-->

Мәслихат

Алтыншы шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттары мен Астана қаласы тұрғындарының назарына!

1111

2016 жылдың 29 қарашасында сағат 10.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220-кабинет) алтыншы шақыры­лым­дағы Астана қалалық мәслихатының ке­зектен тыс сессиясы шақырылады. Сессияның қарауына мына мә­селелер енгізіледі: 1. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Астана қаласының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 2. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін және онда орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу туралы. 3. Астана қаласының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимыл жөнінде ведомс­твоаралық комиссиясының құрамы туралы. 4. Астана қаласы әкімдігінің жанын­дағы мал шаруашылығы сала­сындағы мәселелер жөніндегі ... Читать далее »

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ БАЙЫПТАЛДЫ

byudzhet-schet-bezformata-ru_

Астана қалалық мәслихатының Экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында 2017-2019 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасы талқыланды. Экономика және бюд­жеттік жоспарлау басқар­масы басшысының орынбасары Гүлнар Жүсіпова Сәулет және қала құрылысы, Кәсіпкерлік және өнер­кәсіп басқармасы, Инвес­ти­циялар және даму басқармасы және Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының алдағы үш жылдық бюджеттерінің жобасына талдау жасады. Баяндамашы алдағы жылдары да шағын және орта биз­нестің өркендеуіне ерекше назар аударылатынын айтты. Осыған байланысты түрлі әкімшілік кедергілерді қысқартып, төлемге қабілетті сұраныс жасап, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша тікелей қаржылай қолдау көрсетілетін болады. Егер болжау сандарға ... Читать далее »

АСТАНАДАҒЫ КЕЙБІР КӨШЕЛЕРГЕ ЖАҢА АТАУЛАР БЕРІЛДІ

ae22fe19b9bf7f3590d066d97b0dd878

Бүгін Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Онда елорданың жекелеген көшелеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау туралы мәселесі қаралды. Астана тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық Ономастика комиссиясының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі №1 шешімінің негізінде Астана қаласының әкімдігінің қаулысы және Астана қаласының мәслихатының шешімімен: Төмендегі көшелерге: Астана қаласының Алматы ауданы бойынша: жобалық атауы 23-17 көше – Хусейн бен Талал көшесі; жобалық атауы 23-31 көше – Кенен Әзірбаев көшесі; жобалық атауы А 19 көше – Темірбек Жүргенов көшесі; Астана қаласының Есіл ауданы бойынша: жобалық атауы 210 көше – Нияз ... Читать далее »

ТҰТЫНУШЫҒА – ТҰРАҚТЫ БАҒА

azyq-tulik

Елорда мәслихатының депутаттары қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін және азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру шараларын талқылады.  Кеңесте азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып жатқан шаралар жайында Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Гүлмира Ермолдина баяндады. Оның айтуынша, қаладағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында көршілес өңірлермен бірқатар мемо- рандумдар жасалған. «Бүгінде сауда-экономикалық байланысымыз тұрақты түрде жолға қойылған Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан секілді бірнеше облыспен арнайы келісімдер жасалды. Бұл өңірдің шаруалары қаламыздағы сауда нысандарына өнімдерін еш делдалсыз өндірушілер бағасымен жеткізіп берудіқолға алып жатыр. Оларға өз кезегінде қажетті жер учаскесі және өндірістік инфрақұрылымды ресімдеу секілді көмектер көрсетіледі. Мәселен, жаз айының соңында Алматы және Қызылорда ... Читать далее »

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

img_0590

«Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдар­ла­масын жүзеге асыру мақсатында ҚР Ұлттық қоры­нан бөлінген қаражат қайда жұмсалуда? Үкімет ақшасын мақсатты пайдалану мәселесін қозғаған Астана қаласы мәсли­хатының депутаттары мен «Нұр Отан» партиясының мүшелері рейдке шығып, мемлекеттік несие алған кәсіпорындарды аралады. Комиссия өкілдері әуелі «Нұр-Саба» ЖШС-не табан тіреді. 2008 жылдан бері ағаш және металл бұйымдары өндірісімен айналысатын компания үш жыл бұрын керекті құрылғыларды сатып алып, кәсіпорын ғимаратын жөндеуден өткізу үшін 24 миллион теңге көлемінде несие алған. Аталмыш компания директоры Қайрат Исимбековтың айтуынша, бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған «Бизнестің жол картасы ... Читать далее »

