-->

Оқырманнан он сұрақ

Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН: «Дайдидау» дауысымның бар мүмкіндігін көрсетеді

Газетіміздің «Оқырманнан он сұрақ» атты тұрақты айдарының бұл жолғы қонағы – дарынды әнші, шетелдерде қазақ әнінің құдыретін танытып жүрген дауысы ерекше өнерпаз Димаш Құдайберген. Жастығына қарамастан бірнеше республикалық және халықаралық фестивальдерде топ жарған әнші қазір Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып жүр. Күні кеше ғана Франция­дан оралған әншіге жолығып, оқырмандарымыз жолдаған сұрақтарды қойған едік.  Риза Әлмұханова: – Димаш, әлі жассың, бағыңды ашқан «Славян базары» байқауы болды. Жұлдызың жана берсін, тілекшіміз. Қояр сауалым: ер азамат ретінде, әнші ретінде неден сақтанасың? – Пейіліңізге рақмет! Халық алдында жиі көрінетіндіктен өзімді әрқашанда дұрыс ұстауға ... Толығырақ оқу →

ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ: БАЛАМНЫҢ БОКСШЫ БОЛҒАНЫН ҚАЛАМАЙМЫН

«Астана ақшамы» газетінің дәстүрлі «Оқырманнан он сұрақ» айдарының бұл жолғы қонағы – Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов. Алтын жүлдесімен ел абыройын асырған жеңімпаз оқырмандарымыздың жолдаған он сауалына жауабын берді. Мақсат Патсабаев, мұғалім: – Олимпиада шыңын бағындырдыңыз. Ендігі мақсатыңыз қандай? Токиоға барасыз ба? Әлде кәсіпқой боксқа ауысасыз ба? – Ол туралы әлi ойланған жоқпын. Жақсылап демалып алып, содан соң көремiн.   Гүлмира, медбике: – Өзіңіз боксшылар әулетінде тәрбиелендіңіз. Жеңісіңізге әкеңіздің үлкен еңбегі сіңгенін әрдайым айтып жүресіз. Ағаңыз да бокста бірталай белесті бағындырды. Осы дәстүрді жалғастырып, болашақта сіз де ұлыңызды боксшы етіп ... Толығырақ оқу →

Нұржан КЕРМЕНБАЕВ: Бас киімдерден жеке коллекциям бар

Дәстүрлі айдарымыздың бүгінгі қонағы – отандық эстрада әншісі Нұржан Керменбаев. Ел арасында «Қара бала» атанып кеткен өнерлі жігіттің сахнада жүргеніне биыл 10 жыл толды. Осынау мерейлі уақиғаға орай кейіпкеріміз газет оқырмандарының сауалдарына жауап беріп, шығармашылық жоспарларымен бөліскен еді. – Нұржан аға, өнер жолына қалай келгеніңіз туралы әңгімелеп беріңізші. Жамбыл МҰСТАФА, оқушы – Негізі, әу демейтін қазақ жоқ қой. Әкем де, анам да, туыс аға-әпкелерім де өнерден құралақан емес. Солардың тәрбиесі ме екен, бала кезімде той-томалақтарға бара қалсам, ортаға шығып, ән салғанды жақсы көретінмін. «Біздің ұл ән айтады. Қане, Нұржан!» деп ... Толығырақ оқу →

Қадірлі оқырман!

«Оқырманнан – он сұрақ» айдарының кезекті қонағы – эстрада әншісі Нұржан Керменбаев. Көкейіңізде жүрген сауалыңыз болса, ертең, 3 тамызда сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін мына телефонға хабарласыңыздар: 8 (7172) 70-32-17 Сауал – сізден, Жауап – бізден. Толығырақ оқу →

Төреғали ТӨРЕӘЛІ, эстрада әншісі: АЙТЫС МЕНІ, МЕН АЙТЫСТЫ ТАСТАҒАНЫМ ЖОҚ

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің Астана күніне орай өткізетін шығармашылық кешін көпшілік асыға күтіп жүр. «Қазақ қызға үйленем» деп аталатын концерт 8 шілдеде Конгресс-холда ұйымдастырылады. Осынау іс-шара алдында эстрада жұлдызымен кездесіп, оқырмандарымыз жолдаған он сауалды назарына ұсынған едік. – Бірнеше күннен кейін бас қалада концерт бермекшісіз. Онда көрермендерді нендей нәрселермен қуантпақсыз? Рауан ҚАЛИМОЛДА, мұғалім – Алла қаласа, әсем Астанамыздың туған күні қарсаңында жеке ән кешімді берудің сәті түскелі отыр. Ондағы мақсатым – мағынасыз концерт қойып, қаражат табу емес. Жиналған жұртшылық құлақ құрышын қандырар әдемі әннен ләззат алып, бір демалып қайтса екен ... Толығырақ оқу →

Мөлдір Әуелбекова, эстрада әншісі: АСТАНАДА АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ

