-->

Мәдениет

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНЫ

7777

Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Қытайда өткен «Мен әншімін» байқауында екінші орын алып, аты әлемге жайылған Димаш Құдайбергеннің құрметіне «Әлем таныған Димаш» атты мерекелік мағынаға толы кеш өтті. Қазақты танытқан Димаш елге оралды. Оны ұшақтан Мәдениет және спорт министрі Арыс­танбек Мұхамедиұлы бастаған азаматтар мен жақын туыстары, достары құшаққа алды. Мерекелік кешке төрт ай бойы көрші елде болған байқауға құлақтарын түріп, шынайы тілегімен қолдаған дарынды өнерпаздың жанкүйерлері көп жиналды. Ат шаптырым ғимараттың ішінде ине шаншар орын болмады. Алдымен сөзді Арыстанбек Мұхамедиұлы алып, Димашты кішкентайынан бауырына басып, мәпелеп өсірген атасы мен әжесін ... Читать далее »

АЛАШТАНУШЫ АКАДЕМИК АРДАҚТАЛДЫ

6667

Астанадағы Ұлттық академиялық кітап­ханада Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығына арналған «Кеңес Нұрпейісұлының Алаш тарихына қосқан үлесі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Әділ Ахметов, Болат Көмеков, Ғарифолла Есім, Камал Бұрханов, Бүркітбай Аяған, Шерубай Құрманбайұлы секілді елге танымал ғалымдар қатысты.  Талантты тұлғаның отандық тарих ғылымындағы орны ерекше. Ол ұзақ жылдар бойы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Тарих жөне этнология инс­титутында қызмет істеді. Қатардағы кіші ғылыми қызметкерден академикке дейінгі жолдан өтті. Әсіресе, ғибратты ғалымның Алаш қозғалысы тарихы жөнінде жазған еңбектерін даралап айтуға болады. ХХ ғасырдың басындағы халқымыз бастан кешкен оқиғаларға жаңаша ... Читать далее »

ҚАРАТАУМЕН СЫРЛАСҚАН ҚАЛАМГЕР

676

Таяуда қарымды қаламгер алпыс­тың асқарына көтерілді. Қадірлі Шерхан Мұртаза ағамыз «Алпысты талтүс» деп айтқан екен. Саналы өмірінің талтүсіне ентікпей жеткен прозашының табысы мол, қанжығасы қомақты. Халқымыздың өткен ғасырда бастан кешкен қапалы жылдарын «Оянған ұрпақ», «Ұмытылған ұрпақ», «Күлкі мен көз жасы» аталған үш романға сыйғызып, көз алдымызға әкелген суреткердің туындылары туралы түн асырып сөйлеуге болады. Ғылымға да құлаш сермеп, Сұлтанбек Қожанұлы, Нәзір Төреқұлұлы секілді ардақтыларымызды зерттеді. Драматургиясы да – бір төбе. «Сүю серті», «Абақты – ғұмыр», «Ай астындағы алтын шаһар», «Мұңмен алысқан адам» секілді көптеген пьесалары ел театрларында сахналанды. Әдеби кеште ... Читать далее »

ЖАЙЫҚТЫҢ ЖЫР МАРЖАНЫ

768768

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі ақын Маржан Ершудың «Мен тас едім, су түбінен қозғалдым» атты жыр кеші  өтті. «Ақындық – Алланың сыйы» деп айтыпты бір данышпан. Расында, Маржанның бойында теңіздей буыр­қанып жатқан ақындықтың бұла күші бар. Ол бізге әкесінен дарыған секілді көрінді. Өйткені өткен ғасырдың алпысыншы жылдардың соңында Аманқос ағамыз: «Ақ бұлттар, ала бұлттар, қара бұлттар, Қарасаң, аспанда да алалық бар. Біреуде жас та болса, даналық бар, Біреуде қарт та болса, шалалық бар» деп басталатын өлеңімен поэзия есігін еркін аттаған еді. Дарынды ақын ... Читать далее »

ЕКІ КЕНЕН ТУМАЙДЫ…

24324324

Елордадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында Астана әкімдігінің ұйымдас­тыруымен сал-серілердің соңғы сарқыты, халық ақыны, дүлдүл әнші Кенен Әзірбаевтің шығармашылығына арналған «Мен сүйемін xалқымды» атты кеш болды. «Екі Кенен тумайды, Алатауға ексең де» деп қазақтың жазиралы даласын жырға қосқан атамыздың аты мәңгілік ел жадында қалды. Жасынан Жетісудың жүйрігі атанып, Жамбыл бабамызбен қатар жүріп, халқымыздың ғажайып ақындық-жыр­шылық өнерін кейінгі ұрпаққа саф күйінде жеткізген бірегей тұлға болды. Ол кісі өзі өмір сүрген дәуірдің кең панорамасын ақ қағазға мөлдіретіп түсірді. Ғасырға жуық ғұмырында жұртымыз бастан кешкен зобалаңның арасында жүрді. Солардың бәрін дастанға айналдырып, кейінгіге керемет ... Читать далее »

