-->

Оқырманнан он сұрақ

Өнер – өзгеше өлшем

Тұңғышбай ӘЛ-ТАРАЗИ, ҚР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: – Аға, театрға қалай келдіңіз? Жалпы актер болу бала күннен бергі арманыңыз ба еді? Мейрам, тарих пәнінің мұғалімі – Бала күннің арманы көп болады ғой. Өсе келе екшелене береді. Алайда, әнге құмарлық азайған емес. Әкем теміржолшы болған соң, 2-3 қазыналық үйден тұратын разъездерде тұрдық. Ойын балалары аз, жалғыз, саяқтау болып өстік. Оңашада ыңылдап ән салу содан басталған шығар… Кейіндері кішкентай разъезімізге вагон-клуб келіп, кино көрсететін болған. Ол да еліктірген. Ержеткенде математика, физика, химия, әдебиет пәндеріне қызығу молырақ болған. Актерлық өнер өзіне там-тұмдап ... Толығырақ оқу →

Спортта жанкештілік керек!

Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы, Еңбек сіңірген спорт шебері: – Қазiргi уақытта боз кiлемге қыздар да шығып жүр. Нәзікжан­дылардың күреске қатысуына қалай қарайсыз? Жансая – Әрине, басқа спорт түрлерiне, көркем гимнастикаға, суға жүзуге баруға болады, бiрақ, бокс, күрес емес… Оған қарсымын. Және қыздардың күресін, боксын теледидар арқылы көре алмаймын. – Атақты палуан ретінде грек-рим күресінің қазіргі аяқ алысы жөнінде не айтар едіңіз? Нұрберген, қасапшы – «Жүзден жүйрік, мыңнан тұл­пар» дейді қазақ. Бәріміздің чемпион болуымыз мүмкін емес. Бі­рақ мен жастарға сенемін! Спортта жанкештілік міндетті түрде керек. Кім еңбегін, ар-намы­сын ойлап, соған ... Толығырақ оқу →

Елімізде мәдениет сарайлары көп болса…

Ақжол МЕЙІРБЕКОВ, ҚР еңбек сіңірген әртісі: – Аға, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамбліне қайта шақырғанда қалай қабылдадыңыз? Мәриям, медбике – Өзбекстанда институт бітіріп, «Дос-Мұқасанның» шақыруымен Алматыға көшіп келген едім. Сөйтіп, жетпісінші жылдардың аяғынан бастап, 1985 жылға дейін жеті жыл сол ұжымда жұмыс істедім. Одан кейін «Гүлдер» ансамблінің директоры болдым. «Сазген сазы», «Арқас» ансамблінде, Алматы облыстық фи­лар­мониясында ән салдым. Бірақ ешқа­шан «Дос-Мұқасанмен» байланысымыз үзілген жоқ. Тұрақты қызмет жаса­маға­ныммен, оқта-тек­те үлкен концерт­теріне қатысып, сах­наға бірге шығып тұратынбыз. Әрине, топтағы біраз жігіттердің бақилық болуы қасында бірге жүрген әріптес­тері үшін де ауыр қайғы. Аты ... Толығырақ оқу →

Әдемі көрінудің – өзі өнер

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, КСРО Халық әртісі – Әйел қауымы сіздің ажарыңызға қызыға қарайды. Қалай күтінеді деп білуге ынтық. Сырын білгіміз келеді… Нұрлыбол, зейнеткер – Ешқандай құпиясы жоқ. Біріншіден, жаратылыстың сыйы. Сонымен қатар, әр адамның ішкі жаны таза болу керек. Біреуге қиянат ойлап, менікі ғана дұрыс деу – қате. Екіншіден, әдемі болып көріну – өнер. Өнерге баулу арқылы ғана адам оны өз бойына дарыта алады. Әдемі болу үшін, бар болғаны, еріншектікке жол бермеу керек. Жасына қарамастан, әйел адам әдемі болып жүруі тиіс. Мен таңертең бетімді салқын және ыстық сумен шаямын. Сапалы кремдер ... Толығырақ оқу →

Жалғыздық құдайға ғана жарасқан

Гауһар ӘЛІМБЕКОВА, әнші, сазгер: – 8 Наурыз мерекесі жақындап қалды. Қандай сыйлықты жақсы көресіз және осы мерекеде ондай олжаны кімнен күтесіз? Толғанай, оқырман – Ең бастысы, көңiл ғой. Ілтипат білдіріп, iзгi ниетпен құттықтаса да жақсы. Жалпы, сыйлық алуға келгенде кесiрленiп қалатын әдетiм жоқ. Негізі гүл сыйлағанды жөн көрем. Анам үйдің ауласына әр жыл сайын неше түрлі гүлдер егіп қоятын. Соларды көрсетіп, мақтанатын. Сол кезде анама мен дайын гүлді алып үйренгенмін дейтінмін. Келе жатқан мерекеде ешкімнен де сыйлық күтпеймін. Не сыйласа да, риза боламын. Қандай сыйлық болсын, қанағат етемiн. – «Ақ ... Толығырақ оқу →

