-->

Әкімдік

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АУҚЫМДЫ

Есіл ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев №75 және №24 орта мектептерінде болып, халық алдында есеп берді. Халықты негізінен жылу беру, пәтер иелері кооперативі және апатты үйлерді сүру сынды әртүрлі әлеуметтік мәселелер мазалайды екен.  Бұл жиынға елорда әкімі­нің орынбасары Малика Бек­тұрова қатысты. Оның айтуынша, әкімдердің халық алдында есеп беруі билік пен халықтың арасын жақындастырады. – Мәселен, Есіл ауданында есептік кездесу биыл осымен 9-шы рет өткізіліп отыр. Бұл халыққа жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары, елімізде іске асырылатын реформалар мен бағдарламалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі кездесуде айтылатын барлық мәселелер назардан тыс қалмайды. Өйткені, ... Читать далее »

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛЕДІ

Бұрнағы күні Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев халыққа есеп беру кездесуін бастады. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғимаратында өткен жиынға Қажымұқан, Кенесары, Сәтбаев және Петров көшелері мен Абай, Абылай хан, Тәуелсіздік даңғылдарының тұрғындары жиналып, көкейкесті мәселелерін көтерді. Кездесуге Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов және қалалық мәслихат депутаттары, басқармалар басшылары қатысты. АУДАН ХАЛҚЫ КӨБЕЮДЕ Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев былтыр ауданда атқарылған жұмыстар жө­нінде қысқаша тоқталды. Елорданың қарышты дамуына Алматы ауданындағы ілкімді жұмыстар ықпалын тигізетінін айтқан әкім бүгінде бұл аумақта 382 мың тұрғын өмір сүріп жатқанын тілге тиек етті. Жылдан жылға халқы кө­бейген ... Читать далее »

ҒЫЛЫМСЫЗ ҚОҒАМ АЛҒА ЖЫЛЖЫМАЙДЫ

Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың хал­қымызға ар­на­ған «Қазақстанның үшін­ші жаңғыруы: жа­һандық бәсекеге қа­бі­леттілік» атты Жолдауы талқыланды. Жиынға жоғары оқу орнының ғалымдары мен студенттері қатысты.  – Елбасының халыққа Жолдауы қашан да ерекше маңызы бар оқиға саналып, алдағы таңда мемлекеттің дамуы мен экономикалық-әлеу­меттік саласының бағытын айқындап береді, – деп бас­тады сөзін университет ректоры. – Биылғы жолдаудың ерекшелігі – Мемлекет бас­шысы экономиканың техно­логиялық дамудың жаңа моделін ұсынып отыр. Бұл дегеніміз – ғылым мен инновация және адам капиталының сапасы көтеріледі деген сөз. Біздің ғалымдардың армандап жүрген ойлары Жолдауда жазылғандықтан, оған ... Читать далее »

Астана әкімдігінде мемлекеттік қызметке байланысты әдеп кеңесі өтті

kbb_8888

Астана әкімдігінде мемлекеттік қызметке байланысты әдеп кеңесі өтті. Оған елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев қатысты. Жиында мемлекеттік қызмет­кер­лердің этикасы мен осы бағытта қабылданған шешімдердің уақытылы орындалуы және оның жүзеге асырылу барысы сөз болды. Өз кезегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев осы саладағы атқарылған жұмыстар мен түйткілді мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, 2016 жылы елімізде мемлекеттік қызметтің этикасына байланысты 158 отырыс өтіп, онда мыңнан аса сұрақ талқыланған. ... Читать далее »

Есіл ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша есебі

dsc_0083

Ермағанбет Бөлекпаев, Есіл ауданының әкімі Халықпен жұмыс жасау Өткен жылы Есіл ауданында 870 адамның қатысуымен халық алдында 5 есеп беру кездесуі өткізілді. Жалпы тұрғындардан 113 ескертулер мен ұсыныстар келіп түсті, оның ішінде жолдарды жөндеу және олардың құрылысы, инженерлік жүйелер, жолау­шыларды тасымалдау, ауданды абаттандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету және т.б мәселелер. Кездесулердің қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Осы іс-шаралар жоспары аясында 93 сұраққа түсініктеме беріліп, шешімі табылды. Қазіргі таңда қаржы шығындарын талап ететін 20 сұрақ бақылауға алынды. Атап айтқанда, тұрғындардың өтініші бойынша «Газмашаппаратура» зауытының аумағындағы «Строитель» саяжай қоғамында ... Читать далее »

