Нұрлы жол

ЕЛ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДА

Елорда әкімі Әсет Исекешев Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған Астана туралы үздік материалдарға жарияланған шығармашылық байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.   Ел жүрегіне баланған елордамыздың тыныс-тіршілігін, бас қаламыздың даму динамикасын шығармашылығына арқау еткен журналистердің еңбегі бағаланған байқау қорытындысында «Баспасөздегі мақала» аталымы бойынша «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Зарина Нокрабекова бас жүлдені қанжығасына байлады. Екінші жүлделі орынды «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Гүлмира Аймағанбет иеленді. Үздік үштікті «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Ғалым Омарханов түйіндеді. Сондай-ақ, электронды ақпарат құралдарының бірнеше қызметкерлері жүлдегерлер қатарынан көрінді. Барлық жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлық табысталды. Ғалым Қожабеков

Ары қарай оқу

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Астанада үкіметтік емес ұйымдар өкілдері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылады. Заңды тұлғалар бірлестігінің кеңейтілген отырысында Елбасы мақаласының маңызы жөнінде мәнді ойлар айтылды. Мәселен, «Астананың КЕҰ ФОРУМЫ» ЗТБ президенті Баян Ахметжанова Мемлекет басшысының мақаласы қоғамға қозғау салғанын айтты. Өйткені бүгінде аталған мақаланы зиялы қауым өкілдерінен бастап жастарға дейін қолдап отыр. Ал «Жайна Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Еркетаев жастардың тәрбиесіне ерекше мән беру керек екенін ескертті. Себебі қазіргі таңда жастардың арман-тілегі мүлде басқа болып отыр. – Біздің еліміздің ең басты мақсаты дамыған 30 елдің …

Ары қарай оқу

ЖОЛДАР КЕҢЕЙІП, КӨПІРЛЕР КӨБЕЙЕДІ

Астанада жыл сайын жолдар жөнделіп, көшелер тегістелетінін жұртшылық жақсы біледі. Енді бас шаһар «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін алаңға инженерлік-көліктік инфрақұрылымды тартуға көбірек көңіл бөлмек. 2008 жылдан бері 22,8 шақырым жол салынып, алдында салынуы жоспарланған 14 жолайрықтың, көпірдің және өткелдердің 9-ы пайдалануға берілген. КӨЛІК КЕПТЕЛІСІ АЗАЯДЫ Енді 35 шақырымды құрайтын кіші айналма жолдың құрылысы жалғасып жатыр. Сондай-ақ, жаңа теміржол вокзалы мен «Абу-Даби Плаза» кешенін, жаһандық көрмеге қатысты өзге де ірі нысандарды тиісті желілермен қамтамасыз ету – басты мақсат. Бұл туралы кеше ұйымдастырылған бас­пасөз мәслихатында Астана қаласы Автомобиль жолдары басқармасының басшысы …

Ары қарай оқу

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

«Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдар­ла­масын жүзеге асыру мақсатында ҚР Ұлттық қоры­нан бөлінген қаражат қайда жұмсалуда? Үкімет ақшасын мақсатты пайдалану мәселесін қозғаған Астана қаласы мәсли­хатының депутаттары мен «Нұр Отан» партиясының мүшелері рейдке шығып, мемлекеттік несие алған кәсіпорындарды аралады. Комиссия өкілдері әуелі «Нұр-Саба» ЖШС-не табан тіреді. 2008 жылдан бері ағаш және металл бұйымдары өндірісімен айналысатын компания үш жыл бұрын керекті құрылғыларды сатып алып, кәсіпорын ғимаратын жөндеуден өткізу үшін 24 миллион теңге көлемінде несие алған. Аталмыш компания директоры Қайрат Исимбековтың айтуынша, бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған «Бизнестің жол картасы …

Ары қарай оқу