-->

Қала тіршілігі

Шам жарықтарын «ақылды» жүйе жағады

ef2afb5ced402edc26f04d2acfea6be4

Астана көшелерінің ерекше жобасы «Astana Innovations» АҚ компаниясы әзірледі. Жоба жарықдиодты шамдар орнату мен көшені жарықтандырудың «ақылды» жүйесіне көшу арқылы энергия үнемдеуді арттырып, оған жұмсалатын шығындарды азайтуды көздейді. Жоба аясында натрий шамдарды заманауи жарықдиодты шамдарға алмастыру жоспарланған. Қуаттылығын реттеуге болатын шамдардың жалпы саны 25 мыңнан кем болмайды. Жоба авторлары көшелерді жарықтандыруға жұмсалатын электр энергиясын пайдалануды ша­мамен 50 пайызға азайтып, ақылды жүйенің көмегімен шамдарды қолдануға жұмсалатын қара­жатты қысқартады деп отыр. Сондай-ақ көшелерді жарықтандыру бағана­ларында «Заттар Интернеті (IoT)» «ақылды» сервисі енгізілмек. Бұл сервисті іске асыру өзге есептегіштерден мәліметтер жинау үшін бірыңғай сымсыз ... Читать далее »

Астанада атмосфералық ауаны қадағалайтын құрылғылар орнатылады

kbb_8152

Астана әкімі қаладағы экологиялық ахуал мәселе­лері бойынша арнайы жиын өткізді.  Астана қаласы бо­йынша Экология департаментінің дерек­теріне сәйкес, қазіргі уақытта елордада атмо­сфераға лас заттардың 53 пайызын авто­көліктер шығарса, 10 пайызын жеке сектордың (пешпен жылыту, жеке қазандықтар) үлесіне тиеді. Сонымен қатар, жиында қаланы басқан қою түтін тақырыбы да қозғалды, оған антициклон, желсіз ауа райы (1-2 метр), тұман және ылғалдылық (91 пайызы) себеп болған. «Желсіз күні ауада жағылған отынның иісі байқалады. Бұған қатты отынды жаққанда түзі­­летін күл себеп, оны адам ағзасы автокөлік газынан гөрі жақсы сезінеді. Ал осы ретте авто­көліктерден шығатын лас заттардың ... Читать далее »

Алматы ауданы: табыс белесінде

r-n

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Алматы ауданында 2017 жылдың қаңтар айының 31 жұлдызы мен ақпан айының 8 жұлдызы аралығында7 есеп беру кездесуі өткізіледі. Алматы ауданы әкімінің  есебі Мемлекет басшысының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Алматы ауданында 2017 жылдың қаңтар айының 31-і мен ақпан айының 8 жұлдызы аралығында 7 есеп беру кездесуі өткізіледі. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін www.almaty.astana.kz Алматы ауданы әкімінің ресми сайтында «Есептік кездесу» айдары орналастырылды, осы электронды мекенжайға тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша арыздары мен өтініштерін қалдыра алады. ... Читать далее »

ПИК жұмысын жақсарту бойынша кешенді жоспар әзірленеді

ahanov

Кеше Оқушылар сарайында ПИК мәселесіне байланысты, жалпы алғанда елордадағы тұрғын үй қорының жағдайына арналған қоғамдық тыңдау өтті. Оған Астана әкімі Әсет Исекешев қатысып, осы саладағы түйткілді мәселелерді, әкімдіктің бұл түйіндерді тарқату бағытындағы жұмыстарды атап өтті. Қаланың қарапайым тұрғын­да­рының тіршілігіне қатысы бар болғандықтан бүгінде тұрғын үй қаты­настары елорданың ең маңызды мәселесі болып саналады. Бүгінде Астана қаласында 419 ПИК тіркелген. Олар 2,5 мыңға жуық көпқабатты үйдің тұр­ғындарына қызмет көрсетеді. «Бес саусақ бірдей емес» демекші, олардың жұмысының сапасы да әртүрлі дең­гейде. Кейбір ПИК-тер қызметі ха­лықтың көңілінен шықса, біраз пәтер иелері кооперативтері жұмысына қа­тысты ... Читать далее »

Астанада «Қамқорлық» қайырымдылық шарасы өтуде

c-4

Астана қаласының білім басқармасы «Қамқорлық» қайырымдылық шарасын өткізеді. Шара әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға қол ұшын созуға бағытталған. Акция барысында әлеуметтік қорғауға мұқтаж отбасыларға барып, мектепке бармайтын оқушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Мұнымен қатар білім беру ұйымдары сынып сағаттарын, түрлі жиындар, қайырымдылық шаралары мен жәрмеңкелер ұйымдастырады. 2016 жылы «Қамқорлық» шарасы барысында елордада жалпы сомасы 19 143 334 теңгеге 2 848 балаға көмек көрсетілді. 2970 мұғалім 70 785 үйді аралады, деп хабарлайды Астана қаласының білім басқармасы. Көмекке мұқтаж балаларға кез келген ниет ... Читать далее »

