-->

Қоғам

ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЕРЕН ЖОЛ

Астана қалалық Жастар саясаты басқармасы мен Астана жастары мекемесі бірігіп «Еңбек жолы» атты флешмоб ұйымдастырды. Оған медицина қызметкерлері мен қала жастарынан құралған 30 адам қатысты. «Еңбек жолы» байқауында бақ сынап, «Үздік жастар тәлімгері» атанған Альфия Есмұханова бүгінде №5 қалалық емхананың әлеуметтік қызметкері. « Еңбек күніне орай ұйымдастырылған шараның басты мақсаты еңбек күнін мерекелеумен байланысты өткізілді. «Еңбек жолы конкурсы – жастарды еңбекті қадірлеуге тәрибелейді. Осы арқылы ең үздік еңбек әулеттері мен кәсіпорын жұмысшыларын анықтайды, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттайды. Мен де өз кезегімде осы байқау­ға қатысып, бағымды сынап көрдім. Жүлдегерлер қатарынан табылдым. Енді ... Толығырақ оқу →

ЖАРНАМА НЕГЕ ҚАЗАҚША ЖАЗЫЛМАЙДЫ?

Елордалық Тілдерді дамыту басқармасы «Көрнекі ақпарат – насихат құралы» тақырыбында іс-тәжірибелік семинар ұйымдас­тырды. Оған қалалық мемлекеттік сәулет және құрылыс бақылау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының өкілдері, сауда орталықтары мен жарнама агенттіктерінің директорлары қатысты. Шара барысында сыртқы және ішкі жарнаманы сауда нысандарында орналастыруға байланысты сөз болды. Жарнамаға тапсырыс берушілер мен орындаушыларға Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларындағы талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ, сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінде кездесетін қателердің алдын алу мәселелері талқыланды. Жиында алдымен сөз алған белгілі қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы мемлекеттік тілдің мәртебесі жайында кеңірек парасатты ой өрбітті. – Бүгін өте бір ... Толығырақ оқу →

ТУРИЗМ: ІРКІЛІССІЗ ІЛГЕРІЛЕУ

Елбасының Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамында Елордамыз Астананы Еуразияның іскерлік, мәдени және ғылыми орталығына айналдыру жайында баса айтылған еді. Іргесі қаланғаннан ел назарын өзіне аударған Елордада өтіп жатқан ірі саяси, мәдени-спорттық оқиғалар легі тек қана іскерлік бағытындағы емес, жалпы туризм саласына жаңаша серпін беруде. Ал төрткүл дүние көз тігіп, жүзден астам мемлекеттің туын Сарыарқада желбіреткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі жаңа астананың туристік әлеуетін көрсетті, жаңа серпін берді. Көрме басталғалы елордаға 1,9 млн адам келіпті. Оның ішіндегі ел-жер көре келген саяхатшылардың саны шамамен 1,2 млн. ... Толығырақ оқу →

ОРНЫНДА БАР ОҢАЛАР

Халқымыздың басынан түрлі зобалаңдар өтті. Кешегі өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы қуғын-сүргін талай арыстарымызды жалмады. Олардың жалынды жастық шақтары, білімді өнер қайраты тасқа шапқан қылыштай майырылды. Бұл ауыртпалық біздің әкелерімізді айналып өтпеді. Менің ата-анам Ақмолада тұратын. Әкемнің домбыра шертіп, өлең айтатын, ептеген суырып салма ақындығы болатын. Бірде ауылдас замандасы Қасқабас деген досы кешке үйіне қонаққа шақырады. Дастархан басында үй иесі әкеме өлең айт деп қолқа салады. Әкем халық әндерін шырқап береді. Ол болса «Кейкі батырдан айтыңызшы» деп өзеуреп қоймапты. Батырдың соңғы салауатының 2-3 ауызын айтып, ұмытыппын деп жалтарса да, ана бір ... Толығырақ оқу →

КӨЛІК КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕГІ

Астанада көлік кешенін дамытуда бірқатар жобалар қолға алынды. Нәтижесі де жаман емес. Көптеген тың жаңалықтарды білдік. Оны бізге Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов айтып берді.   КЕПТЕЛІСТІ ҚАЛАЙ КЕПТЕЛІСТІ ҚАЛАЙ ШЕКТЕЙМІЗ? Бүгінде Астана халқы миллионға жетіп, мегаполиске айналды.  Көліктің саны да өсіп, кептеліс пайда болды. Сол тығырықтан шығу  үшін елорда әкімдігі бірқатар жобаны қолға алды.  Қазіргі таңда қаладағы  көліктік жүйені тиімді басқару үшін Интеллектуалдық көлік жүйесі (ITS) құрылған.  Оның мақсаты – көліктік кептелісті азайтып, реттемелі бағдаршам объектілеріндегі қозғалысты оңтайландыру. Сонымен бірге иін тірескен көлік торабын жеңілдетудің тағы бір жолы – «ЭКСПО-2017» ... Толығырақ оқу →

