-->

Қала тіршілігі

ТАЗА ШАҺАР – ЖАНҒА ДАУА

Елордада «Астана – таза қала» атты абаттандыру, ­көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік өтті. Оған қала басшысы Әсет Исекешев бастаған әкімдік қызметкерлері, мыңдаған кәсіпорын мен ұйым жұмысшылары атсалысты. Сенбілік 4 қыркүйектен 4 қазанға дейін жалғасатын экологиялық айлық аясында ұйымдас­тырылды. Оның шеңберінде тұрғындар қала аудандарын, көше бойы мен жаяу жүргіншілердің жолын қоқыстан тазартты. Ағаш көшеттері отыр­ғызылып, арықтар тазартылды. Мамандар гүлзар және гүлбақшаларда, бақ пен саябақтарда жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша мерзімдік агротехникалық іс-шаралар жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, заңсыз жерлерде тасталған қоқыс шығарылды. Қоқысты жинау үшін сенбілікке қатысушыларға арнайы құрал-жабдықтар, қолғап және ... Толығырақ оқу →

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР БОЙ ТҮЗЕЙ БЕРЕДІ

Астанада соңғы бес жыл ішінде 9 миллион шаршы метрге жуық баспана салынған екен. Бұл осы уақыт аралығында 300 мыңға жуық адамның 80-85 мыңдай пәтерге ие болғанын білдіреді. Ресми деректерге сүйенсек, еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда елордада құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бас қаланың басты мәселесі – баспана. Қалалық Тұрғын үй басқармасының коммуналдық меншік қорынан пәтер алуға мұқ­таждар ті­зімінде 46 мыңға жуық адам кезекте тұр. Қала билігі қол­дан келгенше тұрғын үй құрылысын тоқтатпай, жыл сайын кезектің жылжуын қамтамасыз етуде. Мәселен, биыл кезекте тұрған 259 адамға баспана бұйырды. «Баспана беру заңға сәйкес кезек бойынша ... Толығырақ оқу →

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ҚАЙНАРЫ

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Латын әрпіне көшу – біздің ортақ міндетіміз» деген тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға ҚХА Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, ассамблея құрылымдарының басшылары және зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиынның тізгінін ұстаған ҚХА Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай айтулы шараның маңызына тоқталып, бізді қазақ тілінің латын әліпбиіне қарқынды, бірақ жүйелі көшуі күтіп тұрғанын, Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл жұмысқа тікелей атсалысатынын жеткізді. Ол өз сөзінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі Қазақстанды рухани жаңғырту бағдарламасының өзегі ... Толығырақ оқу →

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті­нің Астана қаласы бойынша департаменті қысқы маусымға байланысты баспасөз сапарын өткізді. Аталған іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы қызметкерлері мен мәслихат депутаттары, Кәсіпкерлер палатасы мен «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» ҚБ өкілдері қатысты. «Астана-Теплотранзит» АҚ басқарма төрағасы Василий Куриськоның айтуынша, қаланы жылыту маусымына дайындау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өйткені аталған акционерлік қоғам елордада жылу энергиясын тарату бойынша жұмыс істейтін жалғыз табиғи монополист болып саналады. – Қазіргі таңда акционерлік қоғамның балансында шамамен 800 шақырымдық жылу желісі мен 13 сору ... Толығырақ оқу →

Бар қонақтың басын қосқан – «Бәйтерек»

Елорда символы «Бәйтерек» монументіне келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Күрделі жөндеуден кейін келбетін өзгерткен нысанды бүгінге дейін 263500 адам  тамашалады. Шамамен 90 миллионға жуық табыс түскен. ЭКСПО көрмесі кезінде «Бәйтеректің» түбі кезектен арылмады. Кішкентай баладан еңкейген кәріге дейін елорда символын қызықтау үшін ұзын-сонар кезекке тұрды. Мекеме қызметкерлері күннен қорғайтын арнайы шатырлар тігіп, орындықтар орнатып, халықты ауыз сумен қамтамасыз етті. «Бір күнде 3000-ға жуық адам кірді. Қауіпсіздік шараларына мән бердік. Арнаулы терминалдар орнатып, кассаның жұмысын жеңілдеттік. Арнайы мамандандырылған күзет қызметі мен полиция өкілдері күні бойы кезекшілік жасады. Таңғы 09.00-ден түнгі 11.00-ге ... Толығырақ оқу →