Астаналықтар аудан әкімдеріне өз сұрақтарын жолдай алады

c-11

Астана қаласының аудан әкімдерінің тұрғындармен есеп беру кездесулері өтетін кезеңде қоғамдық орындарда өтініштер мен ұсыныстар қабылдауға арналған жәшіктер орнатылады. Жәшіктер тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттардың және ірі сауда орталықтарының жанында орналасады. «Алматы» ауданы әкімінің есе беру кездесулері қарсаңында (31 қаңтар – 8 ақпан) жәшіктер екі халыққа қызмет көрсету орталығында (Сәтпаев к-сі, 23, Күйші Дина к-сі, 29/1), №7 қалалық емханасында, (Құдайбердіұлы к-сі, 25), «Алматы» ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Промышленный, Железнодорожный, Интернациональный тұрғын алаптарында) қойылады. Сонымен қатар, өтініштерді қабылдауға арналған жәшіктер «Евразия», «Жаннұр», «Астаналық» (бұрынғы «Артем»), «Әлем» сауда орталықтарында да болады. «Сарыарқа» ауданының ... Читать далее »

Астана қаласы әкімдігінің 20 нақты бастамасы

146076484791111fce2ee9c844b908be56fb914dff48d

Елордада, негізінен, сапалы білім беру, денсаулық сақтау саласындағы өркенді өзгерістер, қоғамдық көліктің заманауи жүйесін дамыту секілді тұрғындар үшін маңызды болып табылатын басты 20 межені қамту жоспарланып отыр. Сондықтан осындай арнайы бағдарламаға Астананың 20 жылдығына орай «20 нақты бастама» деген атау беріліп отыр. Читать далее »

Алматы ауданы: табыс белесінде

r-n

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Алматы ауданында 2017 жылдың қаңтар айының 31 жұлдызы мен ақпан айының 8 жұлдызы аралығында7 есеп беру кездесуі өткізіледі. Алматы ауданы әкімінің  есебі Мемлекет басшысының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Алматы ауданында 2017 жылдың қаңтар айының 31-і мен ақпан айының 8 жұлдызы аралығында 7 есеп беру кездесуі өткізіледі. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін www.almaty.astana.kz Алматы ауданы әкімінің ресми сайтында «Есептік кездесу» айдары орналастырылды, осы электронды мекенжайға тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша арыздары мен өтініштерін қалдыра алады. ... Читать далее »

ПИК жұмысын жақсарту бойынша кешенді жоспар әзірленеді

ahanov

Кеше Оқушылар сарайында ПИК мәселесіне байланысты, жалпы алғанда елордадағы тұрғын үй қорының жағдайына арналған қоғамдық тыңдау өтті. Оған Астана әкімі Әсет Исекешев қатысып, осы саладағы түйткілді мәселелерді, әкімдіктің бұл түйіндерді тарқату бағытындағы жұмыстарды атап өтті. Қаланың қарапайым тұрғын­да­рының тіршілігіне қатысы бар болғандықтан бүгінде тұрғын үй қаты­настары елорданың ең маңызды мәселесі болып саналады. Бүгінде Астана қаласында 419 ПИК тіркелген. Олар 2,5 мыңға жуық көпқабатты үйдің тұр­ғындарына қызмет көрсетеді. «Бес саусақ бірдей емес» демекші, олардың жұмысының сапасы да әртүрлі дең­гейде. Кейбір ПИК-тер қызметі ха­лықтың көңілінен шықса, біраз пәтер иелері кооперативтері жұмысына қа­тысты ... Читать далее »

Астана әкімдігінде елорданың көлік кешенін дамыту жайы талқыланды

erm_3191

Бейсенбі күні қала әкімінің қатысуымен өткен 2017 жылдың алғашқы қоғамдық тыңдалымында елорданың көлік кешенін дамыту жайы талқыланды. Жиында мамандар мен қоғам өкілдерінен маңызды ұсыныстар айтылып, бірқатар бастамалар көтерілді. Соның бірі – сырттан келетін көліктердің елордаға кіруін ақылы ету жүйесі. Осы секілді талқылау сатысындағы кейбір мәселелерге қатысты пікір-таластар да туындады. Қысқасы, барлық ұсыныстар 1 ақ­панға дейін әкімдікке түскеннен кейін нақты шешім қабылданатын болады. Айта кетейік, қала билігі өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалог барысында Астананың 2017 жылға арналған жол-көлік ин­фра­құрылымын дамыту бағдар­ламасы таныстырылды. Қоғамдық көлік мәселелерін талқы­лауға арналған жиында қала әкімі Астана ... Читать далее »