Елордалық жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі жандарға квота бөледі

c-11

Елордалық жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 50-ден 100 адамға дейін – 2 пайызға, 100-ден 205 адамға дейін – 3 пайызға, 251-ден жоғары болса 4 пайызға дейін жұмыс орындарына квота бөледі. Сонымен қатар, жұмыс орындарына квота анықтау қызметі бойынша есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын адамдарға 1 пайыз көлемінде жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілейді. Осыған байланысты Астана қаласының жұмыс берушілері тоқсан сайын жұмыс орындарының саны мен квотаны орындау туралы мәліметтерді ... Читать далее »

Апаттың алдын алуда қандай сақтық шаралары ұйымдастырылуда?

newsbel-by-6-11-2016-am0zcqi8dwkgdk47s2vpsciq6ztgls9w

Жуырда ғана Қарағанды мен Шымкент қалаларында болған қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандар болды. Тұрғын үйден шыққан төтенше жағдайға қазандықтың және газ-ауа қосындысының жарылысы себеп болған. Астана қаласында да осындай ескі үйлер көп болғандықтан, апатты үйлердің қауіпсіздігіне назар аудару керек. Осы ретте тиісті мекемелер сақтық шараларын қалай ұйымдастыруда? – Астана қаласында сұйытылған газды тұрмыстық қолдануға қатысты заңды және жеке тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жиі өткізіледі, – дейді Астана қаласы Тұрғын үй инспекциясының маманы Мақсат Абылов. Оның айтуынша, бүгінгі таңда пәтер иелерімен, басқарушы мекемелермен (ПИК, ТҚК), заңды тұлғалармен кездесу кезінде қауіпті деп танылған ... Читать далее »

Астанада пайдалану мерзімі өтіп кеткен 109 лифт қауіп тудырып тұр

id_6963

Қала тұрғындары жиі пай­даланатын лифт – көп қабатты тұрғын үйдің түйткілді мәселелерінің бірі болып отыр.  Қазіргі таңда Астанада жалпы ауданы 21 млн шаршы метр болатын 2 431 көп қабатты тұрғын үй орналасқан. Міне, осы пәтерлерде тұратын халық үшін 5 516 лифт жұмыс жасап тұр. Сондай-ақ, жедел сатылардың күндіз-түні тоқтаусыз қызмет көрсетуі үшін 47 мамандандырылған ұйым жұмыс жасап жатыр. Ресми мәліметке сенсек, ТКШ модернизациялау шеңберінде 2011-2015 жылдар аралығында 60-тан аса лифт алмастырылған. Әйтсе де, қазіргі таңда пайдалану мерзімі өтіп кеткен 109 лифт қала тұрғындары үшін қауіпті болып тұр. Мамандар жедел сатының ... Читать далее »

Астанада енгізілгелі жатқан электронды ПИК жобасы халыққа не береді?

ksk

Ертең Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Аталған кеңесте әкімнің төл бастамасы болып саналатын электрондық пәтер иелері кооперативіне байланысты мәселе талқыланады. Шыны керек елімізде ПИК-не көңілі толмайтын азаматтар баршылық. Ал электрондық ПИК-тің қарапайым халық үшін қандай пайдасы бар? Жуырда Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев биылдан бастап электрондық ПИК жобасы жүзеге аса бастайтынын мәлімдеген болатын. Әкімнің айтуынша, пәтер иелері кооперативінің жұмысы елімізде өте өткір мәселе болып саналады. Сондықтан да ол алдағы уақытта ПИК жетекшілері мен мәслихат депутаттары және де келісілген іс-қимыл жоспарын әзірлеу жөніндегі қоғамдық кеңестің ... Читать далее »

Елорда әкімі Германия елшісімен кездесті

????????????????????????????????????

Астана әкімі Әсет Исекешев Германия Федеративті Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэльмен кездесті. Кездесу барысында елорда басшысы ГФР елшісіне өткен жылдың желтоқсанында Берлин қаласында болған терактіге байланысты көңіл айтты. «Астаналықтар берлиндік достарының қайғысына ортақ­тасады, біз терроризмнің кез келген құбылыстарына ымырасыз түрде қарсы тұруды әрқашан қолдаймыз» деді Әсет Исекешев. Содан кейін елорда әкімі Қазақстан мен Германия арасындағы достық байланыстарға тоқталды. ГФР республиканың айтулы сауда әріптестерінің қатарына кіреді, ал Берлин Астананың бауырлас және әріптес қаласы болып табылады. Қазақстан мен Германия елордаларының арасындағы түрлі салалар бойынша өзара қызығушылыққа негізделген мазмұнды диалог дамып ... Читать далее »