Жақсы қойылымдармен жастар жүрегін жаулаймыз

Ғани ҚҰЛЖАНОВ, актер, Астана қаласы Жастар театрының директоры – Жастар театрының ашылға­нына біраз жыл болды. Осы уа­қыт ішінде көрермендер көбейді ме? Жалпы қала мәдениеті, өнер­ге деген сұранысы артты ма? Көркем, есепші – Біз 2007 жылы «Шыңғыс хан» спектаклімен ашылдық. Ол кез­де театрымызда небәрі 12 әртіс болатын. Қазір қатарымыз кө­бейді. Осы уақыт аралығында өз көрер­мен­дерімізді қалыптастырып үлгердік. Кезінде біздің тұрғылықты жері­міз болмағандықтан, көрермен­деріміздің көбісі соңымыздан еріп жүрді. Қуанышбаев, Горький театрларының сахналарында, Конгресс-холл, Пирамидада өнер көрсеттік. Көшіп, қонып жүр­генде біраз көрермендерімізді жо­ғалт­тық. Қазір, құдайға шүкір, Оқу­шылар сарайының сахнасында өнер көрсетеміз. 500 адамдық ... Толығырақ оқу →

Әнде ұлттық сипат болу керек

Алтынбек   ҚОРАЗБАЕВ, ҚР Халық әртісі – Ассалаумағалейкүм, Алтынбек аға! Сізге қояр сұрағым: қазiр музыкант­тарға, сазгерлер немесе про­дюсерлерге ақша табу оңай болып кеткен жоқ па? Әнiн сатады немесе әнiн өңдеп бередi деген сияқ­ты… Бекзат МАХМЕТОВ – Уағалейкүмассалам! Жал­пы, мен өнердi сату дегендi түсiн­беймiн. Қазiр үкiметтiң жұмысымен бала-шағаңды асырай алмайсың. Сондықтан, жағдайы келмеген соң сатады. Айына түсiп жатқан бұрынғыдай қа­ламақы жоқ. – Әншілерге ән берген уақытта танымалды­лы­­ғына, талантына қарай­сыз ба? Шынарай СӨКЕНОВА – Әрине, қараймын. Кей­бір жақсы әншілерге арнайы ән жазып беремін. Әйтпесе, әніңді жет­кізіп айта алмайтындар болады. Орындауы көңіліңнен шықпай ... Толығырақ оқу →

ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕРГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫМ БАЛА КЕЗДЕН БАСТАЛҒАН

Ибрагим ЕСКЕНДІР, әнші – «Көк тудың желбірегені» әні сізді тапты ма? Әлде сіз әнді таптыңыз ба? Қысқаша тарихын айтып берсеңіз? Сымбат, студент Менің патриоттық әндерге деген қызығушылығым сонау бала кезден басталған болатын. Шамамен, 8-9 сыныптарда оқып жүрген шағымызда Бекболат Тілеухан ағамыздың «Елім менің» әнін естіп, өзімізді ұлт патриоты сезініп, делебеміз қозып, жарық дүниеге қазақ болып келгенімізді мақтан тұтып кететінбіз. Ауыл балалары рухани сезімдерге бай келеді ғой. Ауылы алыс қалған сол бір бала күндерден бастап ұлттың рухын биіктететін дүниелерге, мейлі, ән болсын, күй болсын, жақсы бір әңгіме болсын, жүрегімнің төрін бергенмін. ... Толығырақ оқу →

«Әншінің бағы – тыңдаушысының шынайы ықыласында»

Жаңабай ӨТЕГЕНОВ, әнші – Жаңабай, «Саз әлемі» бай­қауында жеңімпаз атанғаныңыз­ды естідік. Жүлдеңіз құтты болсын! Алған ақшаңызды қайда жұм­садыңыз? Самал, банк қызметкері – Рахмет! Жүлдеге алған миллион керемет көп ақша болмаса да, керегіме жарады. Ақшаны таза шығар­машылығыма жұм­садым. Жаңа ән­дер жаздырдым. – Байқаудағы ең мықты қарсы­лас деп кімді айтар едіңіз? Гүлжан, есепші – Байқауға барлығы 49 ән қа­тысты. Солардың жетеуі финалға өтті. Барлығы мықты әндер. Мен Қалқаман Сарин мен Медет Са­лықовтың «Аяла» атты әнін орындадым. Сайыстың жүл­десі «Заман» тобы мен Фарида Жол­дасоваға бұйыратын шы­ғар деп ойлағам. Бірақ, олай бол­мады. Көрер­­мендер­дің дауыс ... Толығырақ оқу →

Жүктелген жұмысты жауапкершілікпен атқарамын

Бахтияр АРТАЕВ, бокстан Афина олимпиадасының чемпионы – Сәлеметсіз бе? Қызметіңіз қайырлы болсын! Сіз басқа­ратын «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының басшысы міндетіне не кіреді? Жансая ӘЛІМБАЙ, сот орындаушысы – «Астана» кәсіби спорт клу­бының басшысы болу маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл – мен үшін үлкен құрмет әрі зор сенім. Сол сенімді ақтау үшін бойымдағы бар білім-тәжірибемді аямаймын. Негізгі міндетім – клуб қызметінің жұмысын жүргізіп, қадағалау. Мұнда спорттың бағытын жан-жақты түсінетін білікті, білімді азаматтар қызмет етеді. Барлығымыз бір кісідей жұмылып, нәтижелі іс тындырамыз деген ойдамын. Жұмысқа толығымен кіріскен кезде еңбегімізді бағалай жатарсыздар. Ең ... Толығырақ оқу →