Айрықша даусы мен биязы қазақылығының арқасында көпшіліктің көзайымына айналған Мөлдір Әуелбекова дәстүрлі айдарымыздың бүгінгі қонағы болып отыр. «Астана ақшамы» газетінің редакциясы мен сайтына келіп түскен хат иелерінің біразы әнші қызға арнаған сауалдарын жолдапты. – Отбасылық жағдайы­ңызға байланысты жаңа жылда Астанаға көшіп келдіңіз. Жақында «Астана» атты жаңа әніңіз жарыққа шықты. Бас қаланың қандай ерекшеліктері сізді қуантуда? Жамбыл ОТАРБАЙ, студент – Иә, тұрмыс құрғалы бері елорданың тұрғыны атандым. Жасыратыны жоқ, оған дейін бұл жақты суық шаһар ретінде елестететінмін. Менің ойымда Астана деген сөз тек сондай сипаттамамен ғана байланысатын. Бірақ мұндағы мәдениет пен ... Толығырақ оқу →

РЕЙТИНГ ҚУҒАН САЙТТАРДАН ШАРШАДЫМ

Дәстүрлі айдарымыздың бүгінгі қонағы – эстрада әншісі, «Муз ТВ» телеарнасының арнайы сыйлығы – «Қазақстанның үздік жыл әртісі» аталымының жеңімпазы Қайрат Нұртас. – КВН-де «Қайрат республиканың картасында жоқ ауылдардың өзіне барған» деген әзіл жиі айтылады. Айтыңызшы, осыған дейін шамамен қанша жерде концерт бердіңіз? Және арасында ең есіңізде қалған концерт қайсы? Жәния СҮГІРБЕК, оқушы – Шынымды айтсам, нақты санамаппын. Он жыл ішінде қанша аймақты араладық. Сахна таңдамадық. Мәдениет үйі жоқ ауылдардағы мектептің спорт залында ән айттық. Ол кездегі аппаратуралар да қазіргідей дамымаған. Микрофондар тек сыммен жұмыс істейді. Бір ауылға концерт бердік, микрофон ... Толығырақ оқу →

Нұркен ӨТЕУІЛОВ: АКТЕРГЕ ЖАНКЕШТІЛІК КЕРЕК

«Оқырманнан – он сұрақ»  айдарының  бүгінгі кейіпкері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Қуанышбаев атындағы  Мемлекеттік  академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері, «Бәйтерек» тобының әншісі  Нұркен ӨТЕУІЛОВ. – Ұлдарыңыз Бекарыс та, Ақарыс та – өздеріңізге тартқан өнерлі өрендер. Жақында «Мауглидің» қазақшасын көріп, дубляжына тәнті болдым. Ақарыс басты кейіпкерді шынайы дыбыстап, Мауглиді қазақтар түсіргендей әсер қалдырды. Балаларыңызды сахнаға өзіңіз жетелеп жүрсіз бе? Жұлдыз, мұғалім – Жанында жүрген анық дүниені байқамай жататын кездер болады. «Сырт көз – сыншы» дейді, таныстарымыз ұлдарымызды талантты деп жататын. Бекарыс пен Ақарыстың бойындағы өнерге: дауыстың әдемілігіне, құймақұлақ – «абсолютный ... Толығырақ оқу →

ҚАЗАҒЫМНЫҢ ТУЫН КӨТЕРСЕМ ДЕП ТАЛПЫНДЫМ    

Газетіміздің дәстүрлі «Оқырманнан – он сұрақ» айдарының бұл жолғы қонағы Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған дзюдошы Елдос Сметов болды.     Елдос Сметов – 1992 жылы туған, дзюдошы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионы (2010), халықаралық Гран-при турнирлерінің екі дүркін жеңімпазы, Азия ойындарының жеңімпазы (2014), әлем чемпионы (2015). – Елдос аға, әлем чемпионы болғаныңыз құтты болсын! Сіз күресті қашан және қайда бастадыңыз? Менің де дзюдошы болғым келеді… Данияр Омаров, мектеп оқушысы, Астана қаласы. – Талабыңа нұр жаусын! Мен күрес залына ... Толығырақ оқу →

ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНҒЫМ КЕЛЕДІ

«Оқырманнан – он сұрақ» айдарының бүгінгі қонағы шахматтан жасөспірімдер арасында үш дүркін әлем чемпионы, Азия мен әлемнің үш дүркін вице чемпионы, түрлі халықаралық байқаулардың жеңімпазы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер Динара СӘДУАҚАСОВА.       – Динара, шахматтағы тамаша жеңістеріңізбен құттықтаймын! Сізге көп рахмет! Осы күнге дейінгі жетістіктеріңізді тағы бір айтып берсеңіз. Самал, медбике –2014 жыл мен үшін табысты жыл болды. Үш дүркін әлем чемпионы атандым.Норвегияда өткен  Әлемдік шахмат олимпиадасында  11 ұпайдың 8,5-ін жинап, үздік нәтиже көрсеттім. Халықаралық турнирлерде жеткен жеңістерім, Олимпиадада көрсеткен нәтижем, Әлем чемпионатында алған  алтын медалімнің арқасында ЭЛО ... Толығырақ оқу →