-->

Оқырманнан он сұрақ

Сұлушаш НҰРМАҒАМБЕТОВА: АСТАНАЛЫҚТАРҒА АРНАП КОНЦЕРТ БЕРЕМІН

DSC_2223

– Репертуарыңызда қазақпен қатар, қырғыз, қарақалпақ, орыс, түр­кімен халықтарының ән­дері бар. Басқа ұлттың әнін орындауға неге құмар болдыңыз? Динара – Кішкентай кезімде өте пысық болдым. Ташкенттен пошта арқылы Батыр, Луиза Закировтардың әнтабақтарын алдыртып, солардың әуендерін үйренетінмін. Болгарияның Лили Иванова деген эстрада жұлдызы болған. Соның әндерін орындағанды жақсы көретінмін. Оларды қан­ша­лықты, дұрыс айтып жат­қа­нымды, әрине, біл­мей­тінмін. Әйтеуір, әлгі әртіске өзімше еліктеп ыңылдап жүретінмін. Сөйтіп, сахнаға алып шықтым.   – Бүгінгі тіршілігіңіз жайында айтып берсеңіз… Шәкірттеріңіз бар ма? Мақсат – Бүгінгі өміріме көңілім толады. Өзімнің сүйікті ісіммен айналысып жүргенім үшін тағдырыма және ... Читать далее »

Әділ АХМЕТОВ, актер: РӨЛДIҢ ҮЛКЕН-КIШIСI БОЛМАЙДЫ

30601442f62eb3d9315e1b6fa0de3278

– Реңді жігітсіз. Бойжеткендер телефон шалып, жиі мазалайтын шығар? Самал, мұғалім  – Жиі хабарласады деп айта алмаймын. Анда-санда нөмірін жасырып, хабарласатындар болып қалады. Көбінесе әлеуметтік желілер арқылы лебіздерін білдіріп жатады. – Деніңізге саулық, еңбегіңізге табыс тілеймін. Актер ән айта да білу керек екен. Оның үстіне сіздің дауыс ырғағыңыз өте әдемі. Әнші болуға қалайсыз? Динара – Көп рахмет! Он бірінші сынып оқып жүргенімде гитарада ойнауды үйрендім. Оның үстіне Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына ән айтып түскем. Кейін оқу орнында керемет дауысы бар қыз-жігіттерді көріп, басылып қалған болатынбыз. Әрине, ән айтпайтын актер болмайды. ... Читать далее »

Өмірқұл АЙНИЯЗОВ: ӘНДЕРІМНІҢ ИІРІМДЕРІ ҚАЗАҚЫ ҚАЛПЫНДА

Омиркул

Өмірқұл АЙНИЯЗОВ, әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Сахналық киімдеріңіз өзіңізге өте жарасымды. Арнайы тіктіресіз бе? Іңкәр, дизайнер – Жылы лебізіңізге рахмет! Иә, киімді арнайы тіктіремін. Өйткені, әр әншінің өзіндік ерекшелігі болуы керек. Сондықтан Талдықорған қаласындағы «АР салон» шебер­ханасының ісмерлеріне тапсырыс беріп тұрамын. Халықтың алдына шығатын өнерпаздың киімі, сөзі, жүріс-тұрысы да ерекшеленіп тұрғаны жөн. Бұл – сахна мәдениеті, көрерменді сыйлау. – Дәстүрлі әншілердің көпшілігі халыққа тез танылу мақсатында эстрадалық бағытқа ауысып жатады. Сіз де сөйттіңіз бе? Айжан, оқырман – Өз басым дәстүрлі әндерді эстрадалық бағытқа салып орындасам, тыңдарманның көбейетінін түсіндім. ... Читать далее »

ТЕРІ ТАЗАЛЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

Жанар КСАНОВА

Жанар КСАНОВА, Астана қаласы дерматология және жыныс қатынасы ауруларын алдын ала емдеу орталығы директорының орынбасары        Салтанат: – Жолдасым денесін қаси береді. Әсіресе, кешке қарай қышуы күшейіп кетеді. Кімге қаралу қажет және бұл неден болуы мүмкін? – Егер теріде бөртпелер болса қышуының себептері: аллергия, зеңнің қабынуы және т.б. болуы мүмкін. Бұл нақты не екенін анықтау үшін сізге дерматолог дәрігерге қаралу қажет. Дәрігерге келгенде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз міндетті түрде болуы керек. Ал теріде өзгерістер болмаса тері бауыр бүйрек және өт шығару жолдарының сырқаты, эндокринді өзгерістер, психикалық бұзылыстар және ... Читать далее »

Жұпар ҒАБДУЛЛИНА: ӨНЕРДЕ ӨЗ ОРНЫҢ БОЛҒАНЫ ЖАҚСЫ

Жұпар ҒАБДУЛЛИНА, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

– Ресейдің Үлкен театрының сахнасына шығуды армандамаған әртіс жоқ болар. Жақында сол жаққа барып, мамандардың жоғары бағасын алып қайттыңыз. Қандай әсердесіз? Саяжан, өнертанушы – Иә, «Астана Опера» опера және балет театрының өнерпаздары Санкт-Петербордың Мария театрында өнер көрсетіп, шетелдік тәжірибелі мамандар тарапынан лайықты бағаға ие болды. Бұған өте қуаныштымын. Маэстро Валерий Гергиевтің дирижерлігімен шырқау – әр әншінің маңдайына бұйыра бермейтін бақыт. Бүгінгі таңда Қазақстанның опера өнері бүкіл әлемге аян. Қазір біздің әншілеріміз кез келген халықаралық ареналарда ел намысын лайықты деңгейде қорғай алады. Бұл – үлкен жетістік. Оған қоса, әлемдегі сұранысы өте ... Читать далее »