АҚ ПЕН ҚАРА ТАЙТАЛАСЫ

1231321

«Қазақстан» орталық концерт залында «Astana Musical» театрының  әртістері «Ертөстік» ертегісінің желісімен жасалған мюзиклді көрермендерге ұсынды. Бала күнімізде «Ер Төстік» ертегісін құмартып оқыдық. Сол секілді батыр болып, бауырларымызды зұлымдық иесінен қорғағымыз келді. Сол қиялмен ержетіп, арман сапарына аттандық. Тамаша мюзиклді көріп отырып, соның бәрі көз алдыма келді. Ертегідегі кейіпкерлерді бейнелеген әртіс­тердің шеберлігі шынайы өрілді. Бәрі де қойылымды заманауи бимен әрлеп, табиғи дауыста ән шырқады. Жаңа шығарманың астарынан адам бойындағы асыл қасиеттерді насихаттаған терең ойды түсіндік. Сол арқылы режиссер соны ізденіске барып, ізгілік пен зұлымдықтың, жақсылық пен жамандықтың тайталасын табаққа қойған астай ... Читать далее »

МИЛЛИАРДТАР ЖАРҚЫРАТҚАН БРИЛЛИАНТ

32342342

Тарихтан там-тұмдасақ, кезінде Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп, қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды.  1927 жылы Мәскеу консерватория­сында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. Әміре Қашаубаев әндерінің дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері – Ромен Роллан, Анри Барбюс, тағы басқалар тарапынан жоғары баға алғаны белгілі. Осындай ұлы жолды жалғастырып, жас болса да жарқ етіп көрінген Димашты қазақ ұзақ күтті. Дәл қазір қазақ қана емес, әлем халқы арзан, жеңіл дүниелерден мезі болғандай еді. Өзінің әсем дауысын, тума талантын, ерекше ... Читать далее »

ДИМАШТЫ ҚОЛДАДЫ

34

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елордадағы Қазақ ұлттық өнер университеті «Мен әншімін» конкурсының шешуші бәсекесіне қатысып жатқан Димаш Құдайбергенді қолдап, флешмоб өткізді. Оған аталған оқу ордасының оқытушылары мен студенттері қатысты. иылғы қаңтарда басталған Қытай еліндегі «Мен әншімін» байқауының соңғы мәресі де жақындады. Сол конкурстың жұлдызына айналған Димаш Құдайберген бауырымыз барлық кезеңнен сәтті өтіп, енді финалда бақ сынамақ. «Баласы бәйгеге шапса, атасы үйде отырып тақымын қысатын» халықтың ұрпағымыз. Барлық қазақ Димашқа жанкүйер болып отыр. Жас дарынға қолдау білдіруге көптеген жастар жиналды. Олар қолдарына «Димаш, алға!» деген жазуы бар плакаттар ұстап, ... Читать далее »

ТАБИҒАТ ТАМЫРШЫСЫ

7687687687

Елордадағы Оқушылар сарайының «Астана Арт Лайн» галереясында Мәдениет саласының үздігі,  Қазақстан суретшілер және Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері Шыныбай Пірімбаевтың «Шабыт» атты  жеке көрмесі өтті Қаламы жорға қаламгер Бауыржан Омарұлының «Қаратерең вальсі» аталған эссесінде мынадай жолдар бар: «Мықты суретшілер шықты біздің Қаратереңнен. Бірінен-бірі өтеді. Ал осы ауылдың топырағын борпылдатып басып өскен тағы бір дарынды суретші тіпті алысқа шапты. Ол – Шыныбай Пірімбаев. Мәскеудегі талайдың қолы жете бермейтін В.Суриков атындағы көркемсурет академиясын бітіріп, айды аспанға бір-ақ шығарды» деп туған жерінің абыройын асырған азамат туралы тамсанып айтады. Міне, осындай Аралдың ... Читать далее »

ҰЛЫ ОПЕРАЛЫҚ АРИЯЛАР

897090

Бүгін елордадағы «Астана Опера» сахнасында әлемдік опера жауһарлары тыңдармандарға ұсынылады. Концерт бағдарламасында ­П.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі», Дж.Вердидің «Риголетто», Дж.Пуччинидің «Богема», К.Сен-Санстың «Самсон мен Далила», Ш.Гуноның «Фауст», Ж.Бизенің «Кармен», Р.Леонкаваллоның «Сайқымазақтар», Дж.Вердидің «Бал-мас­карад» және басқа опералардан әйгілі ариялар мен көрініс көрсетеді.«Бағдарламаға енгізілген ария­­ларды, негізінен, оркестр­дің сүйемелдеуімен тыңдауға болады. Менің алдымда күрделі әрі жауапты міндет осы туындыларды оркестрмен орындау тұр» дейді концерт авторы Жанар Ахметова. Режиссер Наталья Кагадий әсерге толы кешті театрландырылған қойылымдармен көркемдеп, тосын ойлар қосқан. – Маған тенорға арнап жазылған әйгілі шығармаларды орындау бақыты бұйырды. Біз Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй», «Богема» операларынан ... Читать далее »