен өткен жиналыста бәріңіз болдыңыздар, сондықтан айтылған кемшіліктерді білесіздер, ендігі міндет сол кемшіліктерді жою керек, шұғыл нәтиже шығару керек» деп атап өтті. Астанаға мейлінше цифрлық технологияны енгізу қажет. Бұл жұмысты жандандыру үшін «Astana Innovations» АҚ өкілдеріне нақтылы тапсырмалар жүктеді. Жұмыс істемейтін терминалдар болса, оларды орнынан алу қажеттігі айтылды. Аппарат мәжілісінде қаралған өзекті мәселенің бірі ... Читать далее »

ЖАЛҒА БЕРУШІЛЕР ЖАЛТАРА АЛМАЙДЫ

bez-imeni-1

Жақында Астана қаласының дамуы және «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөніндегі арнайы кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарба­ев  елордадағы жер үйлердің бірінде 1000-нан аса адам тіркелгені туралы айтып, істің мән- жайын анықтауды ҚР ішкі істер министрі Қалмұқанбет Қасымовқа тапсырған еді. Осыған байланысты қазір тиісті органдар қажетті іс-шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, «Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» бағдарламасы аясында Астана қаласы Ішкі істер департаменті бөлімшелері мен қызметтерінің жеке құрамы және ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық Гвардия әскери қызметшілері «Учаске» шұғыл алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шара аясында қызметкерлер 106 мыңнан аса көпқабатты үйді, ... Читать далее »

БІР БАҒЫТТЫ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ КІЛТИПАНЫ

yvfy

«Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, кез келген маңыз­ды шешім қоғам талқысынан өтуі тиіс. Қарапайым халық Абай даңғылындағы бір бағытты қозғалыс кесірінен қалың нөпірге қарсы бағытта жүретін автобустар жиі соғылып, одан жолау­шылар зардап шегіп жүр деп дабыл қағып отыр. Белгілі журналист Шархан Қазығұл қала тұрғыны ретінде мәселенің мәнісін ашып, шешімін табуға тырысты. «Астана ақшамы» газеті оқырманның ойын назардан тыс қалдырмай, қаз-қалпында жариялауды жөн көрді. Өткен жылы Астанадағы Абай даңғылы бір бағыттағы көлік қозғалысына ауыстырылды. Әрине, жол кептелісін азайту мақсатында осылай жасау керектігін мен жеке басым түсінемін. Алайда әр нәрсені бүге-шігесіне ... Читать далее »

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ АЯҚТАЛДЫ

999

Елордада 20 сәуірден бастап жылыту жүйесін кезең-кезеңмен өшіру басталды. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылдың 27 маусымындағы №249/36-V «Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу туралы» шешіміне сәйкес, сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күнтізбелік күн бойы тұрақты түрде 10 градус жылы болғанда, Астана қаласының жергілікті атқарушы органы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдайды. Бүгінде елордада сырттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы тұрақты. Қалалық Энергетика басқармасының мәліметі бойынша 2016 жылдың 1 қазанында басталған жылыту маусымы 202 күнге жалғасты. Бұл кезеңде энергиямен жабдықтау жүйелері іркіліссіз жұмыс істеді. Қуат беру көздерінде жоспарланбаған тоқтату ... Читать далее »

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: ЭКСПО – ҰЛТТЫҚ МАҢЫЗДЫ ЖОБА

54

Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, Елбасы ауқымды шараның ұлт үшін маңыздылығына тоқталды. «Мен салынып жатқан нысандарды көріп келдім. Дайындық жоғары деңгейде, құрылыс жақын арада аяқталғалы тұр. Нысандарды абаттандыру, толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Көрме өткізуді лайықты ұйымдастыру әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін көрсетеді» дей келе, елорданың даму көрсеткішіне назар аударды. Айтуынша, соңғы 5 жылда аймақтық өнім үш есеге өскен. Елордаға шамамен 4,5 триллион теңге инвестиция құйылды. Ел экономикасындағы Астананың үлесі 12 пайызға дейін өскен. Қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 46 пайызды құрайды. «Бұл – еліміздің өзге аймақтары арасындағы ең жоғарғы ... Читать далее »

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛЕДІ

yvfyvf

Қаламызда Қазақстан халқының бірлігі күніне, Әскери шеруге және Жеңіс күніне байланысты жол қозғалысы өзгереді. 22 және 23 сәуір күндері мен мамырдың 2-сінен 7-сіне дейінгі аралықта «Қазақ елі» алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шараларға және Әскери шеруге дайындыққа байланысты жол қозғалысы шектеледі. Бұл туралы елорда  әкімдігіндегі арнайы  баспасөз  мәслихатында  ұйымдастырушылар мәлім етті. «7 мамырда «Қазақ елі» ала­ңында Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуы мен Жеңіс күніне арналған әскери парад өтеді. Биыл біз ҚР ҚК 300-ге жуық қазіргі заманғы техника түрлері мен 5000-нан аса әскери қызметкерінің және әскери қызмет ... Читать далее »

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛІСІМІ

yvyvyf

Астана қаласы мәслихатының шақыруымен елордаға Бішкек қаласы кенешінің делегаттары келіп кетті. Ресми кездесуді ашқан Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы өзара тиімді қарым-қатынас екіжақты келісіммен барлық бағыттар бойынша белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Қалалық мәслихат хатшысы Ж.Нұрпейісов қонақтарды еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы­мен, инвестиция­лық әлеуетімен қысқаша та­­ныс­­тырып, үстіміздегі жылдың 10 мау­сымынан 10 қыр­күйек аралығында халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 «Болашақ энергия­сы» көрмесін өткізу Астана қаласының болашақта іскерлік, қаржылық және туристік ірі орталық легіне айналуына  қуатты импульс беретінін атап көрсетті. 2018 жыл – мерейтойлы торқалы жыл, Астана ... Читать далее »