БАҒДАРЛАМАҒА АБАЙ БОЛСАҚ…

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме аясында Астанада аптасына екі облыс­тан мәдени күндерін өткізуде. Сол арқылы өңір басшыларының мәдениет пен өнерді, спортты қолдау жайы, өнерпаздардың ізденіс деңгейі білініп қалып жатыр. Өз басым Алматы және Атырау облыстарының күндеріне көңілім толды. Бұл аймақтардың мәдени бағдарламасы ауқымдылығымен есте қалды. Ал осы күндері өтіп жатқан Шығыс Қазақстан облысының күндері «әттеген-ай» дегізіп тұр. «Шырайлы Шымкент», «Шұғылалы Шығыс» деген сөз тіркестері құлағымыз­ға әбден сіңісті болды. Бірақ осы жолы «Нұршығыс» деген тосын тіркесті «Фейсбуктен» көріп, талайымыз қайран қалдық. Өткен жексенбіде «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде Шығыс Қазақстан облысы өнерпаздарының концерті өтті. ... Толығырақ оқу →

ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚША АШУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Осы аптада Астана қаласының Оқу­шылар сарайында «Кәсіпкерлердің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мектепке дейінгі ұйымды ашу бастамасына құқықтық және консультативтік қолдау» тақырыбында ашық есік күні өтеді. Шара барысында мектепке дейінгі мекемені ашуға ниет білдірген кәсіпкерлерге оны ашудың тәртібі, мектепке дейінгі мекемені ашуға байланысты заңнамамен белгіленген талаптар және оның ашылғаннан кейінгі жұмыс барысы, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы қажетті ақпарат ұсынылады.Іс-шара Астана қаласы әкімдігі қолдауымен өтеді. Толығырақ оқу →

АСТАНА ОНОМАСТИКАСЫНДАҒЫ АЛАШ МӘСЕЛЕСІ

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан: «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш-Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау» депті. Осы жердегі Қараөткел – Ақмола өңірінің байырғы жер атауы, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның астанасы, бас қаласы. Алаш көсемінің осыдан 100 жыл бұрын айтқан сөзі еліміз егемендігін алған уақытта жүзеге асты. Расында, Астанада түрлі университеттер салынып, зәулім ғимараттар бой көтеріп, қазақтың Әлиханы айтқан Шоқан, Абай, Ахмет, ... Толығырақ оқу →

CЕКЕН ТҰРЫСБЕК: КҮЙ ТӘҢІРДІҢ КҮБІРІ БОЛСА,ӘН – ПЕРІШТЕНІҢ КҮРСІНІСІ

Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық кезеңінде үшінші жаңғыруға аяқ бастық. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы арқылы саяси реформалар мен экономикалық жаңғыруды толықтырып қана қоймай, оның өзегіне айналатын бағдарламаны ұсынды. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – дамуымыздың ең басты қағидасы екенін нақты атап көрсетті. Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайтынын анық айтты. Елбасымыз айтқандай, салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Осы аталған салаларды өрге сүйреп жүрген қадау-қадау тұлғаларымыз бар. Солардың бірі – ҚР еңбек сіңірген әртісі Секен ТҰРЫСБЕК. ... Толығырақ оқу →

АСТАНАДА 8 МЫҢНАН АСТАМ МАМАН ТАПШЫ

Жақында «Жастар» сарайында Халықты жұмыспен қамту орталығы кезекті бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары, құрылыс фирмалары, қонақ үй, автопарк, ішкі істер органы секілді 60-қа жуық жұмыс беруші 1000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Осыдан бұрын алты рет өткізілген жәрмеңке қорытындысы бойынша, 500-ге жуық адам жұмыспен қамтылды. Ал жыл соңына дейін тағы екі бос орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарланды. Сондай-ақ, бүгінде «СZ Astana» мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы іске қосылды. Енді жұмыс берушілер бос орындар туралы мәліметті, ал жұмыс іздегендер – өз түйіндемесін қалдыра алады. Жәрмеңкеге жұмыс іздеп биыл ... Толығырақ оқу →