ҮКІЛЕНГЕН ҮМІТТЕР

31 талапкер қала әкімінің грантына ие болды Қала әкімі Әсет Исекешев елорданың 31 мектеп түлегіне білім гранттарын салтанатты жағдайда табыстады. Жастар жергілікті бюджет қаржысына жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік алды. Жастарға білім беру – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Оқуға жұмсалған күш пен қаражат әрқашан да өзін ақтап шығады, бұл болашаққа жасалған үлкен инвестиция. Елбасы дамыған 30 елдің қатарына енуді міндет етіп қойып отыр. Ол үшін бірінші кезекте адами капиталды дамыту керек. Бұл тұрғыда, жастарға білім алуға барлық жағдай жасалып келеді. Сіздер – еліміздің болашағысыздар, біз сіздерге сенеміз ... Толығырақ оқу →

КӨРМЕ ҚАЛАҒА ҚАРҚЫН ҚОСТЫ

«Астана» концерт залында қала әкімі Әсет Исекешев «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтуіне және ұйымдас­тыруына үлес қосқан үздік қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттады. Астана әкімі қала тұрғындарына көрме идеясын жүзеге асыруға көмек көрсеткені үшін алғыс білдіре отырып, елорданың бәрімізге ортақ жетістіктерімен бөлісті. – Кеше ғана «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өз жұмысын аяқтады. Бұл – Қазақстан тарихындағы ең маңызды әрі табысты өткен стратегиялық жоба. «ЭКСПО-2017» көрмесі ел экономикасының серпілуіне, туристік саланың дамуына көмектескен және еліміздің халықаралық аренадағы имиджін көтерген бірден-бір жоба. Елордамыз «ЭКСПО-2017» көрмесі арқасында көркейіп, жоғары қарқында дамып келеді. Бүгінде көрме ... Толығырақ оқу →

ТЫҢ ЖОБА ЖАСТАРДЫ БІРІКТІРЕДІ

Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың төрағалы­ғымен «А35» және «А84» жобасын талқылау бойынша кездесу өтті. Басқосуды қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» ресурстық орталығы бір­лесіп ұйымдастырды. Ермек Аманшаевтың айтуынша, өскелең ұрпақтың мәселесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Интернет дамыған қазіргі кезде жастардың мәселесіне үлкендер ғана емес, өздері де бейжай қарамауы керек. Сондықтан да ол 35 жоғары оқу орнының студенттері мен 84 орта мектепте оқып жатқан оқушылар үшін іске асып отырған жобаның маңызы жоғары екенін айтты. Ал қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов болса, «ЭКСПО-2017» көрмесіне елорда жастары зор ... Толығырақ оқу →

18 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗБАҚ

Елордада 16 қыркүйекте күн ашық, жауын-шашын болмайды деп күтілуде. Осы ретте, қала әкімдігі екі қолға бір күректі алып, барша тұрғындарды жал­пы­қалалық сенбілікке қатысуға ша­қырады. «Астана – таза қала» атты дәстүрлі сенбілікке бұл жолы 89 мың адам атсалыспақ. Шара қала аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық аясында ұйымдастырылып отыр. Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұса Танабаевтың айтуынша, сенбілікке 1000-нан астам кәсіпорын мен ұйым, 49 жоғары және орта арнайы білім мекемесі, 184 мектепалды және жалпы білім беретін мекеме, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 161 ... Толығырақ оқу →

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ ҚОЛДАДЫ

Қала әкімдігінде «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды. Қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев: «Ұлттың өзін-өзі тану­ға, Қазақстанның руxани және эконо­микалық дамуына бағыт жаңа қазақ әліпбиі арқылы келеді. Бұл туралы сан алуан пікір бар. Қарсы пікір айтып жатқан адамдар да бар. Алайда әр қазақстандық латын қарпіне көшу әлемдік өркениетке қосылу деп түсіну керек» дейді. Оның айтуынша, латын әліпбиіне көшу осы жолдағы нақты қадам деуге болады. Латын әліпбиі – тәуелсіз елдің жан-жақты байланыстырылған замана сұрақтарына жауап беретін сабырлы да еркін таңдау. Бұл таңдау тіліміздің төл табиғатын сақтау, ... Толығырақ оқу →