-->

Көңілашар

Бас қалада Астана туралы шетелдік фотосуретшінің көрмесі ашылды

kbb_8568

Кеше Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Бейбітшілік және келісім сарайында фотограф Жан-Франсуа Розьенің «Гипер Астана» атты фотокөр­месін салта­натты жағдайда ашты. 12 ақпанға дейін жалғасатын көрмеге елорданың ажарын ашып тұрған көрікті ғимараттары­ның автордың қиялымен көркемделген отыздан астам фотосуреті қойылды. Гиперфотосурет жанры­ның негізін қалаушы Жан-Франсуа Розье был­тырғы мамыр айында Аста­наға келіп, елорданың сәулетіне тамсанып, Қазақ­станның астанасы туралы жоба жасауды ұйғарды. Елорданы армансыз аралап, 80 мыңдай кадр түсірді. Бұл туралы өзі: «Астана кө­шелерінде әр қа­дам басқан сайын осы жер­де батыс және шығыс мә­де­ниетінің тоғысып тұр­ға­нын байқадым. Мені бұл жерде тамаша қарсы алды, ... Читать далее »

«Астана Опера» театрында «Қыз Жібек» операсының тұсаукесері өтеді

c

Серпінді, мәнерлі, ең бастысы, операның барлық қағидасына сай әуенді келген Е. Брусиловскийдің «ҚызЖібек» спектаклін «АстанаОпера»ұсынады. Тұсаукесер 10 және 11 ақпанда өтеді. Отандық классикалық өнердің тарихында Симфониялық оркестрмен бірге операда алғаш рет қазақтың ұлттық аспаптары қолданылады. Қоюшы режиссер – Беларусь Үлкен театры мен Самаралық опералық театрдың бас режиссері Михаил Панджавидзе (Ресей), жаңа музыкалық редакцияның авторы, қоюшы дирижер – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Қазақтың тұңғыш операсы – Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібегі» 1934 жылы қойылған. Либреттосын аса көрнекті халық жазушысы Бұл Жағалбайлы мен Шекті руларынан шыққан қос ғашық – айбынды жауынгер ... Читать далее »

ЖҰЛДЫЗДАР ЖАРҚЫРАЙТЫН ТҮН

salut

Елорда әкімдігі Жаңа жылда шаһар тұрғындары үшін керемет мерекелік бағдарлама әзірледі. Сағат 21.00-ден 03.00-ге дейін «Хан Шатыр» СОО мұз қалашығында 2017 жылды қарсы алуға ниетті астаналықтар қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоу-бағдарлама мен концертті тамашалайды. Сіздер үшін Айқын Төлепберген, Әли Оқапов, Маржан Арапбаева, ағайынды  Жүгінісовтер,  «Орда» тобы, «Дабыл» тобы және т.б. әртістер өнер көрсетеді. Еліміздегі бас шыршаның жанында ашылған мұз қалашығына келушілер қызықты кешке куә болады. Дәстүрге айналған мерекелік отшашу елорданың үш ауданында, атап айтқанда, «Хан Шатыр» СОО мен Есіл өзенінің жағалауында, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен А.Пушкин көшесінің қиылысындағы гүлзарда ... Читать далее »

Астанада Kazakhstan Kids Fashion Show-2016 атты балалар сән көрсетілімі өтті

kazakhstan-kids-fashion-show2016

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Kazakhstan Kids Fashion Show-2016» атты балалар сән көрсетілімі отандық дизайнерлердің туындыларын паш етті.  «Kazakhstan Kids Fashion Show-2016» жобасы осымен төртінші мәрте Махаббат Есен мен Жұлдыз Сейсенбекованың ұйымдастыруымен өтті. 4-16 жас аралығындағы қатысушылар балаларға арнаулы тігілген топтамалармен сән шеруіне шықты. Көрсетілім шымылдығын «Асыл-дизайн» сән үйінің жетекшісі Айдархан Қалиевтің коллекция­сы ашты. Сән әлемінде 25 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан дизайнердің киімдері қазақылыққа тұнып тұр. Көрсетілімнің өзі де қазақы нақышта, халық және эстрада әндерінің сүйемелдеуімен өтті. Екінші болып дизайнер Әнел Райым өзінің «KaroMeli» атты сән топтамасын таныстырды. ... Читать далее »

БАЛАЛАРДЫҢ СӘН КӨРСЕТІЛІМІН БАҒАЛАҢЫЗ

5

Тура бір аптадан кейін, 19 қараша күні Тәуелсіздік сарайында «Kazakhstan Kids Fashion Show-2016» атты балалар сән көрсетілімі өтеді. Жоба неден бастау алды? Оған дайындық қалай өтуде? Сұрақтардың түйінін төмендегіше тарқатып көруге тырыстық. ТӨРТ ЖАСЫНАН ТАЛПЫНЫП ЖҮР – Бұл жобаны біз 2014 жылдан бастап қолға алдық. Алғашқыда киім дүкендерімен жұмыс жасадық. Сол уақытта «Балаларды қайдан киіндіреміз?» деген мәселе алдымыздан шықты. Себебі балаларға арналған сән топтамалары жоқтың қасы болатын. Ал бүгінде Айдархан Қалиев, Майя Жұманбекова, Динара Чакарова, Зарина Акшулакова сынды майталмандар және Samidel, ILATI, Vesta, Glasman, KaroMeli, LOGOVO сән үйлері балаларға арнап ... Читать далее »

АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

kbb_1478

Кеше Астанадағы «Көрме» орталығында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Eurasian Book Fair-2016» атты Еуразия халықаралық кітап көрмесі салтанатты жағдайда ашылды. Оған Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. – Биыл еліміз үшін тарихи белес – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы. Бұл кезең Қазақстан тарихы үшін дәуірлік оқиғалармен өлшенетін бейбітшілік пен келісімнің шежіресіне айналды. Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық белесі аса жауапты тарихи міндетті орындау кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Биылғы жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес институционалды реформаны жүзеге асырудың практикалық кезеңі басталды. Оның түпкілікті арман-мұраты ортақ, яғни болашағы біртұтас ұлт құру екенін атап өтуіміз керек. ... Читать далее »

ӨМІРГЕ ҒАШЫҚ ӨНЕРПАЗДАР

"Сәт" тобы

7 қазан күні Бейбітшілік және келісім сара­йында «Сәт» тобының «Өмірге ғашықпын» атты концерті өтеді. Кеш сағат 19.30-да басталады. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған композитор Садық Қынаттың «Көнеміз ғой» әнімен тұсауы кесілген топ­тың өнерге аяқ басқа­нына биыл 8 жыл толды. Содан бері бір­неше бай­қауға қа­тысып, жүл­­де­гер­лер­дің қа­та­ры­нан көріну­де. «Сәт» алғаш­қы жүл­десін Ас­та­­нада өткен рес­­пуб­лика­лық бай­­­­қауда алды. Бұ­дан соң Санкт-Пе­тербург қаласын­дағы «Кастальский ключ» халықаралық бай­қау­да үздік атанып, мүмкіндігі шек­теулі жандарға ар­налған «Самғау» ұлт­тық қоғамдық сыйлығына лайық деп танылған. Бастапқыда Азат, Тұрар, Сапарбай атты тағдырлары Шымкент қаласындағы зағиптарға арналған «Үміт» мектеп-интернатында тоғысқан ... Читать далее »

КӨШЕГЕ КӨРІК БЕРЕТІН STREET DANCE

көше21

Елорда тойына орай 5-6 шілде күндері қала әкім­дігі­нің алдындағы Орта­лық алаңда әлемнің үздік бишілері жиналады. Өнерпаздар жеті жыл қатары­­нан өткізіліп жүрген «International Street Dance Session in Astana 2016» атты халықаралық би фестивалінде сайысқа түспекші. Дәстүрлі шараның ұйымдастыру­шысы – Астана қаласының әкімдігі мен «United 4» продюсерлік орта­лығы. Конкурсанттар хип-хоп, поппинг, дэнсхол, вакинг, крамп және хаус секілді әртүрлі стильде өнер көрсетпекші. Әр жанр бойынша қатысқандардың профессионалдық деңгейіне қарай жеке-жеке аталымдар да қарастырылған. Бишілердің өнеріне әлемге танымал хореографтар төрелік етпек. Атап айтқанда, француз хип-хоп және хаус-бишісі Yugson, америкалық хореограф Adé Willis, төрткүл дүниеге ... Читать далее »

ЖАНКҮЙЕРЛІК ЖАСҚА ҚАРАМАЙДЫ

3

Елордада өзге­лерге ұқса­майтын ерекше әже тұрады. Бұл кісі басқа зейнеткерлер секілді күні-түні шәлі тоқымайды, топырлатып мысық та асырамайды. Жетпіс бес жастағы Людмила Куфонинаның хоббиі – спорт. Қария елу үш жылдан бері «Астана» футбол клубының тұрақты жанкүйері атанған.  Омбы қаласында дүниеге келген кейіпкеріміз 1957 жылы 10-сыныпқа өткен кезде-ақ жергілікті футбол және хоккей ойындарына бара бас­тапты. «Дәрігерлер маған спортпен шұғылдануға тыйым салған. Соғыстағы ашаршылықтан соң денсаулығым жарамайды. Тым құрығанда, спортшыларға рухани қолдау білдіру үшін ойынға қатысқым келетін. Команда мүшелері де мені әбден танып алған. Бір күні хоккей тамашалап отырғанмын. Қырық градустық аяз ... Читать далее »

ТҮСІНЕ ҚАРАЙ ПАЙДАСЫ

Тағамның түсі оның құрамдық қасиеттерінен хабар береді. Жеміс-жидек пен көкөністерді сатып аларда бояу ерекшелігіне көңіл бөліп, пайдасын біле жүрген абзал.  Қызыл түсті жеміс-жидек пен көкөністер ликопиндер – антиок­сидантқа бай болғандықтан, теріні ультракүлгін сәулелерден қорғап, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупін төмендетеді және қатерлі ісіктің алдын алады. Қызғылт-сары, сары түсті жеміс-жидек пен көкөністер – иммундық жүйенің айнымас көмекшісі. Құрамындағы каротеноид адам ағзасында А дәруменін бөледі. Ал, қатаң диета ұстамай-ақ артық салмақтан арылғыңыз келсе, жасыл түсті тағамдарды таңдаған жөн. Олардың калориясы аз әрі ішті тазартуға бейім келеді. Жасыл жеміс-жидек, көкөністер канцерогенді жойып, сүйек ... Читать далее »