-->

Қала тіршілігі

Астанадағы вокзал маңында ақылды автотұрақ не үшін іске қосылды?

kbb_7729

Астанада 10 қаңтардан бастап вокзал маңында ақылы автотұрақ іске қосылды. Кім көрінген көлігін қалай болса, солай қойып жүрген теміржол алдындағы алаңды ретке келтіру мақсатында қолға алынған жобаның алғашқы күні дау-дамай­мен бас­талды. Жаңа жүйенің ықпалынан пайда болған шақырымды шамалайтын кептелісте халық сағаттап уақытын жоғалтты. Негізінде автотұрақтың бірінші жарты сағаты – тегін. Бұл – белгілі бір шаруасымен тез келіп-кететіндер үшін тиімді. Бірақ кептелістің салдарынан қарасы қалыңдаған жұрттың одан да көп уақыты кетті. Осындағы туындаған мәселелердің мән-жайын бізге «Астана LRT» ЖШС-нің Көлік жөніндегі директоры Рустам Халилев түсіндіріп берді. – Жаңа жобаның басы дауға ... Читать далее »

Астана әкімдігі 2017 жылдағы қызметтің басым бағыттарын белгіледі

akimat

Сәрсенбі күні кеңейтілген отырыс барысында елорда әкімі Әсет Исекешев қалалық билік атқарған жұмыстың қорытындысын шығарып, 2017 жылдағы қызметтің басты бағыттарын белгіледі. Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып әзірленген елорданы дамытудың жоспарына сәйкес, әкімдіктің жұмысы басты үш бағытта жүргізілетін болады, деді Әсет Исекешев. Біріншісі – қаланы «ЭКСПО» ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месіне дайындау, оның аясында қала аумағы 3 мыңға жуық бейнебақылау камерасы­мен жабдықталмақ. Ал 2018 жылдың со­ңына дейін істеп тұрған бейнебақылау ка­мералардың жалпы саны 10 мыңға жетеді. Бұған қоса, жаңа әуежай терминалы пайдалануға беріледі, бұл оның өткізу қа­білеттілігін 7,6 млн адамға дейін, яғни екі ... Читать далее »

Тағайындау

akimat

Игенбердинов Бекмырза Қайыргелдіұлы «Астана қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» ММ басшысының міндетін ат­қарушы болып тағайындалды. Б.Игенбердинов 1975 жылы 10 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік уни­вер­ситетінің «Халықаралық құқық» ма­ман­дығына оқуға түсті. Оқумен қатар, әс­кери трибуналда жұмыс істеді. Білім ордасын тәмамдағаннан кейін еңбек жолын мемлекеттік қызметте жалғастырды. 2007 жылдан бастап «Кедентранссервис» АҚ базасында «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасындағы бір­лес­кен кәсіпорынды құру жұмыстарын ұйым­дастырып, ол құрылғаннан кейін кәсіп­орынның даму жөніндегі вице-президенті болған. 2012 жылы «ТрансКонтейнер» ААҚ-на ауысып, Қазақстандағы бизнесті дамыту және интеграция мә­селелерімен айналысқан. Қазақстан ... Читать далее »

Астанада «Риза» атты қайырымдылық дүкені жұмыс істейді

erm_8768

Астанада ашылған «Риза» атты қайырымдылық дүкенінің ерекшелігі сол, мұндағы киім-кешектер тым арзан бағада сатылып жатыр. Дүкен иесі көмекке аса мұқтаж балаларға киімді тегін таратып, алғысқа бөленіп жүр. Қазіргі нарық заманында тегін немесе арзан тауар сатып алу мүмкін емес сияқты. Алайда бұл мүмкін емес жағдайды Нұржамал Молдажанова бір өзі мүмкін етіп отыр. Бүгінде дүкенде жомарт жандар әкелген киім-кешектен бастап, ойыншық, кітап және тағы басқа заттар толып тұр. Сатылымнан түскен қаржы ауыр науқастанған балалардың ем-домына жұмсалады екен. – Қайырымдылық дүкен ашуыма екі қызымның ауыр науқастан қайтыс болуы түрткі болды. Өйткені қазіргі таңда ... Читать далее »

Қала маңына автобустар қалай қатынайды?

kbb_1879

Бүгінде мыңдаған адамдар Астананың іргесіндегі ауылдардан барып-келіп жұмыс жасайды. Өйткені қалада аренда қымбат, ал ауылды жерде пәтер жалдап тұрған қалтаға қолайлы болып отыр. Сондықтан да елорда мен қала маңына қатынаушы халықтың қарасы қалың. Міне, осы халықтың Астанаға барып-келуіне барынша тиімді жағдай жасалған. Бірақ… Бір жарым жыл бұрын қала маңында орналасқан ауылдарды елордамен байланыстыратын автобустар пайда болған еді. Соның арқасында күн сайын мыңдаған адам жұмысына кешікпей жетіп, қызмет жасап жатыр. Айталық, «Азия Парк» сауда-ойын-сауық орталығынан Ақмол, Қосшы ауылдарына күн сайын ондаған автобустар қатынайды. Арнайы кесте бойынша жүретін автобустарға қараша халықтың айтар ... Читать далее »

Визалық режимді оңтайландыру – «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында туристерді тартудың бір тәсілі

«ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында туристерді көптеп тартудың бір тәсілі – визалық режимді оңтайландыру. Бүгінде кейбір елдер үшін елімізде визалық тәртіп қарастырылмаған. Түркі­менстаннан басқа, ТМД азаматтары үшін есігіміз айқара ашық. Сондай-ақ, Моңғолия, Түркия, Аргентина, Сербия азаматтарынан да виза талап етілмейді. Ашығын айту керек, көптеген елдермен виза алудың жеңілдетілген тәртібі бар. Бұл Қазақстан елшілігіне келіп, виза алу үшін жай ғана сауалнама толтырады дегенді білдіреді. Ол үшін рұқсат, шақыру, туристік ваучерлер, қонақ үйлерге тапсырыс беру секілді қосымша құжаттардың қажеті жоқ. Егер виза алудың жеңілдетілген тәртібі орнатылмаған болса, онда визалық қолдау дегенге жүгінуге болады. Кез ... Читать далее »

Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов БАҚ өкілдерімен бірге қар тазалауға байланысты түнгі рейдке шықты

erm_8959

Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов БАҚ өкілдерімен бірге қарға байланысты түнгі рейд өткізді. Рейд барысында елорданың үш ауданын аралап, қардың қалай тазартылып жатқанын байқадық. Қосман Қайыртайұлының айтуынша, ең бірінші кезекте ірі магис­тральдар мен орташа көшелердегі қар шығарылып жатыр. Сондай-ақ, ол тұрғын үй аулаларының қары тазартылып, ретке келтіріліп жатқанын айтып өтті. – Әлеуметтік нысандардың маңын ең бірінші кезекте қардан тазартуға басымдық беріп жатырмыз. Себебі мектеп пен балабақша, аурухана мен емхана сынды әлеуметтік нысандар өз жұмысын тоқтатпауы керек. Негізі, жұмысымызға кедергі келтіретін көліктер болса, қарды барынша жинауға тырысамыз. Жол жұмыскерлері таңғы ... Читать далее »

Бүгіннен бастап Астанадағы вокзал маңына көлік қою ақылы болмақ

kbb_7728

Бүгіннен бастап Астанадағы вокзал маңына көлік қою ақылы болмақ. Қазіргі уақытта мұнда 251 орынға арналған автотұрақ қарастырылған. Жоба толық жүзеге асқан сәтте қоғамдық көлікке деген сұраныс 15-20 пайызға артып қана қоймай, вокзал аумағындағы көлік жүктемесі 20-30 пайызға азаймақ. Сонымен қатар, жол жүру ережесін бұзу оқиғалары шамамен 70-80 пайызға төмендейді деп күтілуде. Бүгіннен бастап Астанадағы вокзал маңына көлік қою ақылы болмақ. Қазіргі уақытта мұнда 251 орынға арналған тұрақ қарастырылған. Бұл туралы «Астана қаласының тұрақ кеңістігін басқару» жобасы аясында «Астана LRT» ЖШС баспасөз хатшысы Жанар Смағұловамен әңгімелескен едік. – Дәл қазір елорда ... Читать далее »

Елорда аумағында қар жинау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

fe9d990fdadb77070e03d1c62d0

Үстіміздегі жылы жауын-шашынның мол түсуіне орай қалалық коммуналдық қызметтермен механикаландырылған жұмыстар тоқтаусыз жүргізілуде. Елорда аумағын санитарлық тазарту жұмыстары белглі бір механизм бойынша кезең-кезеңмен жүргізіледі: Бірінші кезең қар молынан жауғанда қолға алынады. Тырмалы-щеткалы қондырғымен жабдықталған арнайы машиналар қарды жолдың жиегіне жинайды; Механикаландырылған жинаудың келесі кезеңінде автогрейдерлер жұмысқа кіріседі. Олар жиналған қарды үйіп тастайды. Содан кейін табанды тиегіштердің көмегімен қар КАМАЗ-дарға салынады. Ең соңында қар Железнодорожный кентінде, «Қосшы» ауылының маңында «Рубеж» бекетінің сыртында және Астраханка тас жолындағы полигонға шығарылады. Күшейтілген режимде жұмыс істегенде қар қала аумағында орналасқан уақытша қоймалау үшін арнайы станцияларға ... Читать далее »

Астанадағы вокзал маңы алаңында ақылы тұрақ енгізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде

kbb_7665

2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап елорданың вокзал алаңындағы аумақта тұрақ ақылы болады. «Астана қаласының тұрақ кеңістігін басқару» жобасы аясында енгізілетін ақылы тұрақ вокзал алаңындағы аумақта көлік құралдарының айналымын 30-40 пайызға көбейтуге, қоғамдық көлікке сұранысты 15-20 пайызға арттыруға, вокзал алаңындағы ауданда жол желісіне түсетін жүктемені 20-30 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жүйе жол қозғалысы ережесінің бұзылуын 70-80 пайызға азайтуға септігін тигізеді.    Ақылы тұрақты енгізуге дайындық жұмыстары аяқталуға жақындады. Автотұрақ аумағында 250-ге жуық машина қоюға болады, оның ішінде 9-ы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін арнайы бөлінген орындар және 20-ға жуық ... Читать далее »