ЕЛОРДАНЫҢ ЕҢСЕЛІ ЖОБАЛАРЫ

ERM_6933

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындап берген Ұлт жоспарын орындауға бағытталған «100 нақты қадамның» бірінде еліміздегі өндіріске инновациялар енгізу жөнінде айтылған. Жақында астаналық мәслихаттың депутаттары «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан өндірістік орындарды аралап көрді. Елордалық депутаттардың көшпелі тобы осы аймақтағы жаңа кәсіпорындардың жұмысымен танысты.  Алдымен депутаттар «Казахстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-нің бронды дөңгелекті машиналарды құрастыратын зауытына ат басын тіреді. Зауыт өткен жылдың соңында «Казахстан инжиниринг» ұлттық холдингі және «Paramaunt Group» оңтүстік африкалық компаниямен бірлесіп ашылған. Өндіріс жұмысымен танысқан депуттарға зауыттың дайын өнімі көрсетілді. Көрсе­тілген машиналарда 4 қорғаныс класы бар, ... Читать далее »

Сайлаушылар мүддесін қолдау – міндетіміз

Шайдаров Мажит Зейнуллович

Астана қаласы мәслихаты құрамындағы 25 депу­таттың бірі ретінде, қолданыстағы заңнамалар шең­берінде елорданы дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерін талқылап шешу негізгі міндетіміз екенін айтқым келеді.  Сондай-ақ, тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізіп, оларды мазалап жүрген сауалдардың шешімін табуға атсалысамыз. Сайлау окру­гымдағы ПИК басшыларымен байланыс бұл жұмысты жеңілдетеді. Ауланы абаттандыру, көшелерді көгалдандыру, балалар мен спорт алаңдарын жасау, ескі үйлерді сыру мәселесі мен сол үйлердің иелерінің құқықтарын қорғау сияқты мәселелер өз кезегімен шешіліп жатады. Тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдарды қарап, оны тиісті атқарушы органдарға жіберіп, оның орындалуын ... Читать далее »

Ерлан Сыдықов, Астана қаласы мәслихатының депутаты: Бас қалада білім алу – бір бақыт

Ерлан

Астана еліміздің бас қаласы болғандықтан жастар көп тоғысатын шаһарға айналып отыр. Бас қалаға білім алуға, сонымен қатар, жұмыс істеуге келетін жастардың қатары жыл санап арта түсуде. Сондай жастардың басын қосқан оқу ордаларының бірі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық универ­ситеті. Біз бүгін осы оқу орнының ректоры, Астана қаласы мәсли­хатының депутаты Ерлан Сыдықов мырзаны әңгімеге тартқан едік. – Елбасының бастамасымен ашылған Еуразия Ұлт­тық университеті елордамыз­дағы ең үлкен оқу ордасы саналады. Мұнда қанша студент білім алады? – Бүгінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде 17 мың студент оқып жатыр. Еліміздің бас қаласында білім алып жатқан ... Читать далее »

Көлік тұрақтары ақылы болады

kbb_2790

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Сансызбай Есіловтың төрағалығымен өткен жиында қала мәслихатының бірқатар шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы ұсыныстарды қарады. Кеңес отырысы барысында коммуналдық ақылы көлік тұрақтары орналасатын орындарды анықтау, оның тарифтерін бекіту және қала көшелерінің ақылы телімдерін  анықтау  туралы мәселелердің шешімі қызу талқыланды. Елордалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменовтың айтуынша, қала бойынша тиісті талдау жүргізілгеннен кейін ақы төлеп, көлік қоюға болатын 259 учаске анықталған. Айта кету керек, көрсетілген жол телімдерінің ешқайсысы тұрғын үйлердің аумағында орналаспаған. Басқарма ұсынып отырған ... Читать далее »

Алтыншы шақырылым қалалық мәслихат депутаттары мен Астана қаласы тұрғындарының назарына!

2016 жылдың 24 маусымында сағат 10.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220-кабинет) алтыншы шақырылымдағы Астана қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы шақырылады. Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі: 1. Елордада индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы. 2. Астана қаласы Ішкі істер департамен­тінің жергілікті полиция қызметі басшы­сының есебі. 3. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы. 4. Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі «Астана қаласының жекелеген санаттағы ... Читать далее »