Лаки КЕСОГЛУ, Халық әртісі: ҚАЗАҚТАР МЕНI ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДI

лАКИИИИИИИИИИИИИИИИ

– Білуімізше, сіз Кавказ жерінде дүниеге келіпсіз. Балалық шағыңыз қалай өтті? Ләйлә, мұғалім – Иә, мен Грузияның Батуми қаласында туғанмын. Ұлтым – грек. Он жасыма дейін сонда тұрдық. 1949 жылы түрлі ұлт өкілдерін жер аудара бастады. Біз де Қазақстанға көшірілдік. Батумиде негізінен гректер қоныстанған көше бар-тын. Көше тұрғындары көшуге мәжбүр болатынын алдын ала білген сияқты, аяқ астынан ең керекті заттарын жинай бастады. Түнгі сағат 3-4 шамасында бізді көлікке мінгізіп, вокзалға апарды. Ұзақ жол жүріп, қазақ жеріне келдік. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы Темір стансасына түсірді. Келе салысымен жан-жаққа бөле ... Читать далее »

Қапаш ҚҰЛЫШЕВА, ҚР еңбек сіңірген әртісі: «ХАЛЫҚТЫҢ БАҒАСЫНАН АСҚАН АТАҚ ЖОҚ»

фотосессия2 003

– Жігерлі, батыл адам сияқтысыз. Оған қоса, әдемілігіңіз де бір басыңызға жетерлік. Кімге тартқансыз? Нұржан, жас маман – Мен атам мен әжемнің қолында өстім. Атам Құлыш – батыр болған, құралайды көзге атқан мерген еді. Тізесіне отырғызып алып, қисса-дастандар айтудан жалықпайтын. Ал, әкем – денелі, сұлу кісі, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 2003 жылы өмірден өтті. Сол кісілерге тартқан болуым керек. Ал, әдемілігім – бағым да, сорым да болды. Маған ғашық жігіттер көп еді. Алайда, ғашық болу, жігітпен дос­тасу сынды түсініктен ада-тұғынмын. Өйткені, әжемнің тәрбиесі сондай, ер бала сияқты өстім. Әрі мінезімде ... Читать далее »

«Бәйтерек» тобы: МЮЗИКЛ ӘНШІЛІГІМІЗ БЕН АКТЕРЛІГІМІЗДІ ЖАРАСТЫРЫП ЖІБЕРДІ

байтерек тобы

– Топтың он жылдық мерейтойы қарсаңында қойылған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мюзиклын тамашаладым. Классикалық туынды заманауи түрде ұсынылғаны ұнады. Басты рөлдерді  шынайы бейнелеп, көрермен жүрегіне жеткіздіңіздер деп ойлаймын. Бірақ, он жылдықта сағына күткен «Бәйтеректің» әндерін неге естімедік? Шығармашылық концерт қою ойларыңызда бар ма? Гүлжанат Оспанова, қала тұрғыны. «Бәйтерек» тобы: – Ең алдымен, Гүлжанат, сізге рахмет! Халық ұнады деп бағасын беріп жатса, біз мұны өнеріміздің жетістігі  деп есептейміз.  «Мюзиклдан соң, әндеріңіз жоқ қой» деп, әнімізді де сұрап жатты. Мюзиклда шырқаған әндеріміз біздің репертуарға кірді. Сонымен қатар, үшінші күйтабақты және екі бейнебаян жазу ... Читать далее »

Шұғыла САПАРҒАЛИҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері: ҚАЗАҚТЫҢ БИI – БОЙТҰМАРЫМ

шугула 2 (2)

– Ұлтымыздың нағыз би өнерінің құдіретін барша дүние жүзіне таныттыңыз. Қазақ биін шетелде қалай қабылдайды? Ғазиза, ЕҰУ студенті – Өте жақсы. Қазақ биінің өзіне тән ерекшелігіне тамсанып, құрметтейді. Бірақ қазақтың би өнеріне өзгелер қызыға қарағанымен, өзіміз мән бере алмай жатамыз. Қазақ биі үшін жаны күйіп, шыр-пыр болып жүргендер санаулы-ақ. Сенесіз бе, Қазақстанда қазақ биін билейтін, оны үйрететін мамандар тапшы. Биші көп. Бірақ қазақтың шынайы, өзіндік биін билейтіндер аз.   – Сіздің сахнаға алып шыққан «Бөртенің биі» мен «Патша құс» биіне таңданбай,  тамсанбай қарау мүмкін емес. Сондай-ақ, кеселермен де билейтін едіңіз. ... Читать далее »

ЕЛІМНІҢ ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСЫ ЕРЕКШЕ ҚАНАТ БІТІРДІ

алимжано

      Нұрлан ӘЛІМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ЕЛІМНІҢ ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСЫ ЕРЕКШЕ ҚАНАТ БІТІРДІ    – Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері және «Нұр Отан­ның» «Жас тұлпар» сыйлығын алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Елбасының кинодағы бей­несін сомдадыңыз. Осы рөлден кейін өміріңіз қаншалықты өзгерді? Сара, зейнеткер – Үлкен рахмет. Мен сол баяғы Нұрланмын. Ең бірінші, өнерімді бағалаған халқыма үлкен рахмет айтқым келеді. Мерейімді тасытып марапаттаған ел ағаларына мың алғыс. Қазақ елінің ыстық ықыласы, Елбасының сенімі маған ерекше қанат бітірді. Бұл құрмет үлкен жауапкершілік жүктейді.   – Елбасы киноны көргеннен кейін сізге не деді? ... Читать далее »