Четверг, 22 Июнь 2017
-->

Оқырманнан он сұрақ

Уәлибек ӘБДIРАЙЫМОВ: ТIЛIМIЗДI ДАМЫТПАЙЫНША, КҮЛКIМIЗ САЛМАҚТАНБАЙДЫ

yali

Бәрi елiктеуден басталады дейдi ғой. Өзiңiз өнер жолында алдыңғы толқыннан кiмге елiктедiңiз? Жанар, оқушы – Тамашаның тарланы – марқұм Құдайберген Сұлтанбаев ағамыздың өнерiн үлгi еттiм. Бүгiнде сатиралық театрлар көп. Бiрақ, солардың халыққа ұсынып жатқанына кейде қарның ашады. Кейбiреуiне, тiптi, күле де алмайсың. Сiздiңше, осы әзiлдiң тым төмендеп кетуiнiң себебi неде? Сұңғат Сартай, студент – Бiрiншiден, бiзде театрлардың әр қойылымын бағалап, байыптап отыратын сыншылар өте аз. Мысалы «Терiсқақпай» не айтты? Идеясы қандай болды? «Нысана» ненi көздедi? «Шаншар» кiмдi шаншыды? «Мына әзiлден түк түсiнбей, жай ғана күлдiк. Ал, мынаған күлмесек те iштей ... Читать далее »

Бекжан ТҰРЫС, актер: ЖАҚСЫ КIТАП ОҚЫСАМ, ЖАНЫМ ЖАДЫРАЙДЫ

  Өнер жолына қалай түстiңiз? Лаура,  студент – Бала кезiмнен өнерге құштар болдым. Әрбiр адамның арманы болады ғой. Менi де кiшкене күнiмнен актер болсам деген арманым алға жетеледi. Сол арманның жетегiнде жүрiп, өнердiң кемесiне мiндiк. Елубай Өмiрзақов, Асанәлi Әшiмов, Әнуар Молдабеков, Шәкен Айманов сынды ағаларымыздың өнерiне тәнтi болып, елiктеп өстiк. Ананың ақ сүтiмен дарыған қасиет, даланың, табиғаттың берген дарыны өнердiң нағыз өлкесiне алып келген жайы бар. Ұлыңыз Мағжанды да жақсы бiлемiз. Кезiнде «Хабар» арнасындағы «Ұят болмасын» бағдарламасында жарқ етiп көрiнiп, көпшiлiктi өнерiмен сүйсiнткен балаңыздың болашағынан не күтесiз? Сұңқар Есен, оқырман ... Читать далее »

Айгүл ИМАНБАЕВА, әншi-актриса: ӨНЕРГЕ ШӨЛДЕП ЖYРГЕН ЖАНМЫН

image02010

  Сiздi Үндiстанға барып, киноға түсiп келдi деп естiген едiк. Осы рас па? Мұратбек, оқырман – Рас. Үндiстанның «Шерхан» студиясында «Сен жалғыз емессiң» деген киноға түстiм. Кино әлемiне ендi келiп жатқан продюсердiң жұмысы екен. Онда мен жапон қызының рөлiнде ойнадым. Басты рөлдегi қыздың досымын. Ол кино бiзге қарай шықпайды. Кейiн өзiмнiң архивiме жазып беремiз деген. Әзiрге хабарын алған жоқпын. Үндi киноөндiрiсiндегiлер басты рөлдi ешқашан өзге ұлт өкiлiне бермейдi. Бiздегiдей жалпақшешейлiк жоқ. Осынысы қатты ұнады. Шығармашылықтың шарықтау шегiндемiн деп ойлайсыз ба? Жанар Ахметова, студент – Менде өнерге деген тойымсыздық бар. Бiр ... Читать далее »

Көпен ӘМIРБЕК, сатирик: КҮЛКI – КҮШТIЛЕРДIҢ ҚАРУЫ

image0263

1 сәуiр – күлкi күнi деймiз. Бұл мейрам бiзге қаншалықты жақын. Осыны тойлаған дұрыс па өзi? Жанар Өтешова, оқушы – Бiз жаңа жылды 1 қаңтар күнi әлi күнге атап келемiз, мұны христианның мерекесi демей-ақ бiз жанымызды салып тойлаймыз. 22 наурызды тойлауға ендi-ендi мойын бұра бастадық. Ал 1 сәуiр – күлкi күнi мерекесi деген болмаған, ол Болгарияның Габрово қаласында жыл сайын сықақшылардың халықаралық байқауы өтедi, соған байланысты шыққан атаулы күн. Сондықтан, бұл күлкi күнiнiң қазақтарға еш қатысы жоқ, одан да осы мерекенi ұлттандырып, Алдар көсе мен Қожанасырдың бiреуiнiң атына ен-шiлеп неге ... Читать далее »

Қайрат БАЙБОСЫНОВ

image0221

Өнер адамының бойынан қандай қасиеттердi көргiңiз келедi? Рысты Жұмабекова, мұғалiм – Өнер адамдарының бiр ерекшелiгi, болмашы нәрсеге тыз ете қалғанымызбен, қайтуымыз тез ғой. «Жақсы адамның ашуы шәйi орамал кепкенше» дейдi ғой қазақ. Бiздiң замандастарымыз бiр-бiрiмiзге кешiрiммен қарайтынбыз. Өнерде ауызбiршiлiк болмаса, қиын ғой. Арамызда алауыздық, қызғаныш, аяқтан шалу болған жоқ. Тек шығармашылық бәсеке ғана болды. Менiң замандастарым ешуақытта бiрiн-бiрi жамандамайтын. Бiр-бiрiнiң жаманын жасырып, жақсысын асырып отыратын, бiз сондай дала академиктерiнен дәрiс алдық. Қоғамның бiр мүшесi ретiнде сiздi не мазалайды? Жарылқасын Оралбайұлы,студент – Кезiнде Iлия Жақанов ұмытылып бара жатқан әндердi ауыл арасындағы ... Читать далее »

Ермахан Ибраимов

image0281

  Биыл Лондонда жазғы Олимпиада ойындары өтедi ғой. Сiз Қазақстан боксшылары қанша медаль алады деп ойлайсыз? Кiмдерге үмiт артасыз? Жақсылық Әбiлов, Ақмола облысы, Ерейментау қаласы – Өзiңiз бiлесiз, Лондон олимпиадасына Қазақстан боксшылары 6 лицензия алып қойған. Атап айтайын, олар – Қанат Абуталипов, Ғани Жайлауов, Серiк Сәпиев, Данабек Сужанов, Әдiлбек Ниязымбетов, Иван Дычко. Ендi сәуiр айының басында Астанада бокстан соңғы лицензиялық турнир өтедi. Онда төрт салмақ бойынша бiздiң боксшылар жолдама үшiн айқасқа түседi. Қазiр солардың бабын ойлап жүрмiз. Ал ендi кiмдерге үмiт артасыз дегенiңiзге жауап берсем. Мен екi әлем чемпионымыз Серiк Сәпиевке және ... Читать далее »