-->

Оқырманнан он сұрақ

ПСИХОЛОГ МАМАННЫҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНГЕН ЖӨН

IMG_036601

        Клара ЕРЖАНОВА, «Астана қаласы әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы: ПСИХОЛОГ МАМАННЫҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНГЕН ЖӨН     – Есімім – Гүлсара. Ген­дерлік теңдік мәсе­лесіне қатысты пікіріңізді білсем деймін. Сіздіңше, әйелдердің билікке араласуы дұрыс па? – Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы деп ба­ғалаған. Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып отыр. Дегенмен, әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету қоғамымызда әлі де болса кездесіп қалып жатады. Осыған орай 2010 жылы елімізде тұңғыш рет «Тұр­мыс­тық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» арнайы ... Читать далее »

Мұрат ҚОЖА, әнші, “Каспий” тобының мүшесі: “Әр әншінің өз ерекшелігі болуы керек”

murlka

– Мұрат, «Каспийге» дейін «Нұрлан мен Мұрат» боп біраз дүрілдедіңіздер. Шыныңызды айтыңызшы, жаныңызға осы екеуінің қайсысы жақын? Көркем, оқырман – Екеуін бөліп жара алмаймын. Нұрлан екеуміздің жұптаса өнер көрсетуіміздің өзі – қаншама төккен тер, қаншама еңбек… Сондықтан, «Жоқ, ол – менің өткен өмірім» деп жылы жа­уып қойғым келмейді. Өз ортамызда «Нұрлан мен Мұратты» жиі еске аламыз. Кезінде біздің сахналық костюмдеріміздің өзі қандай болды! Оның үстіне, ол уақытта жас едік, бойдақ кезіміз дегендей… Ол кезең мен үшін тәтті естеліктерімен ыстық… Кейін белгілі бір жағдайларға байланысты Нұрлан екеуміз екі жаққа кеттік. Мен ... Читать далее »

«Дос-Мұқасанның» әнімен өскен құрдастарымызды жастығымен қайта табыстырдық

7

Мұрат ҚҰСАЙЫНОВ, әнші, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: – Бұйыртса, 10 тамыз күні алпыс бестің белесіне аяқ басасыз.Алыста қалған балалық шақ несімен тәтті, еске ала отырсаңыз… Зейнеп – Балалық шағым Жамбыл облысы Қордай ауданы Шарбақты ауылында өтті. Әкем Құсайын белгілі домбырашы болды. Бес жасымнан домбырамен достасуыма сол кісінің септігі тиді. Алдымен Шарбақты ауылының 7 жылдық мектебiнде оқып, оны үздiк бағамен бiтiрдiм. Кейін 1961-1965 жылдары Қордай ауданының Абай атындағы 11 жылдық мектебiн күмiс медальмен аяқтадым. Содан соң Алматы политехникалық институтына түстім. Математика, астрономия деген пәндерді жақсы көрдім. Бірақ өнерге деген құштарлық ... Читать далее »

«Менің қуанышым да, жетістігім де – жәдігерлер…»

4

Қырым АЛТЫНБЕКОВ, реставратор, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі: – Қырым аға, біздің елде рес­тавратор маман жоқтың қасы. Жастардың осы салаға қызығу­шы­лығының төмендігі неде деп ойлайсыз? Дархан – Көнені жаңғырту, қалпына келтіру дегеніміз – өте күрделі жұмыс. Ал, жерасты қорымдарынан табылған дүниені қалпына келтіру тіпті қиын. Реставратордың археология ғылымынан мол хабары болуы керек, химияны да жете білгені жөн. Тіпті, кем дегенде оншақты мамандықтан хабарың болмаса, жұмысың шала болады. Маған көптеген шәкірттер үйренемін деп іздеп келіп жатады, бірақ көбісі тұрақтамайды. Өйткені, қаншама ғасыр жер қойнауында бұзылуға айналып, езіліп, шіріп жатқан затты алғаш көргенде ... Читать далее »

Сахнаның құдіретіне, қасиетіне бас ию керек

duet_064-800x534 (1)

Нұрғали НҮСІПЖАНОВ, ҚР Халық әртісі:   – Өнердегі көп інілеріңіз сізді аға тұтады. Өзіңіз өнер жолына ден қойған жылдары кімдер қол ұшын беріп еді? Сәбира, мұғалім – Ол басқа заман. Соғыстан кейін­гі жылдар. Үшбу хаттар көп ке­ліп жататын. Үлкен кісілер көп бол­ды. Біз адамдардың ықыласы, пара­саты – ең бағалы қасиеті еке­нін сезініп өстік. Аллаға шүкір, жо­лым болды. Талай өнегелі жан­дардың қолына су құйып, қыз­мет еттік. Қанабек Байсейітов, Құр­манбек Жандарбеков, Кенен Әзір­баев аға­ларымыздың ақылын тыңдап өстім. Ол кісілерді пір тұттым. Ауылдың қаратабан балалары жоғары оқу орнын бітіріп шыққаннан кейін сол кісілердің ақыл-кеңесімен ... Читать далее »

