-->

Қала тіршілігі

Байқауда озған басқарма

image01011

Ұлыстың ұлы күнiне орайластырған мерекелiк шаралар легiнiң шымылдығы биыл Астанада «Армысың, Әз-Наурыз» атты қалалық байқаумен түрiлдi. Екi аптадай уақыт бойы қаладағы тоқсаннан астам мекеме ұжымы қазақ халқының салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрпын қастерлеу, ұлттық ұйысудың мейрамы саналатын Наурызды насихаттау мақсатымен халықтық мәнi зор шаралар ұйымдастырды. Тiл басқармасы ұйымдастырған бұл бәсекенi елу адамнан тұратын қазылар алқасы жан-жақты сарапқа салған едi. Қазылардың түйiндi сөзi бiр жерден шығып, осы байқауда Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы бас жүлденi талассыз иелендi. Басқарма жұмысының негiзгi функциясы басқа басқа, қарапайым халық үшiн жақсы таныс болса керек. Қашанда халықтың ... Читать далее »

Наурызда туған нәрестелер

index15

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлiмi елордада соңғы бiр ай iшiнде дүниеге келген балалар саны жөнiндегi мәлiметтi таратты. Наурыз айында Астана қаласы тұрғындарының саны 1644 сәбимен толық-қан. Нәрестелердiң 746-сы – қыз, 898-i – ұл бала, 17-сi – егiз. Сәбилердiң саны жөнiнен ақпанмен салыстырғанда, наурызда бiршама өсiм бар. Жалпы, мұндай өсiм динамикасы әр ай сайын байқалып отырады. Читать далее »

СӘУIР БОЛМАЙ, ТӘУIР БОЛМАЙДЫ

image00214

Қазақта «сәуiр болмай, тәуiр болмайды» деген сөз бар. Сәуiр туғанда алғаш күн күркiрейдi, бөлек-бөлек «Жаз бұлты» шығады. Кейбiр жерлерде сәуiр айындағы «бесқонақ» амалы өтпей, малшы-шопандар күн райы қанша тамылжып тұрса да, жайлауға көшпеген. Өйткенi, «бесқонақ» кезiнде ең болмағанда үш-бес күндiк суық, қар аралас жаңбыр жауатын болған. Ертеде ақсақалдар: «отамалы – ойылған қыс, сәуiр – сәндi қыс, зауза-саратан, сенен де қорқам» деп мал баққан қазақты сақтандырған екен. Осы сәттегi найзағайдың жарқылын халық «қызырдың қамшысы шартылдады, қыс кеттi» деп есептеген. Астана қаласының гидрометеорологиялық мониторинг орталығының директоры Людмила Чунтонова сәуiр айындағы ауа райының ... Читать далее »

АУЛА КЛУБТАРЫ, АХУАЛЫҢ ҚАЛАЙ?

image0109

Астана қаласы Iшкi саясат басқармасының бастамасымен қалалық Жастар саясатын қолдау мемлекеттiк қорының «Есiл» аула клубы балалар мен жасөспiрiмдерге есiгiн айқара ашты. Сауран көшесiндегi жаңадан салынған тұрғын үй ғимаратының 510 шаршы метрiн алып жатқан аула клубы жасөспiрiмдердiң бос уақыттарын тиiмдi пайдалануға жағдай жасау бағытында бiрлесе жүргiзген жұмыстардың нәтижесiнде ашылып отыр. «Есiл» аула клубы 500-ден астам жас елордалық балалар мен жас-өспiрiмдердiң көп функционалды мәдени-спорт орталығына айналмақ. Орталықта бокс, күрес, каратэ секциялары, жаттығу және үстел теннисi залы, бейнелеу өнерi және қолөнер бөлмелерi, шахмат және хореография үйiрмелерi бар. Жасөспiрiмдермен тәжiрибелi мұғалiмдер мен психолог мамандар ... Читать далее »

Дүбiрлi Думан

Халқымыздың дәстүрге айналған Наурыз мерекесiн елордамыздағы №25 орта мектепте дүбiрлi думанмен атап өттi. Көп ұлттың балалары бiлiм алып жатқан ордамызда ең алдымен Наурыз мерекесiн айшықтайтын әдемi суреттер салынып, әр сыныптың қабырға газеттерi шығарылды. Мерекелiк безендiруден бөлек, қазақтың ұлттық ойын-дардан сайыс ұйымдастырылып, одан кейiн «Наурыз тарихы» атты 7-сыныптың оқушылары арасында бiлiм сайысымен жалғасты. «Ауылдарға саяхат» байқауында мектеп ұстаздары мен оқушылар қазақтың және басқа ұлттың салт-дәстүрлерiнен керемет көрiнiс қойды. Ал,«Наурыз-думан» отбасылық жарыста өнер көрсеткен ата-аналар балаларымен бiрге Наурыз тойдың нағыз нақыштарын ортаға салды. Гүлнұр Оспанова, тәрбие iсiнiң меңгерушiсi Читать далее »

