Қала тіршілігі

ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫН ТЫҢДАДЫ

Қалалық №76 мектеп-лицейде жиналған жұрттың алдында аудан әкімі Ермағанбет Бөлекпаев алдымен атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы баяндаманы 40 минут бойы тапжылмай оқып, жиынның екінші жартысында тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. «Біздің ауданда қарды сыртқа шығару үшін арнайы орын қарастырылмаған. Қарды қолымызда бар техникамен күреп, ақылы полигонға тасимыз. Ал егер қарды уақытылы тазартпасақ, айыппұлды бірден салады. Осы мәселені қалай шешуге болады?» деп «АстанаЖилСервис» қызмет көрсету компаниясының клиенттермен жұмыс бо­йынша бас менеджері сұрақ қойды. Ермағанбет Бөлекпаев ауданның жылдан-жылға ұлғаюын тілге тиек етіп, бар мәселе техникалардың жетіспеушілігінде деді. Алдағы уақытта қарды өзі түсіретін машиналардың санын …

Ары қарай оқу

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Астана әкімдігінде өткен кезекті аппарат жиынында қоғам қауіпсіздігі, көше тазалығы және жылыту маусымына қатысты мәселелер талқыланды. Онда қала әкімінің орынбасарлары өздеріне жүктелген міндет бойынша баяндама жасады. Алдымен, шаһардағы тұр­ғын үй құрылысындағы үлес­керлердің мәселесін Сергей Хорошун баяндады. Ол өз сө­зінде: «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында проблемалық нысандарды қаржыландыру механизмі мен іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін түсіндіру бойынша 34 тұрғын-үй құрылыс кооперативтері төрағаларымен кездесу өткізіп, сонда айтылған ақпаратты өз үлескерлеріне жеткізу ұсынылды» деді. Төтенше жағдайлар, сани­тарлық-эпидемиология­лық  жағдай, қала тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының ағымдағы жай-күйі және жылыту маусымының барысын Қосман Айтмұхаметов айтып берді. Оның сөзіне …

Ары қарай оқу

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Кеше «Еуразия» сауда орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті, қалалық мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы департаменттері бірлесіп, мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесін өткізді. Астана қаласының тұрғындары арасында электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау, кеңес беру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға жергілікті атқарушы билік өкілдері мен Есіл, Сарыарқа, Алматы аудандары әкімі аппараттарының қызметкерлері, тұрғын үй департаменті сияқты өзге де мемлекеттік органдар және халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қатысты. – Бұл шараны әдейі адам көп жүретін орында, яғни сауда орталығында …

Ары қарай оқу

Алматы АУДАНЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН 2018 ЖЫЛДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

Құрметті аудан тұрғындары! Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматы ауданының барлық маңызды әлеуметтік-экономикалық өсуі жалпы тәжірибеде жоғарғы көрсеткіштерге ие болды. Астана қаласының кәсіп­орын­дарының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі  944,6 млрд теңгені құраса, соның ішінде Алматы ауданы бойынша 143,6 млрд теңгені құрады (қала бойынша жалпы капиталға салын­ған инвестициялардың 15,2%). Аудан ғимараттарын салу мен күрделі жөндеуге бағытталған инвестициялар көлемі 107,8 млрд теңгені құрады, соның ішінде тұрғын үй құрылысына 40,6 млрд теңге бөлініп, 535,4 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Есептік кезеңде өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтің құны 549,3 млрд теңгені құраса, …

Ары қарай оқу

ҚАСИЕТТІ ЖЕРЛЕРДІ ТҮГЕНДЕДІ

Кеше ҚР Ұлттық музейінде Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша II республикалық форум өтті. Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған шара шеңберінде «Рухани жаңғыру» атты көрме залы ашылып, «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары», «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» кітаптары мен «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы І томының тұсауы кесілді. Жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар нысандар көрсетілген «Қазақстанның қасиетті жерлерінің география­сы» атты, біріншісі виртуа­лды, екіншісі интерактивтік карталар таныстырылды. «Былтыр Қазақстанның кие­лі жерлерін анықтауға байланысты өткен І респуб­ликалық форумда жобаның мақсат-міндеттерін, жоспарларын айқындап алған болатынбыз. Жоспарға сәйкес Мәдениет және спорт ми­нистр­лігінің ұйымдастыруы­мен …