Әрқашан дәстүрлі әндерді дәріптеймін

20

Жанар АЙЖАНОВА, әнші:   – Кейінгі кезде сахнадан ән айтқа­ныңызды көрмей жүрміз. Жеке шығар­машылығыңызда қандай жаңа­лықтар болып жатыр? Айжан, студент – Соңғы уақытта шығар­машы­лығымда жаңалықтар жетерлік. Өздеріңіз куә бол­ғандай, «Фобия» бағдарламасына қатыстым. Түрлі концерттерге қатысып, арнайы теле­бағдарлама жүргізіп жүрген жайым бар. – Өзім Астана қаласында тұра­мын. Сіз­дің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын. Бізге келіп, жеке шығармашылық кешіңізді қашан өткізесіз? Данияр, қала тұрғыны – Өткен жылы ғана Конгресс-Холда Астана филармониясы және «Сарыарқа» ан­самблімен бірлесе отырып эстрада, оркестр және домбыра жанрларын қамтыған керемет концерт өтті. Жыл сайын концерт беріп қадірімді кетіргім келмейді. – Болашақта ... Читать далее »

Нағыз талант өнердің құнын түсірмейді

Марат ОМАРОВ, композитор, ҚР еңбек сіңірген артисі: – «Анашым», «Алғашқы махаббат», «Қыз сыны» әндерімен елге танылып, жұртшылық қоше­метіне бөлендіңіз. Кейінгі кезде неге ән жазбай кеттіңіз? Дария, зейнеткер – 1998 жылы «Арман қала – Астана» деген ән шығардым. Содан Ас­та­­наға көшіп келдім. Әри­не, өз шы­ғар­ма­шы­лы­ғыммен шұғылданып, ән айтып қана жүре берем десем, ма­ған Алматының өзі жетер еді. Өйт­кені 25-30 жылғы өмірім осы қа­лада өтті. Деген­мен, мен өзгеге ұқса­май­тын жаңа дүние­лер жаса­ғым келді. Осы ойдың же­те­гінде жүр­генде Астанаға көш­тім. Мұнда маған көптеген жоғары лауазым­ды жұмыстар ұсы­нылды. Бірақ шығар­ма­шылық адамы мә­дениетке, өнерге еңбек ... Читать далее »

Өнерді өрге сүйрейтін еңбек – Құдайберген Бекішев, әнші, ҚР мәдениет қайраткері:

5

– Ел ішінде «Қазақ тілді әнші­лерді той асырайды» деген сөз бар. Сізді ше? Құпия болмаса, бір тойға қанша аласыз? Руслан – «Тек тоймен күн көреді» деу артық болар. Бармаймын демеймін, шақырса, қалмауға тырысамын. Дүрілдеген той жасалып, оған шетелден әншілерді шақыртып жатса, несі жақсы? Біз ғана емес, кезінде Ақан сері, Біржан, Саралар да тойдың көркін қыздырған. Ел болған соң той тойламай отырмайды. Қонақтарының көңілін көтер­гілері келеді. Сонан соң әртіс­терді шақырады. Тойдан тап­қан табысымды өнер жолына жұм­саймын. Қатып қалған баға жоқ. Кейде өздерінің жағдайын айтып жа­тады. Ол кезде әнімді тегін айтып берем. ... Читать далее »

Соғыстан кейінгі жылдар ерте есейтті

2

Нұржұман ЫҚТЫМБАЕВ, актер, ҚР Халық артисі: – Кино саласында жүрген ардагер ағаларымыздың бiрiсiз. Та­лай-талай кинотарландарымен дәмдес болдыңыз. Соның ішін­де Мәжит Бегалин, Наталья Орын­басарова, Никита Михалков бар. Сол кісілер туралы есте­лік айтып бе­рі­ңізші… Әсем, мұғалім – Шәкеннің, Сұлтанның, Мәжиттің фильмдері өз алдына үлкен шоқтық. Н.Жантөриннің сомда­ған образдары бізге әлі күнге дейін үлгі. Сондай-ақ, бұлардың арасында Мәже­кең­нің (Мәжит Бегалин – ред. ) атын ерекше атап өтер едім. Ол кісі соғыс­қа қатыс­­қан адам. «Мәншүк туралы жыр» филь­мін түсіру кезінде соғыс­тың қалай болғаны туралы айтып беретін. Кинокартинада Никита екеуміз бар­лау­шының рөлін­деміз. Ол кісі айтып ... Читать далее »

Бос уақытымды отбасыма арнаймын

2

Мұрат АХМАДИЕВ, ҚР Халық әртісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:  – Қазақстандағы ұлттардың бірлігі туралы не айтасыз? Жақсыбек, тұрақты оқырман – Әлбетте, Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім, бұл – ең алдымен, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың кемел саяса­тының жемісі. Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халықтары ассамблеясы да аталған үдерісте маңызды рөлге ие. Менің ойымша, қоғамды одан әрі ұйыта түсу үшін мемлекеттік тілді дамытуды насихаттауымыз керек. Өйткені, осы тіл біздің қоғамның дәнекеріне әрі ұлттық айшығымызға айналады. Мәселен, мен кенже ұлдарымды алдымен қазақ балабақшасына, одан соң, қазақ мектебіне бердім. Бүгінде, бұл мен үшін зор мақтаныш. – Бір ... Читать далее »