On-line ойласу

image00211

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы елдiң әлеуметтiк жағдайын жақсарта түсудiң негiзiне айналып отыр. 30 наурыз күнi Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz веб-порталында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған мiндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру барысы туралы интернет-конференция өткiздi. On-line желiсiнде қала басшысы көпшiлiктiң көкейкестi сауалдарына жауап берiп, пiкiр алысты. Мусинов Арман Сәбетқанұлы: – Менi қала аумағында жеке тұрғын үй салуға жер бөлу мәселесi толғандырады. Кезекте тұрғаныма – 6 жыл. Өзiм байырғы целиноградтықпын. Бұл мәселе бiрнеше мәрте қозғалды. Жер ... Читать далее »

Жас ұрпақтың жанашыры

image0143

Ұстаз – анадан кейiнгi ұлы есiм. Ол қоғам өмiрiнiң тамыршысы секiлдi, уақыт бүлкiлiн тап басып, болып жатқан оқиғалардың астарынан әлеуметтiк мән iздейдi. Жас ұрпақты бiлiм нәрiмен сусындатып қана қоймайды, өмiрдiң сан тарау жолында оларға дұрыс бағыт-бағдар берiп, ақ пен қараның аражiгiн ажыратып, танып-бiлуге өлшеусiз қызмет етедi. Солардың бiрi – Сақан Сәтмағанбетов. Ол бүгiнде Астанадағы №8 бiлiм ошағын басқарады. Бәрекелдi дейсiң. Сонан соң Сақан Елеусiзұлы туралы ойланасың, толғанасың. Өйткенi, адамдардың есiнде өткенi емес, өскенi ғана жүредi. Өмiр заңы солай. Ол, мiне, алпыстың асқа-рына шығып отыр. Бұл күнi оны құттықтайтындардың көп болатыны ... Читать далее »

Әрдайым сергек Әприза

image0126

Адам баласының бойынан тек жақсыны көрумен ғана тынбай, өзi де айналасындағыларға iзгiлiк нұрын сеуiп, жақсылық жасауға дайын тұратын жандар болады. Астаналық Әприза Құсайынқызы солардың қатарынан. Негiзi, Астананың байырғы тұрғындары Әпризаны жақсы таниды. Өйткенi, ол – осы жердiң тумасы. Қызмет бабымен, басқа да мақсаттармен елордаға бертiнде келген көпшiлiкке де оның есiмi таңсық емес. Себебi, ол үнемi қаланың мәдени өмiрiне қатысты оқиғалардың басы-қасында жүредi. Сондықтан, бұл қалада Әпризаны танымайтын адам кемде-кем. Дегенмен, мағыналы ғұмырын мәдениет саласында еңбек етуге арнаған адамның өмiрiн, жүрiп өткен жолын бiлмейтiндер де бар шығар деген ниетпен оның өнегелi ... Читать далее »

Наурызнама: iзденiстер мен iркiлiстер

image0065

Табиғаттың төл мерекесi – Наурыз мейрамы жылдан- жылға елiмiз жаппай атап өтетiн мерекеге айналып келедi. Сондықтан да Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетовтiң өзi бас болып осы Наурыз мейрамына айрықша көңiл бөлдi. Қала басшысының тапсырмасы бойынша елорданың «Қазақ елi» алаңынан бастап бiрнеше жерде мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтарымыз қатысқан нағыз жалпыхалықтық, шынайы мерекелiк мазмұн мен сипаттағы мейрам өткiзiлдi. Ұлыстың ұлы күнi қарсаңында «Армысың, Әз-Наурыз!» атты қалалық конкурс өткiзiлдi. Ережесiн қала әкiмi арнайы бекiткен. Наурыздың 14-iнен бастап 26-сына дейiн созылған бұл байқауға 90-ға жуық әртүрлi саланың мекемелерi қатысты. Атап айтқанда, қала әкiмдiгiне ... Читать далее »

Емханадағы ерекше күн

Ұлыстың ұлы күнi қарсаңында №3 қалалық емхананың ұжымында мерекелiк шара өттi. Бұл күнi дәрiгерлер емделушiлерге медициналық көмек көрсетiп қана қоймай, қазақтың ұлттық киiмдерiн киiп, салт-дәстүрлерiмiздi дәрiптедi. Осыған орай, емдеу мекемесiндегi терапия, әскери комиссия, педиатрия, мамандандырылған және клиникалық-зертханалық бөлiмшелердiң қызметкерлерi өзара өнер сайыстырды. Олар сырға салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, бесiкке салу, тұсаукесер дәстүрлерiн дәрiптедi. Әсiресе, Нина Васильеваның орындауындағы халық биi «Қамажай» көрермендер көңiлiнен шықты. Сондай-ақ жиналғандар Гүлнар Төлеухан, Бәтима Әбiлдинова, Күлжан Жұманова, Ермек Ержанов және Күләш Есжанова сынды дәрiгерлердiң өнерiне тәнтi болды. «Наурыз бүгiнде нағыз халықтық мерекеге айналды. Оны ... Читать далее »