Ары қарай оқу

ШАҺАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ

ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНДЕ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР? Астана – жер жүзі мемлекеттері байтақтары арасындағы ең суық елді мекендердің бірі. Бұл жағынан келгенде, ол Моңғолияның ордасы – Улан-Батордан кейінгі екінші шаһар. Осылайша солтүстік ендікке орналасқандықтан, қыста қаланы қардан тазарту біздің елорданың ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бүгінде жаһанның басқа бірқатар елдерінің астаналары да осындай проблемаларды бастан кешуде. Ал олар бұл тығырықтан қалай шығып жүр, енді соған келейік. АҚШ-тың бас қаласы – Вашингтонда жүргізушілердің бәрі «3 сағат» деген ережені жақсы біледі. Осы қағидатқа сәйкес, қалада әр қар жауғаннан кейін тәуліктің қай шамасы екеніне …

Ары қарай оқу

АСТАНА ҚАЛАСЫ АУДАНЫ ӘКІМДЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ

  Алматы  ауданы әкімінің 2018 жылдың 29 қаңтары мен 02 ақпаны аралығында  халық алдында есептік кездесуін өткізу КЕСТЕСІ   № Өткізілетін күні           Өтетін орны                                       Қамтылатын аумақтар 1 29.01.2018 ж. 11.00 сағ. (дүйсенбі)   Л.Н. Гумилев атындағы  ЕҰУ Қ.Сәтпаев көш., 2 Абылай хан даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, Қажымұқан көшесі,  Кенесары көшесі, Сәтпаев көшесі, А.Петров көшесі,  Ж.Жирентаев көшесі, Абай даңғылы, М.Жұмабаев көшесі, А.Пушкин көшесі, Ж.Ташенов көшесі, А.Янушкевич көшесі.. 2 30.01.2018 …

Ары қарай оқу

САРЫАРҚА АУДАНЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН 2018 ЖЫЛДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

Ауданда әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда деңгейі ауқымды жұмыс жүзеге асырылды. Түрлі мемлекеттік реформалар мен бағдарламалар табысты атқарылуда. Арман ТҰРЛЫБЕК, Сарыарқа ауданының әкімі «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында ауданда азаматтық қоғам институттарын және шағын және орта бизнес өкілдерін тарта отырып, бағдарламаны ілгерілету бойынша нысаналы жұмыс жүргізілуде. 2017 жылы келесідей жобалар іске асырылды: – М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы маңында балаларға арналған ойын кешені орнатылды; – Самал ықшамауданында 3 «Workout» спорттық жаттықтырғышы орнатылды; – Қосшығұлұлы көшесі, 25 мекенжайы бойынша «рақмет» айтып, тауар алуға болатын қайырымдылық дүкені …

Ары қарай оқу

ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН 2018 ЖЫЛДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жүзеге асырылды. Есіл ауданында 2018 жылы 19-28 қаңтар аралығында 8 есептік кездесу өткізу жоспарланған. Осыған байланысты тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Есіл ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік желілердегі парақшаларында (Facebook, Instagram) «Есептік кездесулер» айдары құрылды, онда әрбір тұрғын өзекті мәселелер бойынша электронды өтінішін қалдыра отырып, уақытын үнемдей алады. Бұған қоса, қоғамдық орындарда жазбаша өтініштерді жинау үшін 10 жәшік орнатылған. 2017 жылы Есіл ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардың 10024 …

Ары қарай оқу

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ – МҰЗ АЙДЫН

«Ақ киімді, денелі, ақ сақалды» деп Абай атамыз суреттегендей, қылышын сүйреген қыс та бел ортаға жетті. Қыс жалғыз келмейді, қызығымен бірге жүреді. Қыс қызығы демекші, биыл елордада ерекше мұз қалашықтары бірінен соң бірі ашылып, шаһарды тұтас ертегі әлеміне айналдырды.  «ЭКСПО» МҰЗ ҚАЛАШЫҒЫ Былтыр «ЭКСПО-2017» көрмесі өткеннен кейін әкімдік жыл сайын «Хан Шатыр» аумағында орналасатын мұз қалашығын бас шыршамен бірге ЭКСПО қалашығына көшірді. Ашық аспан астындағы мұзайдынның атмосферасы ерекше. Мұнда 200 мыңнан астам жарқылдаған шаммен және 6 мың шармен безендірілген шырша, «Нұр Әлем» кешеніндегі көздің жауын алатын проекциялық лазерлік шоу және …

Ары қарай оқу